(МК/Ұ) 3-тапсырма. Əнді үйрену.
(М/О) Ядролық жарылысқа – «Жоқ» дейміз!
(өлеңін жазған: Р. Наурызбаева, əнін жазған: Н. Мирманов)
М. Сендер төртінші сынып оқушысы болып бірталай есейдіңдер. Біздің еліміздің бейбітшілігі, халықтың бақытты болашағы сендердің қолдарыңда деп сенім білдіруге болады.
«Заман-ай» əнін сыныппен бірге тыңдайды.
Сабақ тақырыбының жалғасы ретінде жаңа əнді үйретуге кіріседі: тыңдатады, мазмұны туралы оқушылармен бірге əңгімелеседі. Алдын ала мұқият тыңдалады.
|