2-тапсырма. Күй тыңдау.
Дəулеткерейдің «Көрұғлы» күйі оқушыларға
3-сыныптан таныс. Сабақта оқушылар күйді электр домбыра аспаптарында орындайтын «Алдаспан» рок тобының орындауында тыңдайды.
Сұрақтар:
(ОТ) 1. Күйді қанша аспап орындады?
2. Бейнебаяндағы домбыраларға назар аудар жəне үніне, дыбыс бояуына көңіл бөл.
Оқушыға ой қозғау жасалады.
«Дəстүрлі домбыра мен электр домбыраның үн бояуының қайсысы жүрегіңе жақын?».
3-тапсырма. Əн тыңдау жəне талқылау.
Əнші Ерболат Құдайберген, Димаш Құдайберген,
«Алаш» тобының орындауында «Мен қазақпын» əнін тыңдайды.
Əннің орындаушылық стилі талқыланады.
Рэп жөнінде ұғымдық түсінік беріліп, поп музыкадан, рок музыкадан ерекшеліктері салыстырылады. Рэп дегеніміз речитативтік (өлеңдетіп оқу) – ырғақтық музыка.
Тəрбиелік мүмкіндіктері талданады.
«Мен қазақпын» əніндегі құндылықтарды ата. (отансүйгіштік, батылдық ...)
(М) Мұғалім рэп стилінің академиялық дауыстағы вокализбен үйлесілімдігін, екі өнерді қатар синтездеу идеясы болашақтағы музыкалық орындау ерекшеліктерінің бірі екенін көрсете білуі керек.
|