Тектік сарын



бет9/9
Дата21.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#26031
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тектік сарын. Джек Лондон

ТЕҢІЗ ТЕРМИНДЕРІНІҢ

ҚЫСҚАША СӨЗДІГІ

Анкерок ─ тұщы суға арналған кеспек.

Бак ─ жоғарғы палубаның тұмсық жағы.

Бакштаг ─ кеме бағытының бір түрі. Бұл бағытты ұстағанда кеме жүрісі жел бағытымен 100°-тан 170°-қа дейінгі аралықты құрайды.

Баркептина ─ шлюпкада ескекшілер отыратын орындық, үш немесе одан да көп мачталы желкенді кеме. Мұндай кеменің алдыңғы мачтасындағы желкен түзуінен, ал қалғандарында қиғаш орналасады.

Бейдевинд ─ кеме бағытының бір түрі. Бұл бағытты ұстағанда кеме жүрісі жел бағытымен 10°-тан 80°-қа дейінгі аралықты құранды.

Бизапь-мачта ─ үш немесе одан да көп мачталы кеменің ең артқы мачтасы.

Бимсы ─ кемеге көлденең бекіткен белағаштар. Палуба осылардың үстіне қондырылады.

Битенгтер ─ арқан-жіптерді бекітуге арналған ағаш немесе металл тұғыршалар.

Бом-кливер ─ кеме тұмсығындағы үшбұрышты қиық, желкендердің алдыңғысы.

Брашпиль ─ зәкір немесе құрал-жабдықтарды көтеруге арналған айналмалы шығыр.

Арқан бухтасы ─ шиыршықтап (шумақтап) оралған арқан.

Бушприт — кеме тұмсығына шамалы шығып тұратын ағаш бөрене.

Бом — кливер мен кливердің алдыңғы төменгі бұрыштары осы бөренеге байланады.

Ванттар ─ мачтларды тігінен ұстап тұратын, бір ұштары бортқа байланған құрал-жабдықтар. Арқан баспалдақтары бар.

Верт ─ кішірек зәкір.

Вымбовка ─ зәкір шпилін қолмен бұрап көтеруге арналған шығыр.

Жел бетіне шығару ─ желкеннің төменгі артқы бұрышын жел жақтағы бортқа қарай ауыстыру.

Галион ─ үлкен желкенді кеменің бір түрі.

Галс ─ кеменің жел ыңғайына қатысты бағыты. Мысалы: он немесе сол галспен жүру дегеніміз ─ он жақтан немесе сол жақтан соққан жел ыңғайымен жүру деген сөз.

Галфинд ─ кеме бағытынын біртүрі. Бұл бағыт кезінде кеме жүрісі 80"- тан 100"-қа дейін бұрыш жасайды.

Гафель —бір басын мачтаға жантайта бекіткен бөрене. Жоғарғы желкендер осы бөрене арқылы көтеріледі.

Гафель-гардель ─ гафельдің алдыңғы ұшын көтеруге қызмет ететін құрал

Гик ─ бір басы мачтаға бекітілген көлденең бөрене.

Гиттер ─ желкеннің төменгі жиегін жоғарғы басына қарай тартатын(сиыратын) арқан-жіптер.

Грот-грот ─ мачтегі төменгі желкен.

Грот-мачта ─ мачтаны тұмсық жағынан екіншісі.

Дирик-фал ─ гафельді көтеретін құрал

Каперлер ─ теңіздегі дұшпан кемелерін ұстаудан тұтқындауға дейін өз үкіметінен ұлықсат алған каперлік жеке меншік кемелер.

Кат-балклер — зәкірлерді палубаға көтеруге арналған кеме тұмсығындағы кран іспетті бұрылмалы, төрт қырлы бөренелер. 

Килъ ─ кеменің астыңғы жағына ұзыннан салынған жуан бөрене. Кеменің негізгі бөлшектерінің бәрі осы бөренеге бекітіледі.

Кильватер ─ кеменің артында қалатын құйрықты жұлдыз секілді ақсонар із. Мыс: кильватерде жүру дегеніміз ─ алдыңғы кеменің ізін қуалап жүру деген сөз.

Кливер — кеме тұмсығындағы үшбұрышты қиық желкендердің екіншісі.

Кливер-фал— кливерді көтеретін арқан-жіп.

Клипер — желкенді кемелердің аса жүрдек (жүйрік)түрлерінің бірі.

Клотик — мачтаның немесе стеньганың төбесіне жабылған ағаш дөңгелек.

Клюз ─ зәкір шынжыры өтетін борттағы тесік.

Кнехтеp ─ палубаға бекітілген, тросты орауға арналған темір тұғыршалар.

Коммингс - су кіріп кетпес үшін биіктеу жасалған люктің жиегі.

Корма —кеменің артқы жағы (бөлігі).

Кафель ─ нагель-мачта шеңберінің тесігіне кигізілген діңгек (құрал-саймандарды бекітуге немесе іліп қоюға арналған).

Лаг ─ кеме жүрісінің жылдамдылығын немесе оның жүріп өткен жолын өлшейтін (анықтайтын) аспап.

Лаглинь ─ лаг қалтқысын байлайтын жіп.

Леер ─ екі ұшы екі жаққа (діңгекке) бекітілген ұзын жіп. Бұл көбінде кейбір желкендерді қоюға, ал кейде кәдімгі кір жаға үшін пайдаланылады.

Ликтрос — желкен жиектерін көктеуге арналған жұмсақ трос.

Марсовые — мачта желкендерін қоюға немесе жинап алуға бейімделген мастростар.

Теңіз милі (миль) ─ 1 миль-1852 метрге тең ұзындық өлшемі.

Бортқа! (на борт) ─ жүргізу тұтқасын шегіне дейін бұрау.

Найтовы ─ тросты немесе шымжырлы бекіту.

Нирал ─ желкендерді жинар кезде оларды төмен тартатын құрал

Нок ─ кез келген көлденең немесе қиғаш бөрененің сыртқы ұшы (басы); мыс: гафельдің ногі.

Обводы ─ кеме қаңқасының түрі (формасы)

Оверштаг ─ "оверштаг бұру" ─ кеме жел арнасын тұмсығымен кесіп өтерде, желге қарсы шұғыл бұрылу.

Остойчивость ─ жел немесе су ағысы қисайтқан кезде кеменің түзу қалыпқа қайта түсуге икемділігі.

Пиллерстер ─ палубаны астынан ұстап тұратын тік бөренелер.

Планшир ─ шлюпка бортының немесе кеме фалынбортының үстіңгі белағашы.

Полветра ─ "полветрде"─галфинд деп аталатын кеме бағытының екінші атауы (кеме жүрісі жел бағытымен 10"-тан 80°-қа дейінгі аралықты құрайды).

Полубак ─ кеме тұмсығындағы палуба үстінде орналасқан алаңша.

Ракс-бугель ─ мачта бойымен ары-бері жүгіріп тұратын қармақты сақина. желкеннің үстіңгі жиегі бекітілетін сырықшаны көтеруге арналған.

Рангтоут ─ желкендер байланатын ағаш немесе металл бөліктер.

Риф ─ "рифке алу"─желкеннің төменгі етегінен бастап сиыра жинау арқылы оның көлемін кішірейту. Желкендер негізінен қатты жел кезінде рифке алынады.

Рубка ─ жоғарғы палуба үстіне тұрғызылған кішкентай үйшік. Кеме жүрісі осы үйшіктен басқарылады.

Румпель ─ жүргізу тұтқасының (руль) үстіңгі бөлігіне кигізілген мүйізшелер . Руль осы мүйізшелер көмегімен бұрылады. 

Салинг ─ айқын түрінде мачтаға бекітілген ағаш сырықтар, ─ арқан-жіптерді байлауға, сондай-ақ степьгаға тіреу болуға қызмет етеді.

Сампан ─ Қиыр Шығыспен Қытайда кеңінен тараған жалпақ табанды желкенді кеме.

Свайка ─ троспен жұмыс істегенде пайдаланылатын істік тәрізді үшкір темір.

Сезни ─ оралған желкендерді бір орынға жинау кезінде, оларды біріктіріп байлап қоюға пайдаланылатын қысқа тростар.

Спенкер (контр-бизань) ─ артқы мачтаға ілінетін төртбұрышты қисық желкен.

Стаксель ─ фок-мачтаға тікелей ілінген алдыңғы үшбұрышты желкендердің үшіншісі.

Стеньга ─ мачтаның жалғасы болып есептелетін ұзын ағаш діңгек.

Степс ─ мачтаның төменгі басым бекітетін терең ұялы ағаш бөрене.

Такелаж ─ рангоуттың кейбір бөліктерін бекітетін немесе желкендер мен рангоутты көтеріп-түсіріп тұратын құрал-жабдықтар.

Тали ─ ауыр заттарды көтеруге арналған ұялы темір шығыр. Онымен желкендерді де басқарып тұрады.

Талреп ─ тік тұрған такелаж құрал-саймандарың тартуға арналған трос немесе винт (бұранда).

Топ ─ ұшар басы, төбесі, топ-мачта-мачтаның ұшар басы, төбесі.

Топсель ─ грот-мачта пен фок-мачтанын жоғарғы қиық желкені.

Тузик ─ екі ескекті шағын шлюпка (қайық).

Туманный горн ─ желкенді кемелерде тұманды сәттерде дабыл қағып тұратын керней.

Уваливать под ветер ─ желден жалтару ─ қарсы соққан жел арқылы тұмсығымен бұрылу.

Фал ─ желкенді немесе туды көтеруге арналған құрал.

Фалшь ─ шлюпканы байлап қоятын трос (арқан).

Фалшь ─ борттың жалғасы, үстіңгі палубаның биік ернеуі.

Фальшкиль ─ кильдің астынан бекітілген төрт қырлы бөрене (брус).

Фок ─ фок-мачтадағы төменгі желкен.

Фок-мачта ─ алдынғы мачта.

Фор-ванты ─ Фок-мачтаның ванты (мачтаны тігінен ұстап тұратын арқан-жіптер)

Фордевинд ─ кеме бағытының бір түрі. Бұл бағытты ұстағанда кеме жүрісінің бұрышы он борт жақтан 170"-тан сол жақ борттан 170"-қа дейінгі аралықты қамтиды.

Форштевень ─ кеменің алдынғы тұмсық тұсы (кильдің жалғасы).

Хват-тали — екі шығырдан тұратын шағын талилер (палубада әртүрлі жұмыстар атқаруға пайдаланылады).

Швартовы ─ кемені жағаға байлайтын немесе басқа бір кемегс тіркеуге ілетін трос (арқан).

Шкот ─ желкендерді басқаруға арналған құрал

Шлюп ─ бір мачталы шағын желкенді кеме.

Шпангоуттар ─ кеме қаңқасының көлденең қабырғалары.

Шпигаттар ─ борттың немесе палубаның су ағызуға арналған тесіктері.

Шпор ─ мачтанын немесе стеньганың төмен басы (ұшы).

Штаг ─ мачтаны немесе степьганы алдыңғы жағынан ұстап тұратын құрал (арқан-жіп).

Шторм-трап арқан-жіптен жасалған баспалдақ.

Ют ─ палубаның корма жағы (артқы).



Якорный огонь ─ зәкір оты ─ кеме зәкірде тұрған кезде тұмсық үстіне іліп қоятын шам.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет