Барлық оқушылар:
ғарыш туралы ұғымдық түсініктері болады;
ғарыш əлемін музыка арқылы сезінеді;
классикалық, эстрадалық бағыттағы музыканы ажырата алады;
симфониялық оркестр туралы ұғымдық түсінігі бар;
шығармашылық жобаға қатысады.
Көптеген оқушылар:
ғарыш туралы ұғымдық түсініктері болады;
ғарыш əлемін музыка арқылы сезінеді жəне сипаттай алады;
классикалық, эстрадалық бағыттағы музыканы ажырата алады;
симфониялық оркестр туралы ұғымдық түсінігі болады, аспаптарын ажыратады;
шығармашылық жобада белсенділік көрсетеді.
Кейбір оқушылар:
ғарыш туралы ұғымдық түсініктері бар, сипаттай алады;
ғарыш тақырыптарына арнаған түрлі жанрдағы музыканы талдайды, салыстырады, өз пікірін білдіреді;
классикалық, эстрадалық бағыттағы музыкалық стильді атай алады, ажыратады;
симфониялық оркестр туралы ұғымдық түсінігі болады, аспаптарын ажыратады, дауыс бояуын естиді;
шығармашылық жобада белсенділік көрсетеді, өз идеяларын ұсынады.
|