кариокинез(ядроның) және цитокинез(цитоплазманың бөлінуі). Кариокинездің екі типі бар: митоз және мейоз. Ядроның бөлінуінен соң бірден жасушаның бөлінуі жүретіндіктен де бұл үдерісті тек жасушаның бөлінуі деп қана қарастырады.
Негізгі бөлім
1) Митоздық (пролиферациялық) цикл- жасушаның бөлінуге даярлануы, бөлінуі кезеңдерінде жасушаның құрылысы мен қызметінің және генетикалық материалдың құрылымдарының қайта түзелуі сатылы түрде өтетін, бір бірімен тығыз байланыста жүретін үдерістердің жиынтығы. Бұл цикл келесі кезеңдерден тұрады: а) митоз – М; б) постмитоздық (пресинтездік) кезең – G1; в) синте здік кезең – S; г) постсинте здік (премитоздық) кезең – G2. Митоздық цикл кезеңдерінің сызбасы, сурет 1: 1. Постмито здық кезең (пресинтездік) кезең G1: - жасуша құрылымдарының қайта түзілуі, жасушаның өсуі және ДНҚ репликациясына дайындық; - митохондрияларда АТФ синтезделеді және жасушаға жинақталады; - цитоплазмада ДНҚ-полимераза ферменті және барлық төрт азоттық негіздер (аденин, гуанин, тимин, цитозин),синтезделіп кариоплазмаға өтеді; - РНҚ барлық түрлері мен ақуыздар синтезделеді және ядроға жинақталады, көлемі ұлғаяды; - екі центриольдер репликацияланады (екі диплосомалар түзіледі); - жасушада хромосомалар жиынтығы (2п) және ДНҚ мөлшері - диплоидты (2с). 2. Синте здік кезеңS: - ядрода комплементарлы ұстаным бойынша ДНҚ (өздігінен еселену) редупликациясы жүреді; -ДНҚ еселенуімен қатар цитоплазмда параллельді түрде рибосомаларда ерекше гистонды ақуыздар синтезделеді де ядроға өтіп ДНҚ-мен байланысады; К езеңнің соңына қарай хроматид саны мен ондағы ДНҚ мөлшері тетраплоидты болады (2п, 4с).3. Постсинте здік кезең G2: - жасуша бөлінуге даярланады; - жасушаның митоздық бөліну үдерісіне қажетті құрылымдар қалыптасып, арнайы ақуыздар синтезделеді. Жасушаның генетикалық материалы, хромосомалардың қосарланған жиынтығындағы әрбір (гомологты) хромосомалар жұбында 4 ДНҚ молекуласы – (2n4с) болады. Постсинтездік кезеңі G2аяқталысымен жасуша митозға түседі. 2) Митоз анықтамасы және фазалары. Сипаттамасы. Амитоз, эндомитоз, политения . Митоз (греч. mitos — жіп) — ядро мен цитоплазманың күрделі морфологиялық өзгерісімен жүретін тікелей емес бөліну түрі. Митоз кезінде хроматидтердің бір-бірінен ажырауы және екі жас жасушалар арасында генетикалық материалдың теңдей бөлінуі жүретін ядроның бөліну үдерісі. Сондай бөліну нәтижесінде пайда болған жасушалардағы хромосомалар жиынтығының саны мен сапасы бастапқы жасушамен бірдей болады. Митоз ретімен ауысып отыратын төрт фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза, телофаза (сурет.2). Профаза- хромосомалар ширатылып, жуандап, қысқарады. Әрбір хромосома хроматидтер деп аталатын екі жіпшеден тұрады. Хроматидтер бір нүктеде центромерамен байланысып тұрады. Ядрошыктар жойылып, ядро қабығы еріп кетеді. Цитоплазмада да ядродағы өзгерістерге ұқсас үдерістер жүреді: эндоплазмалық тор және Гольджи аппараты да көпіршіктерге (везикулалар) өтеді. Жасуша орталығы центриольдер жасушаның полюстеріне ажырап, олардың микротүтікшелерінен ахроматин жіпшелері пайда болып, бөліну ұршығы қалыптасады. Метафаза– толық конденсацияланған хромосомалар экватор жазықтығында орналасады (метафазалық пластинка). Бөліну ұршығының микротүтікшелері хромосомалардың кинетохораларымен байланысады. Кинетохорлар - анафаза кезінде хромосомалардың ажырауын қамтамасыз ететін, центромераның бетінде түзілетін ақуыздар. Анафаза- әр хромосомадағы хроматидтер толық ажырап, екі жақ полюске қарай бағытталып бөліну ұршығының жіпшелерімен полюстерге тартыла бастайды. Полюстерге жеткенде екі бірдей толық хромосомалар жиынтығын құрайды. Телофаза – бөліну ұршығы жойылады. Әрбір бөлінген хроматидтер яғни жас хромосомалар топтары ядро қабықшасымен қоршалады, мембрана пайда болады. Хромосомалар деспиральданады. Ядрошықтар қайта түзіледі. Жасушаның бөліну үрдісінің соңына қарай, хромосомалар жас жасушаларға бөлініп, әрбір жасушада бастапқы жасушаның генетикалық ақпаратына сай ядроның қайта қалыптасуынан бастап жасушалар арасында цитоплазманың бөлінуі – цитокинезжүреді. Жасушада митоздың басталуы мен митоздың аяқталуында ерекше айырмашылық бар. G2 кезеңіндежасушадағы бастапқы хромосомалар жұп хроматидтерден, ал түзілген жаңа хромосомалар тек генетикалық материалдың бір ғана көшірмесінен тұрады. Бұл көшірмелер жаңа жасушалар жасушалық циклдың S кезеңіне өткенге дейін еселенбейді. Митоз үдерісі жасушалардың бөлінуінде генетикалық материалдың қалыпты еселенуімен дұрыс бөлінуін қамтамасыз ететін үдеріс. Митоздық циклда хромосомалардың құрылысының өзгеруіне байланысты, бір түрден екінші түрге оңай өтетін, митоздық және интерфазалық хромосомалар түрлерін ажыратады. нтерфазалық хромосомалар деспиральданған күйде болады. Эукариот жасушаларындағы хромосомалардың жекеленген фрагменттерінің спиральдану дәрежесі әртүрлі болады, ядро хроматиндерінің жиынтығы біршама босаңсыған жіпше және түйнектелген түрде болады. Кариотипті анықтау үшін митоз кезінде жинақталған, конденсацияланған (метафазалық хромосома) хромосомалар белгілі бір пішінге ие болады, оларды осы сатыда зерттеу біршама жеңілдік тудырады. Митоздың маңызы: 1. Жасушадағы генетикалық тұрақтылықты (хромосомалар санының тұрақтылығын ); 2. Митоз нәтижесінде жасуша саны көбейіп ағзаның өсуін; 3. Жасушаның орнын толықтыру митоз арқылы іске асады және регенерацияны; 4. Ағзаның кариотипін (метафазада) анықтауды; 5. Жыныссыз көбеюді қамтамасыз етеді. Жасуша пролиферациясының реттелу мен бақылану механизмдерінің бұзылуы патологиялық ауытқуларға әкеледі.2) Мейоздық бөліну екі кезеңнен өтеді — мейоз I (редукциялық бөліну) және мейоз II (эквациялық бөліну). Әрбір мейоздық бөліну 4 фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза және телофаза. Бірінші мейоздың профазасы 5 сатыдан тұратын күрделі үдеріс: лептотена, зиготена, пахитена, диплотена и диакинез. Лептотена, жіңішке жіпшелер сатысы.Хроматиндік жіпшелер ширатылады, жуандайды, қысқарады, микроскоптан көріне бастайды. Генетикалық материалдың мөлшері 2n 4с. Зиготе на, жіпшелердің беттесу сатысы.Морфологиялық және генетикалық тұрғыдан ұқсас гомологты хромосомалар жұбы бірігеді, беттеседі. Беттесу үдерісі (конъюгации) барысында биваленттер, немесе тетрадалар түзіледі. Биваленттер саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына тең болады. Генетикалық материалдың мөлшері 2n 4с. Пахитена, жуандаған жіпшелер сатысы. Хромосомалардың ширатылуы жалғаса береді, гомологты хромосомаларда синхронды өтеді. Екі хроматидті хромосомалар айқын көрінеді, қосақталған гомологтық хромосомалар жұптары айқасып, сәйкес бөліктерімен алмасады, кроссинговер жүреді. Мейоз кезінде өтетін кроссинговер нәтижесінен гендердің алғашқы рекомбинациясы жүреді.Диплотена –хроматидтер ажырай бастайды, бірақ әліде кроссинговерге немесе хиазмге ұшыраған бөліктері байланыс сақтайды. Бірінші реттік овоциттердің хромосомалары овуляция үдерісі басталғанша осы күйін сақтайды. Диакинез .Хроматидтердің ширатылуының нәтижесінен хромосомалар жуандап, қысқарады,ядро қабықшасы толығымен жойылады. Хромосома ұштарындағы хиазмдарда ажырай бастайды. Хроматидтерде хиазмдар болмайды. Генетикалық материалдың мөлшері сақталады. (2n 4с). Профаза соңында ядрошық және ядро қабығы еріп, хромосомалар цитоплазмаға шығады және жасушаның экватор жазықтығына қарай жылжиды. Пахитена және диплотена сатысында өтетін транскрипцияның белсенділігі жыныс жасушаларының дамуының, әсіресе ооциттердің өсу сатысынада айқын байқалады. Бұл кезде ұрықтың дамуының ерте сатысына қажетті ақуыздар белсенді синтезделіп жинақталады. Дипл отена сатысында өсіп жатқан ооциттарда хромосомалар «лампалық щетка» түріне ие болады. Хромосомалардың белгілі бір бөліктері де жұп ілмектер түзеді. Ілмектер хроматиннің активті деконденсацияланған бөліктері, сол жерде м РНҚ көп мөлшерде синтезделіп жинақталады. Содан кейін метафаза І, анафаза І, телофаза І, цитокинез І жүреді. Мейоздың бұл сатылары митоздың фазасына ұқсас. Негізгі ерекшелігі: пайда болған жаңа жасушаларға жеке хроматидтер ажырамайды, орнына жұп кроссоверлі центомерлерімен байланыста болатын хроматидтер ажырайды. Бірінші мейоздың нәтижесінде хоромосоамалырының гаплоидты жиынтығы бар екі жас жасуша түзіледі, әр хромосома екі хромотидтен тұрады (n2c). Бірінші мейоздық бөлінуден кейін интерфаза II (интеркинез)бірден басталып өте қысқа уақытта өтіп кетеді. Бұл кезеңде ДНК-ның екі еселенуі (хроматидтердің еселенуі) жүрмейді. Мейоз І кейін м ейоз II (эквациялық бөліну) жүреді. Бұл бөліну митозға ұқсас өтеді, бірақ бөлінуге хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар жасуша түседі.Бұл бөліну үдерісінде екі хроматидтен тұратын аналық жасуша хромосомалары жас жеке хроматидтерге ажырайды. Екі мейоздық бөлінудің нәтижесінде хромосомалардың диплоидты жиынтығы бар бір жасушадан гаплоидты жиынтықты жасушалар пайда болады. Мейоз сонымен қатар гаметаларда жүретін кроссинговердің нәтижесінен және гомологты хромосомалардың кездейсоқ ажырауынан генетикалық материалдың рекомбинациясының пайда болуына, яғни мейоз (және ұрықтану) кезінде ата-ананың аллельдерінің кездейсоқ қайта топтасуы Мендель заңдылығына сай генетикалық өзгергіштіктің пайда болуына және генетикалық пропорцияның ықтималдық теориясын пайдалануына мүмкіндік береді. Мейоздың маңызы:- гаметогенездің негізгі кезеңі; - жынысты көбеюде генетикалық ақпараттың бір ағзадан екінші ағзаға берілуін қамтамасыз етеді; - бастапқы жасушамен жаңа түзілген жасушалар генетикалық тұрғыдан бірдей емес. - хромосомалардың бөлінбеуі немесе дұрыс ажырамауы хромосомалық аурулардың пайда болуына әкеледі. 3) Митоз және мейоздың медициналық маңызы. Митоздық белсенділіктің реттелуі гендік, жасушалық және ұлпалық деңгейлерде зерттеу жасушалық циклдың бақылау механизмін, қартаюдың, физиологиялық регенерацияның, клондаудың және ісік ауруларының пайда болу механизмдерін түсінуге, оларды реттеу және емдеу үшін тиімді әдістер табуға мүмкіндік береді. Жасушалық циклдің реттелу заңдылықтарын білу, бұл нәтижелерді қатерлі ісіктерді анықтауда және жараның жазылуын тездететін препараттар және қатерлі ісіктерді емдеудің әдістерін табуға мүмкіндік береді. Тіршілікті қамтамасыз ететін тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі көбею болып табылады. Көбею процесінде генетикалық материал ата-анасынан келесі ұрпаққа беріледі. Көбеюдің негізгі екі жолы ажыратылады: жыныстық және жыныссыз. Жыныстық көбею жыныс жасушаларының түзілуі (гаметогенез) арқылы өтеді. Оның басты сатысы – мейоз. Ұрықтану мен мейоз хромосомалар санының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, комбинативтік өзгергіштікке себеп болады. Ұрықтану мен гаметогенез процестерінің бұзылуы аномальді зиготаның пайда болуына алып келеді, диагностикаланбайтын түсіктердің және жаңа туған нәрестелердің әртүрлі патологияларының себептерін түсінуге көмектеседі. ҚорытындыМитоздың мақсаты - қажет болған жағдайда соматикалық жасушаларды тез репликациялау мүшелер мен тіндерді қалпына келтіру, қалпына келтіру және жаңарту. Біз айтқанымыздай, қарастырылып отырған дененің орнына байланысты митоздық бөліну жылдамдығы азды -көпті болады. Бірақ біз митоздың функциясы тіндерді қалпына келтіру үшін клондарды құру болып табылады және бұл әрқашан бірдей деп қорытынды жасай аламыз.Керісінше, мейоздың мақсаты тіндерді қалпына келтіру емес. Оның жалғыз функциясы - гаметаларды генерациялау, демек, индивидтер мен ұрықтандыру процесін мүмкін етеді. Егер мейоз болмаса, түрдің эволюциясы ешқашан мүмкін болмас еді. Генетикалық өзгергіштік болмаса, өмір дамымас еді
Достарыңызбен бөлісу: |