Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»


Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, оның бағыттары және қызметтері



бет114/138
Дата31.03.2022
өлшемі0,56 Mb.
#29454
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   138
3.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, оның бағыттары және қызметтері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері дегеніміз – экономиканың салалары, аймақтары, сфералары, сонымен бірге, автоматты түрде өздігінен шешілмейтін не болмаса алыс болашақта шешуін табатын, бірақ оларды дер кезінде шешу экономиканың бір қалыпты жұмыс жасауына, дамуына себепші болатын мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өміріндегі құбылыстары мен жағдайлары.Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектілеріне жататындар:

1) экономикалық цикл;

2) секторлық, салалық және аймақтық экономика құрылымы;

3) капиталдың қорға айналу жағдайы;

4) жұмыспен қамту;

5) ақша айналымы;

6)төлем балансы;

7)баға;

8)ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыс;

9) бәсекелестік жағдайы;

10) әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік қамсыздандыру;

11) мамандарды даярлау және қайта даярлау;

12) қоршаған орта;

13) сыртқы экономикалық байланыстар және т.б.

Мемлекеттін экономикалық қызметін төмендегі келтіріліп отырған топтарға (блоктарға) біріктіруге болады:

1. Экономикалык саясатты қалыптастыру;

2. Нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойынына алады: Стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық әлеуметтік, демографиялык болжау мен жоспарлауды. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады;

3. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі: коғамға кажет мемлекеттік кәсіпорын (қоғамдык пен шаруашылық есептегі) мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар. Олар: ядро.лық энергетика, космосты игеру, темір жол мен жалпы ұлттық автокөлік жолдары, көпір, су каналдары, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер.

4. Нарыктық жүйенің қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, тиім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмге қарсы күрес жүргізу, ол үшін белгілі қүқықтық база жасау және баға саясатын жүргізу.

5. Мемлекет экономиканы тұрақтандыру саясатының бағдарламасын жасап, оны іске асыру шараларын жүргізеді. Сонымен қатар, жұмыссыздыққа, инфляцияға қарсы шараларды іске асырады.

6. Мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын іске асырады.

7. Мемлекет сыртқы экономикалық қатынастарды реттейді.

Мемлекет аталған қызметтерді реттеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады.

Нарықты реттеу тәсілдері - бұл мемлекет пен кәсіпорындардың ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайды қамтамасыз етуге әсер етеді..



Мемлекеттің тікелей араласуы- ол, нарықтық қатынастың барлық элементтерін дамыту, үйлесімді жүргізу үшін құқықтық актілер қабылдайды. Мысалы, Салық кодексі, Азаматтық кодексі, монополияға қарсы заң т.с.с.

Мемлекеттің жанама араласуы. Реттеудің жанама тәсілі негізінен мекен-жайсыз болғанмен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалык қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады. Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып кеткен және меншік түрі мен объектілеріне әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет