«Төрт жыл мезгілі» (концерттер циклінен үзінділер) Музыкасын жазған: А. Вивальди.
М. Тапсырма басында оқушыларды «қыс, көктем, жаз, күз» жыл мезгілдері атаулары бойынша төрт топқа бөледі. А. Вивальдидің «Жыл мезгілдері» концерттерінен төрт шығарма үзінділерін тыңдатады: «Көктем» («Көктем келді»), «Жаз» («Жазғы найзағай»), «Күз» («Егін ору»),
«Қыс» («Желтоқсан»).
Əр топ оқушылары тиісті тапсырмаларды орындайды. Жауаптарды оқулықтағы тақырыбынан, ғаламтор желісінен, музыкалық энциклопедия мен нота хресто- матиясынан іздейді.
Тапсырма бойынша мынадай сұрақтарға жауап береді:
«Аспапқа арналған концерт» деген не?
«Скрипкалық концерт» дегенді қалай түсінесің?
А. Вивальдидің əр скрипкалық концерті қалай аталады?
Əр концерт неше бөлімнен тұрады?
Əр бөлімі айлар бойынша қалай аталады?
Достарыңызбен бөлісу: |