Дұрыс жауаптары: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Астана, Целиноград.
Нұр-Сұлтан қаласы қай жылы астана болып аталған?
М. Жауап: «Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «əлем қаласы» атағын алды». Ал 2019 ж. 23 наурыз айында Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп аталды.