«Ғарышқа саяхат» бөлімінің алғашқы сабағы
«Байқоңыр – Жер кіндігі» тақырыбы аясында өрбиді.
1-тапсырма. Ойтолғау.
(М) Оқушыларда қызығушылық тудыру үшін Қорқыт бабамыздың мəңгілік жасайтын жер іздеуі туралы аңыз- əңгіме айтылады. Оқулықта аңыз-əңгіме «Байқоңыр» ғарыш айлағымен сабақтастырылған.
«Ертеде Қорқыт бабамыз желмаясына мініп, адам мəңгі өмір сүретін жер іздейді. Қанша шарласа да,
«Байқоңырдай» жер таппайды.
Сыр өңірін мұқият зерттеген ғалымдар Байқоңырда Жердің тартылыс күші аз, себебі экваторға жақын, ғарышқа ұшуға ең қолайлы жер деп шешкен. «Экватор» латын тілінде «теңістіргіш» деген мағынаны береді. Жер ғаламшарының қақ ортасынан өтетін шартты
сызық экватор сызығы деп аталады. Неліктен Қорқыт бабамыз Байқоңырды «Жер кіндігі» деп атаған.
Берілген қысқаша мəлімет оқушыларға ой қозғау салады.
|