Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс - ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс - төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі.
Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 6.1. графиктегі көлденең осьте - сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).
График 6.1. Сұраныстың қисығы.
График 6.2. Сұраныс қисығының жылжуы.
Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді
Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі, ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді:Оңға-жоғары ( өсуі);Солға-төменге ( азаюы)
Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, яғни сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
Тұтынушылардың табысы.
Тұтынушылардың саны.
Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.
Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және тапшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.