Байланысты: 8-апта практика Саламат Элеонора КИЛ-202
Тексерген: Уразалина С.А.
Орындаған:Саламат Э.,ҚтӘ-202
Тақырыбы: ҚР-дағы инклюзивті білім берудің нормативті-құқықтық базасы
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы көп уақыт бойы халықаралық қауымдастықтың назарында болып келді. Қазіргі уақытта көтеріліп отырған жалпы проблемаға байланысты біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан:
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы көп уақыт бойы халықаралық қауымдастықтың назарында болып келді. Қазіргі уақытта көтеріліп отырған жалпы проблемаға байланысты біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан:
Адам құқығы туралы декларация
Мүгедектердің құқығы туралы декларация
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығы туралы декларация
Бала құқығы туралы конвенция
Мүгедектердің мүмкіндігі мен ережелерін сақтаудағы тең құқығын сақтаудың стандартты ережелері түріндегі бірқатар нормативтік құжаттар жасақталған.
Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекшеқажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994).