2-тапсырма. Ойтолғау.
(М, Ұ) Оқушылар электрлі жəне компьютерлік құрылғыларды пайдалана отырып, ғалымдардың музыкалық аспапты жетілдірудегі мүмкіндіктері туралы тақырыпты жалғастырады. Reactable аспабымен таныстырады.
Испан өнертапқыштары ойлап тапқан электрондық музыкалық аспаптардың бірі – Reactable (реактейбл). Reactable – сенсорлық беткейі бар домалақ үстел пішіндес аспап. Бетіне арнаулы дыбыс генераторлары орналасқан. Бұл аспапта бір адам немесе бірнеше адам қатар ойнай алады.
(О) Сұрақтар:
Бейнебаяннан реактейбл аспаптарының дыбыс шығарудағы мүмкіндіктерін көр.
Қалай ойлайсың, болашақта мұндай электронды музыкалық аспаптар музыканттардың орындаушылық өнеріне кері əсер ете ме?
Осы тұста «Ақылдың алты қалпағы» əдісін пайдаланған өте тиімді.
Ақ қалпақ – Reactable аспабының пайда болуы жөнінде ақпарат береді.
Қызыл қалпақ – болашақ аспаптар туралы пікірге таласушылардың интуиция мен сезімін білдіреді.
Қара қалпақ – негатив, яғни музыкалық аспаптар музыканттардың орындаушылық өнеріне кері ықпалын тигізеді, ұлттық өнеріміз жойылады.
Сары қалпақ – позитив аспаптың болашағы жетістіктері мен артықшылықтарын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |