Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»



бет80/138
Дата31.03.2022
өлшемі0,56 Mb.
#29454
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   138
Импорттық тауарлар тиімділігі. Ел ішіндегі баға деңгейінің өсуі отандық тауарға сұранымды азайтып, арзан импорттық тауарға өсіреді. Жоғарыдағы аталған факторлардың барлығы баға деңгейіне байланысты, сондықтан оларды бағалық факторлар – деп атайды.



Баға деңгейіндегі өзгерістерге байланысты барлық жоғарыдағы тиімділіктердің өзгеруін графикалық түрде жалпы сұраныс қисығының бойымен қозғалысы көрсетеді.

Жалпы сұраным өзгеруіне баға емес факторларда (детерминанттар) єсер етеді. Бұл факторлар жалпы сұраныс қисығын сұраныс жоғарылағанда қисықты (A1 D1) оңға ығыстырады, ал сұраныс төмендегенде (A2 D2) қисықты солға ығыстырады.

Баға емес факторларға жататындар:

1) Тұтынушылар шығынының төмендегі көрсеткіштердің өзгеруінің нєтижесінде өзгеруі: а) тұтынушылардың хал-ахуалдары; ә) тұтынушыларды күту; б) тұтынушылар қарызы; в) салық ставкасы.

2) Инвестициялық шығындардың төмендегі көрсеткіштердің өзгеруінің нєтижесінде өзгеруі; а) пайыздық ставка; ә) инвестициядан күтілген пайда; б) кєсіпорын салығы; в) технология жєне артық қуаттылық пайдалану.

3) мемлекеттік шығындардың өзгеруі;

4) таза экспорттың өзгеруі.

Қарастырылған факторлар ұлттық өндірістің көлемінің жалпы сұраным өзгеруіне байланысты өзгерістерін болжауға мүмкіндік жасайды.

Жалпы ұсыным (AS) – єр түрлі баға деңгейінде нарыққа ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің жалпы саны.

Баға деңгейінің жоғарылауы өндірістен қосымша тауарлар санын көбейтіп өндіруге, сөйтіп оны сатуға ұсынуға ынталандырады. Ал бағаның деңгейінің төмендеуі тауар өндірісін қысқартуға соқтырады.

Кєсіпорынның нарыққа ұсынған ұлттық өнім көлемімен баға деңгейінің арасындағы тєуелділік тікелей немесе оң жағдайда болады.



Жалпы ұсыным қисығы (2-сурет) 3 бөліктен тұрады:

  1. кейнсиандық (көлбеу) бөлігі;

  2. үдеме (жоғары көтерілуші) (аралық) бөлігі;

  3. классикалық (тік) бөлігі;

Жалпы ұсыным қисығы ұлттық өндірістің єртүрлі баға деңгейінде өндіруге мүмкін нақты көлемін көрсетеді. Жалпы ұсыным қисығының ұлттық өндірістің нақты көлемінің көбейгендегі түрі бірлік өнім шығынындағы өзгерістермен кєсіпорын шығындарын жауып, пайда келтіретін бағаға тєуелді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет