Тема Тәуекелді басқару процесін ұйымдастыру


Тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру: мәні мен мазмұны



бет2/2
Дата07.06.2023
өлшемі35,36 Kb.
#99320
1   2
2 Тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру: мәні мен мазмұны




Тәуекелдің болуы, экономикалық үрдістің бөлінбес элементі ретінде, сондай-ақ осы саладағы басқарушылық мүмкіндіктерді қолдану ерекшеліктері көп жағдайда тәуекелді басқаруда өзіндік кәсіби қызмет түрінің болуына әкеледі. Бұл қызмет түрімен кәсіби институт мамандары, сақтандыру компаниялары, сондай-ақ қаржы менеджерлері, тәуекел бойынша менеджерлері, сақтандыру бойынша менеджерлері айналысады.
Тәуекел бойынша мамандардың негізгі мақсаты болып табылады: жоғары тәуекелділік саласын табу; тәуекелділік деңгейін бағалау; ұйым (кәсіпкер) үшін анықталған тәуекелділік деңгейінің жарамдылығын талдау; тәуекелділікті ескерту немесе төмендету бойынша қажетті алдын алу шараларын жасау; тәуекелге бару жағдайы туындаса, келтірілген зиянды мүмкіндігінше максималды түрде жабу бойынша шаралар қолдану. Қаржымен, моральмен және басқа шығындармен байланысты тәуекелдің объективті болуы жағдайында нақты бір механизмге қажеттілік туындайды, ол кәсіпкердің (фирманың) қойған мақсаттары бойынша шаруашылық шешімдерді қабылдауда және өңдеуде тәуекелді есепке ала отырып, мүмкін болатын шаралардың ең тиімдісі болар еді.
Менеджмент үшін, сондай-ақ әсіресе тәуекел-менеджмент үшін қадағаланатын және басқарылатын үрдістерді кезең бойынша көрінуінің нақтылануы аясы қағидасы бойынша тәуекелділікті жіктеу маңызды. Сәйкес, бұл жерде дайындық кезеңі тәуекелділігі (тәуекелділік зонасына кіру), алғашқы кезеңді талдау және бағалау тәуекелділігі, құрылымдау тәуекелділігі, құжаттау тәуекелділігі, үрдісті іске қосу тәуекелділігі, үрдісті жүзеге асыру тәуекелділігі, үрдісті аяқтау тәуекелділігі, нәтиже тәуекелділігін атауға болады. Жоғарыда айтып өткендей, бұл жіктемелік белгісі тәуекелділіктің құрылымымен, тәуекел-менеджментте тәуекелділіктің факторлық және жақтарының болуымен және де оларға «эшелонды қорғаныс» сызбасына сәйкес – бақыланатын немесе басқарылатын үрдістерді кезең бойынша қалыптастырылған тәуекел-менеджмент тәсілдерімен және дәйекті түрде өзара байланысқан әдістермен тығыз байланысты.
Алдағы өткендермен кейбір жерлері ұқсас, бірақ тәуекел-менеджменттің әдістемелеріне қарай уақыттық мерзімдердің болуы белгісімен тәуекелділіктің жіктемелері өзгеше.
Бұл жіктемелердегі нақты бір шарттылыққа байланысты мүмкін болатын және потенциалды тәуекелді (олардың көрінуінің төмен мүмкіндігі), келетін тәуекелдер (болашақта болуының нақты болжануы), қалыптасушы тәуекелдер (бастапқы кезеңдерде біртіндеп көрінетін), оперативті тәуекелдер (қазіргі уақытта қолданыстағы), басылған тәуекелдер (іс-әрекетінің тоқталуы), аяқталған тәуекелдер (олардың әрекеті аяқталған, бірақ олар компенсациялық тәуекел-менеджмент сызбасында және архивті-аналитикалық менеджменттің оперативті жұмыстары үшін маңызды) деп айқындап бөлуга болады.
Көріну аясының белгісі бойынша тәуекелділікті жіктеу көзқарасы бойынша банктік менеджмент позициясында маңыздысы болып қызмет түрі, саласы, кәсіпкерлік аясы бойынша тәуекелділікті анықтау табылады. Қызметтің бұл түрлері тәуекелділіктің қалыптастырушы саласы ретінде жоғарыда сипатталған, дегенмен тәуекел-менеджменттің несие саласы үшін, олар тәуекелділікті шоғырландыру саласы ретінде маңыздырақ. Бұл тәуекелдер – қарыз алушының несие төлеу кабілетін, несие алушылардың белсенділігін анықтауда, банк өнімдерінің сапалы мазмұнын қалыптастыруда маңызды.
Жоғарыда аталған жағдайлардың дамуында тәуекел-менеджмент терминін былайша анықтауға болады, «тәуекел» терминін қолдануды енгізу дәстүрлі түрде Франциядағы карта ойындарынан, әсіресе әртүрлі «құмар жобалардан», жалпы ұзақ уақыт бойы мүмкін болмайтын жағдайларда нәтижесін «тәуекел деп» шешім қабылдау арқылы белгілі бір іс-әрекет жасаумен байланысты болған.
Уақыт өте келе, «тәуекел» терминін қолдану кәсіби қызметтің салыстырмалы мазмұнына кірді.
Тәуекелділіктің жалпы тұжырымдамасын шынайы тәуекелділік тұжырымдамасы және мүмкіншілік тұжырымдамасы деп бөлінуі жеке мақсатты нұсқауларды, әдістемелік тәсілдерді, амалдарды және тәуекел менеджменті мен басқару мүмкіншіліктері құралдарын қалыптастыру қажеттілігін алдын-ала анықтайды.
Тәуекелді немесе мүмкіндікті қалыптастыру сызбасында менеджменттің мақсатты нұсқаулар диверсификациясы негізінде тәуекел-менеджмент теориясы мен практикасында тағы бір тұжырымдама туындайды. Әңгіме біріккен тұжырымдама болып тұр, яғни тәуекел-мүмкіндік тұжырымдамасы. Оның құрылуы үшін белгісіздік тән, нақтырақ айтқанда белгілі бір айнымалы жағдайларға (сату көлемін максимилизациялау, мысалы пайданы немесе тұтынушылар, филиалдар, тауар түрлерінің санының динамикасы) бағытталған менеджменттің мақсатты нұсқаулары белгіленбеген.
Осы сәтке келесі тәуекел-менеджменттің терминология сызбасын ұсынылады (сурет 2.1).

Сурет 2.1 ­ Жағдайлар ықтималдылығы деңгейі негізінде
тәуекелдің немесе мүмкіндіктің қалыптасуы2

Өзгергіштік, мақсатты нұсқаулардың тұрақсыздығы белгісіздік салдарға, күтілетін сценарийдің немесе нәтижелердің ауытқуына әкеледі.


Бұл салдар бірден басқарылатын немесе бақыланатын үрдістің шегінде болуы мүмкін, ол болмаса теріс, қолайсыз (тәуекел), немесе оң (мүмкіндік), не нашарлау, не жақсару әкелетін, күтілетін немесе күтілмейтін жатуы мүмкін.
Тәуекел-мүмкіндік менеджменті үшін өзіндік мақсатты нұсқаулар тән, олардың әдейі құрылуына және ерекше әдістері мен басқару тәсілдеріне шейін (тәуекелге қарағанда тәуекел-мүмкіндікте мүмкін, мысалы, олардың толықтай бейтараптануы). Ауыспалы, тұрақты емес компонеттер менеджменттің сәйкес мақсатты нұсқауларын қалыптастыру үшін негіз бола отырып, жаратылыстану (табиғи) қоршаған ортада да, техногендік үрдісте де, және әлеуметтік қозғалыста да, нарықтың барлық сегменттерінде қатысады. Тәуекел – мүмкіндіктер құрылады және адами қызметтердің барлық салаларында басқаруды талап етеді – тұрғылықты жерді және отбасылық қарым-қатынасты таңдаудан бастап, кәсіпкерлік қызмет, құмар ойындары, спорттың экстремалды түріне дейін, және сәйкес жалпы тәуекел – мүмкіндіктер сызбасына қосуды талап етеді.
Банктік тәуекел-менеджментте қазіргі кезде бөлінеді:

  • несие нарығы параметрлерінің динамикасы жағдайында пайыздық маржаның өзгерістерімен байланысты пайыздық тәуекел-мүмкіндік;

  • несие ресурстарын жұмылдыру және орналастыру жүзеге асырылатын валюта нарығындағы валюта курсының өзгерістеріне негізделген валюталық тәуекел-мүмкіндік;

  • банктің пассивті және активті операцияларында қолданылатын құнды қағаздардың нарықтық белгіленуіне немесе табыстың өзгерістеріне негізделген қор нарығының екі тәуекел-мүмкіндігі.

Саңғы уақытта тәуекел-менеджмент терминологиясын талдауда қарқындату және әртараптандыру тенденциясы байқалады, ол әсіресе кей кездері тағы бір «шок» - түсінігінің жариялымындарында (әрине, жанама және үстіртін) кездеседі. Алғашқы оның пайда болуы 1998 жылғы банктік жүйедегі дағдарыспен байланысты. Бұл ретте ол дәлелденбеген және жіктелмеген болатын, тек жалпы алғанда шоктар тәуекелге, қауіптерге, мәселелерге, шығындарға қарағанда күрделірек.
Шоктар ең ақырғы, ең мәселелі, ең қауіпті, ең келеңсіз тәуекелдің пайда болуымен түсіндіріледі. Бұл апатты немесе техногенді қирауда объектінің абсолютті физикалық жойылуы, эпидемияда, апатта, адамдардың қырылуы, кәсіпкерлердің толықтай ойсырауы, несиелер мен инвестициялардың жоғалуы, т.б.
Дүлей апатты шокқа жатқызамыз, себебі олар індеттер, ауырулар, әлеуметтік күйзеліспен келетін қаржылық шығындармен жиі толықтырылады.
Банк қызметінде толықтай несие тәуекелділігі, яғни шок, ол қарыз алушының қашуында, кепілдің жойылуында, кепілгердің қазасында, сақтандыру ұйымдарының күйреуінде, заңдық инфрақұрылымындағы өзгерістерде, саяси және әлеуметтік күйзелістерде, және басқа да несие үрдістерімен өзара байланысты тікелей және жанама мәселелерде айтарлықтай күшейеді.
Шок түсінігімен атқарымды және тиімді тәуекел-менеджментке маызды болып тәуекелді қалыптастыратын қоршаған ортаның факторларын белсендірумен және уақыт аралығы қысқа кездегі объектіге әсер ететін оның нәтижелері арасында тәуекелді өте тез жүзеге асыру табылады, себебі нәтижесінде потенциалды тиімділігі мен дайындығына қарамастан, көптеген белсенді механизмдер мен құралдар іске қосылмайды. Мұндай сценарий бойынша көптеген табиғи және техногенді тәуекелдерде, қор нарығының нарықтың тәуекелдігінде мәселелер туындайды, ал олардан жанама байланыстар арқылы банктік тәуекелдерде де, оған жарқын мысал етіп 2011 жылдағы Жапониядағы (Фукусима) жер сілкінісі мен атом станциясындағы апатты айтуға болады.
Шок ретінде тәуекелдің осы түсінігімен жасырынған тәуекелдер ретінде анықталатын осы категорияның тағы бір түрі байланысты, онда олар қоршаған ортаның аса жоғары белгісіздігі жағдайында көрінеді, онда қалыптасқан тәуекелдің түрі, мерзімі және қарқындылығы уақытылы болмайды немесе мүлдем көрінбейді және теңдеспейді.
Бұл тәуекел-менеджменттің құралдары мен ерекшеленген арнайы әдістемелерін уақытылы және тиімді қолдануға мүмкіндік бермейді.
Банктік тәуекел-менеджмент үшін шоктың мұндай түрі инсайдерлік келісім-шарттарда және агрессивті техникалық микс-менеджментте мүмкін.
Тәуекелдің жалпы тұжырымдамасында жоғарыда сипатталғандай болып бөлінеді: шынайы тәуекел, мүмкіндік, тәуекел-мүмкіндік және шоктар. Аталған түсінік әртүрлі тәуекел-менеджмент мектептерінде ішінара қолданылады. Тәуекелдің салдары жағымсыз (шынайы тәуекелдер), сондай-ақ жағымды (мүмкіндік) болуы мүмкін. Жеке бір экономикалық мектептерде спекулятивті тәуекелдер дейтіндерде қолданылады, көріну нәтижелері жағымды немесе жағымсыз (тәуекел-мүмкіндіктер) болуы мүмкін, жіктемелік белгісінде көріну деңгейі толықтай болуын, сондай-ақ апатты тәуекелдер және кешенді тәуекелдер (шоктар) болжанады.
Тәуекел - менеджментте түсініктерді жіктеу тәуекел-менеджмент стратегиясының жасалуына сәйкес тәуекелдердің түрлері мен типтерін сипаттау үшін маңызды.



1Риск-менеджмент. – Курс лекций //Негосударственное образовательное учреждение Высшего профессионального образования «Черноморская гуманитарная академия», Сочи 2010-2011 у.г.



2Русанов Ю.Ю. Терминология рисков в схемах эффективного банковского риск-менеджмента // Научный альманах фундаментальных и прикладных исследований «Проблемы управления банковскими и корпоративными рисками». – М.: Финансы и статистика, 2005. – 378 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет