Тексерілді; Алсейтова Л


-тапсырма. Тыңдау жəне талқылау



бет52/229
Дата06.01.2022
өлшемі6 Mb.
#12714
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   229
Байланысты:
4кл қмж жаңа

2-тапсырма. Тыңдау жəне талқылау.

(М, Ұ) «Ақсақ құлан» аңыз күйінің мазмұнын оқушылардың көпшілігі біледі.

Дегенмен күй мазмұны жөнінде оқулықта қысқаша мəлімет беріледі.

Оқушылар күйді екі нұсқадағы орындауда тыңдайды. Белгілі күйші Мағауия Хамзиннің жеке орындауында жəне

«Тұран» этнофольклорлық ансамбльдің орындауында. Екі нұсқадағы күйдің орындалу ерекшеліктерін сипаттайды.

Күй мазмұнына байланысты ой түйінді оқушылар қойылатын сұрақтар арқылы негіздейді.

«Ақсақ құлан» күйінің негізгі түйіні неде? (құландардың шабысы, садақтың атылуы, домбыраға қорғасын құйылуы, қазалы хабарды домбыра тілімен жеткізуі). Сен таңдаған жауаптың қайсысы домбыраның ұлылығын көрсете алады?

Бұл сұрақтар оқушылардың ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізуіне ықпал етеді (СТО – «Миға шабуыл» əдісі).

Мұғалім міндетті түрде домбыра аспабына көрсетілген құрмет ретінде ел Президентінің Жарлығымен 2018 жылдан бастап шілде айының бірінші жексенбісі мемлекеттік деңгейде тойланатын «Домбыра күні» мерекесі екендігіне оқушылардың назарын аударту қажет. 3-тапсырма. Əнді үйрену.



(М, Ұ) Сабақта жаңа əн игеріледі. «Домбыра болып сөйледім» (өлеңін жазған: Бауыржан Қарағызұлы, əнін жазған: Индира Елубаева).

Əн екпіндете термелеп орындалады. Əннің мазмұнын талдап өткеннен кейін, негізгі сөздерін анық, нақты айтуға аударту қажет.

Оқушылар əнді тыңдау жəне үйрену барысында орындаушылық ерекшеліктерін сипаттап отырады. Əн əуенін үйрену төртінші сыныптағы оқушылар үшін аса қиындық келтірмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет