Тексерілді: Тақырыбы: Жаңа жыл Мақсаты



бет1/2
Дата16.02.2023
өлшемі29,82 Kb.
#68623
  1   2
Байланысты:
Жаңа жыл т.с


Тексерілді:
Тақырыбы: Жаңа жыл
Мақсаты: Балаларға жылдың төрт мезгілі, Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беріп, әсемдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жаңа жыл – барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып әрі ең көңілді отбасылық мерекелердің бірі. Көптеген елде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні тойланады. S
Жаңа жыл әр елде ұлттық салт-дәстүрге сай тойланады, десек те, алуан түрлі ойыншықтармен безендірілген әсем шырша, түн ортасында сағаттар соғып, Жаңа жыл келгенін білдіруі, шампан, жаңажылдық дастархан, сыйлықтар, ғажайыптар мен жақсылыққа сену – бәрімізге ортақ.
Жаңа жыл қашан пайда болды?
Ғалымдардың айтуынша, Жаңа жылды тойлау шамамен біздің дәуірімізге дейін 3000 жылы алғаш рет Месопотамияда басталған. Көне замандағы адамдар Мадрук құдай зұлымдық пен өлімді жеңді деп санаған. Сол себепті Месопотамия халқы жақсылықтың жамандықты жойғанына қуанып, бірнеше ай бойы тойлайды. Әртүрлі карнавалдар, маскарадтар мен шерулер өткізеді. Мейрам кезінде жұмыс істеуге, жазалауға және сот шешімін шығаруға тыйым салынған.
Уақыт өте келе бұл дәстүрді мысырлықтар мен гректер жалғастырып, содан соң римдіктер мен өзге халықтарға тарай бастайды. Ежелгі Грекияда Жаңа жыл жазғы күн тоқырауы – 22 маусымда тойланып, шарап құдайы – Диониске арналған. Гректердің жыл санауы Олимпиада ойындарынан басталды.
Көне заманда Жаңа жыл қалай тойланды?
Бірнеше ғасыр бойы Көне Мысырда шілде-қыркүйек айларында Ніл өзенінің арнасынан асуы аталып өткен. Осы бір аса маңызды кезең жаңа егін маусымының басталуын білдіретін. Ніл өзені суының киесі бар деп сенетін мысырлықтар Жаңа жылды тойлаған кезде Нілдің "қасиетті суын" құмыраларға құйып алатын болған. Ырым бойынша Нілдің суы ескі-құсқыны шайып жібереді. Сол кезден бастап жаңа жылда ән айтып, би билеу, мерекелік дастархан жайып, бір-біріне сыйлық жасау дәстүрі басталыпты.
Рош Ха-Шана немесе Еврейлердің Жаңа жылы иудейлердің ай күнтізбесі бойынша тишрей айының алғашқы күнінен басталады: ол көбінесе қыркүйек айының ортасы қазан айының басына сәйкес келеді. Рош Ха-Шана күні адамның келер жылғы тағдыры шешіледі деген сенім бар.
Кельттер сол замандағы Батыс Еуропа дәстүріне сәйкес Жаңа жылды қазанның соңында тойлаған. Мереке "Жаздың соңы" деп аталыпты, адамдар үйлерін ақ жидекті улы бұта – омеламен безендіріп, зұлымдықтан қорғайды деп сенген. Сонымен бірге Жаңа жыл күні өлілер тіріледі деген ұғым қалыптасқан. Бұл күні отағасы әйелі мен бала-шағасына әртүрлі сыйлық алу үшін ақша береді.
Русьте Жаңа жылды көктемде ауыл шаруашылығы жұмыстары басталған шақта – 1 наурызда тойлайтын. Кейінірек жылдың басы 1 қыркүйек болып белгіленді. Кейінірек 1699 жылы Петр I қабылдаған жарлық бойынша жыл санау 1 қаңтардан басталатын болған. Жаңа жылды қазіргі кездегідей түн ортасында тойлайтын. Бүкіл отбасы мерекелік дастархан басына жиналып, Жаңа жылды күткен. Түнгі сағат 12:00 болғанда, қалада хабар беретін зеңбіректер атылып, шіркеулерде қоңырау соғылып, "Жаңа жыл келдің" деп жар салатын.
Қытай күнтізбесі бойынша баяғы заманда Жаңа жылды бір ай бойы тойлаған. Жаңа жыл жаңа ай туған кезде басталатын – ай күнтізбесі бойынша 17-19 ақпан аралығы. Жаңа жыл түні Қытай көшелерінде сансыз көп шам жағу дәстүрі қалыптасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет