Темирбаева,Жумабай метрология 8 срсп



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата21.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#120218
1   2   3
Қазақстан осы халықаралық ұйымға кіруге 1996
жылы ресми түрде өтініш білдірді. Өкінішке
орай, ұлттық экономикамыздың дамуында әлі
де шешімін таппаған, толып жатқан түйінді
мәселелер жетерлік. Елімізде индусртиалды-
инновациялық үрдістердің дамуы енді ғана
басталды. Бірақ ол әлі де болса жедел қарқын
алып, толық жұмыс істеп кете қойған жоқ. ДСҰ
өзіне мүше болып кіргісі келетін елдердің
өндірген тауарларының, әсіресе,
ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекеге
қабілетті болуына ерекше талаптар қойып
отыр.



 Бұл ұйымға мүше болып, дүниежүзілік рынокта айрықша орын алуы – тәуелсіз жас
мемлекетімізге үлкен мүмкіндік болар еді. Ол үшін менің ұсынғым келіп отырғаны:
 1) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, салықты жеңілдету арқылы
кәсіпкерлерге жағдай жасау. Оның өзі ел экономикасына аздап болса да үлесін тигізеді.
 2) Ауылшаруашылығына нақты экономикалық реформа қолдану қажет. Мысалы,
қазіргі кезде ет, сүт өнімдері бізге Ресейден келеді. Сол тауарлар өзіміздің отандық
өнімдерді ысырып бара жатқан секілді. Сондықтан да елімізде ауыл шаруашылығы
шеңберінде ірі қараның базасын Еуропалық стандартқа сай етіп қайта
жаңғыртуымыз керек. Сөйтіп бірте-бірте өз азық-түлік өнімдерімізді халыққа
жеткізіп отыруға болар еді. Тек қана осы төрт түлік өнімдерін емес, бау-бақша
дақылдарын да өсіріп, оларды өз тұтынуымызға жаратуға болады.



3) Қазақстан ДСҰ-ның алға қойған барлық талаптарын сөзсіз орындай беру керек деп ұйғару қателік болар. Әлемдік сауда
жүйесі егер онымен дұрыстап саудаласса икемді болуы мүмкін. Қатып қалған ереже жоқ дегендей ДСҰ келісімдерінде де
ақырындап шектеулерді төмендететін және ішкі өндірушілерді бейімдеуге мүмкіншілік беретін механизмдер бар. Біздің
еліміз үшін талаптарды орындау уақытын барынша созудың маңызы өте зор, соның ішінде импорттық тарифтердің
деңгейін төмендету мен отандық өндірушілерді субсидиялаудың да. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, тарифтерді
төмендетуде өтпелі кезең 15 жылға созылуы мүмкін (Қытай, Болгария). Қазақстанның ДСҰ-ға «дамушы ел» статусымен
кіргенде бірқатар жеңілдіктер болар еді. Олай болса Қазақстан тек қана өзінің импорттық кедендік тарифтерін сақтап
қана қоймай, импорт пен басқа да шектеулерді өндірістің «жас» салаларын қорғау мақсатында лицензиалайды, сонымен
қатар өзінің тауарын дамыған мемлекеттерге экспорттағанда қосымша тарифтік жеңілдіктер алар еді.
 4) Қазақстанға қазіргі кезде ДСҰ-ға кірмей тұрып, аймақтық интеграцияны дамытқан жөн болар еді деп ойлаймын. Егер
Қазақстан өзінің көршілерімен еркін сауда кеңістігін құратын болса, онда отандық кәсіпкерлер стандартқа сай, яғни
бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер ұсынатын болар еді. Өйткені, ймақтық бәсеке 150 бәсекелестерге қарағанда
анағұрлым жеңіл. Осылайша бәсекеге қабілетті тауар мен қызмет түрлерін ұсынуды дамытып барып ДСҰ-ға кірсе, еліміздің
экономикасына жеңіл болар еді.


Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет