Еріннің қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге келесі жаттығулар қолданады:
-ерінді түйістіру;
-ерінді О дыбысын айтқандай дөңгелету, біраз ұстап тұру;
-тілді түтікшеге ұқсас ұстап тұру (У дыбысын айтқандай);
-жымию – ерінді күлгендей ұстау.
Төменгі жақтың қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге арналған жаттығулар:
-төменгі ерінді оңға қозғау;
-төменгі ерінді солға қозғау;
-төменгі ерінді алға шығару.
Тілдің қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге арналған жаттығулар:
-жалпақ тілді астыңғы ерінге салып ұстап тұру (1-5 дейін санап);
-жалпақ тілді үстіңгі ерінге тигізіп ұстап тұру (1-5 дейін санап);
-жалпақ тіл;
-жіңішке тіл;
-жоғарғы ерінді жалау;
-жоғарғы, төмен ерінді жалау;
-тілдің ұшын жоғарғы тістерге, таңдайға тигізіп ұстау;
-жалпақ - жіңішке тіл жасау (бірнеше рет қайталанады);
Жұмсақ таңдайды тексеру үшін «А» дыбысын екпінді айтқызып, жұмсақ таңдайдың көтеріліп, төмен түсуі анықталады.
Артикуляциялық жаттығуларды орындау барысында логопед қимыл-қозғалыстардың төмендегідей сапасына көңіл бөледі:
-нақтылығы;
-көлемі;
-бір қимылдан екінші қимылға өтуі;
-бір қалыпты ұстап тұруы.
Тіл қимыл-қозғалысының бұзылуы, әсіресе сал ауырумен ауырған немесе әлсізденген, алалиядан зардап шеккен балалар арасында жиі кездеседі. Ондай балаларды тексеру барысында қосымша жаттығулар пайдаланады. Артикуляциялық аппраттың динамикалық қимылын ұйымдастыруын тексеру үшін алдымен көрсетіп, содан соң нұсқау арқылы қимыл кешендерін қайталатады:
-тістену, тілді шығару, сосын ауызды кең ашу;
-тілді бір жаққа бұру, жоғары көтеру, алға шығару;
-ауызды кең ашу, тілдің ұшын төменгі тістерге тигізу, сосын жоғары тістерге тигізу, жоғарғы ерінге қою.
Тексеру барысында жеке сынақтармен қоса функционалдық сынақтар қолданады (Е. М. Мастюкова, 1989).
1 сынақ. Ауызды ашып, тілді алға шығарып, тілді қимылдатпай ұстап тұрған қалпында оңнан солға қимылдаған затты (қарандаш, саусақ) басты бұрмай көзбен қадағалау. Тілді ұстап тұруы бағаланады, синкинезияның байқалуы анықталады.
2 сынақ. Тілді жоғары, төмен қимылдату, бұл кезде тексерушінің қолы баланың мойнында ұсталады. Мойынның бұлшық еттерінің қатаюы бар ма жоқ па, синкинезияның байқалуы анықталады.
Артикуляциялық қимылдың бір қимылдан екінші қимылға өту мүмкіндігін анықтау үшін дыбыс немесе буын қатарынан айтқызуға болады.