Темір мен оның қорытпаларын қолдану



бет4/5
Дата20.01.2023
өлшемі351,25 Kb.
#62100
1   2   3   4   5
1.3.Фосфордың әсері.
Фосфор зиянды кірме саналады, оның мөлшері болаттың сапасына
қарай 0,025 – 0,045% аспау керек. Ферритте еріген фосфор болаттың
кристалдық торын бұзады, беріктік шегі мен аққыштығын көтереді, бірақ
созымталдығы мен тұтқырлығын төмендетеді. Фосфор суыққа сынғыштық
табалдырығын көтереді, жарықтың даму қарқынын азайтады. Әрбір 0,01%
фосфор болаттың суыққа сынғыштық табалдырығын 20-25ºС көтереді.
Азот, оттегі, сутегінің әсері
Азот, оттегі, сутегі болатта металл емес кірмелер түрінде болады
(мысалы, FeO, Fe2O, FeOMnO, FeOAl2O3, SiO2, Al2O3 тотықтары және
басқалар), қатты ерітінді түрінде немесе металдағы ақауларда (қуыстар,
жарықтар және т.б.) бос орналасады.
Азот пен оттегі суыққа сынғыштық табалдырығын көтереді, морт
сынуға қарсылығын төмендетеді. Металл емес кірмелер «болаттың
металлургиялық сапасын» анықтайды, механикалық қасиетінің
анизатропиясын көтереді, әсіресе d, j, KCU төзімділік шегі мен қирау
тұтқырлығын елеулі төмендетеді. Сутегі болатқа морттық тудырады.
Болаттың құрамындағы сутегі вакуумды қорытуда азайтылады.
Болатты легірлеуші элементтер
Болаттың құрылымын және қасиетін талапқа сай өзгерту үшін
енгізілетін легірлеуші элементтер темірмен байланысып келесі фазалар
түзеді:
- қатты ерітінділер;
- легірленген цементит немесе арнаулы карбидтер;
- интерметалдық қосылыс.
Легірлеуші элементтердің темірдің полиморфты өзгеруіне әсерін
тигізуі
Көміртегі, азот, сутегіден басқа элементтердің бәрі темірмен
байланысып, қатты ерітінді түзеді. Темірде ерігеннен кейін олар a және g-
темірдің алып жатқан аудандарын өзгертеді (А3, А4 нүктелері).
Легірлеуші элементтердің темірде еруі атомдарының көлеміне
байланысты. Егер темірдің атомдық радиусы мен легірлеуші элементтің
атомдық радиусы арасындағы айырмашылық 15% мөлшерінде болса, онда
легірлеуші элементтер толық ериді. Мысалы, Сr, Ni шексіз ериді.
Егер легірлеуші элементтің кристалдық торы орталық текше тор болса,
онда α-темірде еріп, легірленген феррит түзеді. Мұндай элементтер Feγ
ауданын қысып кішірейтеді. Олардың қатарына Cr, V, Mo, W, Ta, Nb, Zr, Ti
жатады. Мұндай элементтер А3 нүктесін жоғарылатып, А4 нүктені төмен
түсіреді. Мұндай қорытпалар ферритті деп аталады.
Егер легірлеуші элементтің кристалдық торы беттік центрленген тор
болса, онда γ-темірде еріп, легірленген аустенит түзеді. Олар Feα ауданын
қысып, кішірейтеді де, А3 нүктесін төмен түсіріп, А4 нүктесін жоғары
көтереді. Олардың қатарына Mn, Ni, Zn, Cu т.б. элементтер жатады. Мұндай қорытпалар аустенитті деп аталады.
Көміртегімен әрекеттесуіне байланысты легірлеуші элементтер екі
топқа бөлінеді:
1) графиттендіретін элементтер: Si, Ni, Cu, Al;
2) карбид түзетін элементтер
Fe→Mn→ Cr→ Mo→ W→ Nb→ V→ Zr→ Ti.
Болатта кездесетін карбидтер өздері құратын кристалдық торларға
байланысты күрделі тордан тұратын бірінші топты карбидтер М3С, М23С6,
М7С3, М6С және қарапайым тор құратын екінші топты карбидтер МС, М2С
болып бөлінеді. Мұндағы М – карбид түзетін металдар жиынтығы.
а) Mn, Ni, Cu темірмен әрекеттесуі; б) Si, Mo, W, Ti, V, Ta, Nb, Zr, Cr
темірмен әрекеттесуі.
Легірлеуші элементтердің темірдегі полиморфты өзгеріске
әрекетінің сұлбасы.
Қыздыру кезінде аустенитте бірінші топтағы карбидтер оңай ериді,
екінші топтағы карбидтер мүлдем ерімейді. Карбид фазаларының қаттылығы
жоғары және балқу температурасы өте жоғары. Мысалы, WC – (HB 1800);
балқу температурасы 35000С, TiC- (HB 3000), балқу температурасы 32000С.
а) легірлеуші элемент, % б) легірлеуші элемент, %
В) легірлеуші элемент, %
Легірлеуші элементтердің ферриттің салыстырмалы
созылуына (а), соққы тұтқырлығына (б), беріктік шегіне (в) әсері. Легірлеуші элементтер болаттың құрамындағы көміртегінің мөлшерін өзгертіп отырады.
Перлиттің және аустениттің құрамындағы көміртегі мөлшерінің өзгеруіне қарай А1 нүктесі төмен түсіп немесе жоғары көтеріліп, эвтектоидты фазалық өзгеру температурасы ауысады. SE сызығы солға қарай жылжиды. Легірлеуші элементтер аустениттің ыдырауына үлкен әсерін тигізеді. Қыздыру үстінде аустенитте еріген легірлеуші компонент оның диффузиялық өзгеру қарқынын баяулатады, ыдырау қарқыны тежеледі.Суыну жылдамдығы бәсеңдеген болаттың шыңдалу тереңдігі өседі. Соның нәтижесінде легірленген ірі көлемдік конструкциялық болаттың беріктік қасиеттері жоғарылайды, күрделі формалы бұйымдарды шыңдау жеңілдейді. Диффузиялық процесті баяулатудың арқасында легірлеуші элементтер шынықтырылған болатты босату үстінде мартенситтің өзгеруін тежейді. Болаттың қаттылығы және беріктілігі сақталады.
Легірлеуші элементтердің тепе-теңдіктегі болаттың механикалық қасиетіне көрсетер әсері Легірлеуші элементтер болатта қатты ерітінді, карбидті фаза немесе интерметалды қосылыс ретінде орналасады. Легірлеуші элементтердің
атомдары дислокациялар мен әрекеттесу үстінде темірдің аққыштық шегін беріктік шегін sв, қаттылығын НВ көтереді. Әртүрлі легірлеуші элементтердің ферриттің беріктігіне, созымталдығына, тұтқырлығына көрсетер әсері көрсетілген.Әсіресе никель бағалы легірлеуші элемент екені айқын көрінеді, ол ферриттің пластикалық деформацияға қарсылық көрсету қабілеті мен созымталдығын қатар көтереді. Легірлеуші элементтер көбінесе ферриттің түйіршіктерін ұсақтап6 болаттың морт сыну қаупін төмендетеді.Легірлеуші элементтер болатты нығайта отырып оның кесілу,штампылану қабілетін төмендетеді, бірақ термиялық өңделудегітехнологиялық қасиеттеріне пайдалы әсер береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет