Темно-зеленая и Белая Диагональные Блоки Недвижимость Покупатель Листинговая Презентация



Pdf көрінісі
Дата20.11.2022
өлшемі1,88 Mb.
#51323
Байланысты:
Жасыл бақ



Топ басшысы:Өтешова Айдана
Команда мүшелері:Алпысова Айжан
Лесбаева Аяжан 
Кеңесбаева Азиза 
Өтелгенова Гүлжанат
Темірбай Асел
Ізбасханова Перизат
Матик Альбина 
Өтеспекова Қарлығаш
Абдуллаева Насиба
Парахатова Альбина 


 Экологиялық бақ - қоршаған ортаға зиян
тигізбейтін бақ және ол метеорологиялық
жағдайлар мен жер бедерінің жағдайын
ескере отырып, біздің ауданда қиындықсыз
өмір сүре алатын өсімдіктермен жасалған.
Жасыл экономиканы дамыту аясында біз,
өкінішке орай, өңірлер тұрғысынан
сараланған тәсілді көріп отырған жоқпыз.
ЖЭК, төмен көміртек, энергия үнемдеу,
органикалық сектор бойынша
индикаторларға қол жеткізу үшін – бізде
өңірлік қамту жоқ. Өкінішке орай, өңірлік
ерекшелік ескерілмейді. Экономикалық
тетіктерге байланысты нақты индикаторлар
қажет.


Отанымыздағы экологиялық мәсе лелерді «жасыл экономика»
аясында шешу жайы VI Астана экономикалық форумы кезінде
жан-жақты әңгіме арқауына айналған еді. Ол Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі мен Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі ұйытқы болып «Индустриялық
революция – «жасыл экономикаға» көшу» деген тақырыпта
өткізген халықаралық сессия сы еді. Сессияға қатысушылар
алдында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров
баяндама жасап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың біз
жоғарыда айтқан, «жасыл экономикаға» өту Тұжырымдамасын
бекіткенін, сол құнды құжат негізінде жыл сайын елімізде
«жасыл» модернизацияға ұлттық ішкі жалпы өнімнің 2
пайызын құрайтын инвестициялар салу қарастырылып
отырғанын тілге тиек етіп, Президенттің: «2050 Стратегиясы
қазіргі ең басты міндет. Мақсат айқын, жақсы әрі тиімді Үкімет
бар. Мемлекет экономикалық дамудың жоғары дең гейінде
тұр. Бұл «жасыл экономика» бойынша міндетті орындауға
мүмкіндік береді. Айта кету керек, міндетті орындау оңайға
соқпайды. Бірақ, біз қуатты экономикалық өсім арқылы
мұратымызға жетеміз», деген еді. Ол сонымен қатар,
мемлекетіміз даму қарқыны жағынан өңірде көшбасшы болып
отырғанын, табиғи капиталдың мол екендігін алға тартып,
ресурстарды тиімді пайдалану қажеттігін жеткізіп, бұл
Отанымыздағы табиғи экожүйені сақтауға мүмкіндік беретінін
назарға салған болатын.


Атқарылатын жұмыстың арғы жағында ел
тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін, денсаулығын
жақсарту, тіпті, көңіл-күйін көтеру – бәрі өмір сүріп
жатқан қоршаған ортаға тәуелді екені анық.
«Жасыл экономика» бағытын таңдаудың негізінде
осындай ғұмырлық істерді ілгерілетіп жатырмыз.
Мұны жүзеге асыру кезінде азаматтар еңбек
етумен қатар, ненің тиімді, ненің залалды екенін
танып, білсе екен дейміз. Жалпы, «жасыл
экономика» 3 принципке сүйенуі керек, оның
біріншісі – халыққа жоғары деңгейде, халықаралық
дәрежеде қызмет көрсету, әр жұмысты уақыт
талабына сай үйлестіре дамыту, екіншісі – елдің
өркендеуі үшін қолға алынған «жасылға» жұртты
жұмылдырып, жұмыспен қамту саясатын
орнықтыру, үшінші – осының бәрін нарық
механизміне бейімдеп, толық меңгеріп шығу.
Ауылдың көркеюі, өсіп-өнуі арқылы халықтың
тұрмысын оңалтуға болады. Олардың айналысып
отырған шаруасына сай экология талаптарынан
мағлұмат беру біздің басты міндетіміз саналады.


Әсіресе, пайдаға аспай жатқан жерлерді игілікке жарату, су
көздерін зая жібермеу жағы да өзекті проблемалардың бірі
болып есептеледі. Ал қала, ауыл, елді мекендердегі құры лыс
жұмыстарын жүргізу кезінде экологиялық талаптарды сақтай
отырып, көгалдандыру ісі биік дәрежеде болуын ойластыру
керектігі түсінікті. Кейбір ескі ғимараттарды бұзып орнына жаңа
тұрғын үй немесе мекеме мекенжайын тұрғызу барысында
экологиялық талаптар бірінші кезекте ескеріліп,
көгалдандыруға бөлінетін жер алдын ала жоспарлы түрде
шешілсе, ұтылмасымыз анық. Өмірдің нәрі де, әрі де су екені
мәлім. Тіпті, кейбір өзен-көлдердің ер неуінен төмендеп бара
жатқаны қай-қайсымыздың да жанымызға батпай қоймайды.
Бұл тұрғыдан келгенде, Мемлекет басшысының «Қа ‐
зақстан-2050» Стратегиясында: «Соң ғы 60 жылда Жер шарында
ауызсуды пайдалану 8 есе өсіпті, осы жүзжылдықтың ортасына
қарай, көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады.
Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір
болып отыр. Бізге сапалы ауызсу жетіспейді. Бірқатар өңірлер
оның зардабын қатты тартуда», деп қадап айтуы тегін болмаса
керек. Осы жағынан келгенде біздің облысымыздың таулы
аймақтарындағы таза суды сақтау, ластамау жайын жұртшылық
әр сағат сайын есте ұстағаны ләзім.


«Жасыл экономика» аясында энергия
тапшылығынан құтылу үшін – жаңару энергиясын
қалыптастыру керектігі туындауда. Мұны әр өңір
жер жағдайына қарай жүзеге асыруына болады.
Айталық, Испания, Дания мемлекеттері жел
генераторлары барлық тұтынатын электр
қуатының 20 пайызын, ал Германия 10 пайызын
өндіруге қол жеткізіпті. Бұл істе соңғы жылдары
көршіміз Қытай мемлекеті көш бастап келеді.
Бүкіләлемдік жел энергиясы ассоциациясының
(БЖЕА) мәліметіне сүйенсек, 2011 жылы әлемдегі
барлық жел энергиясының жалпы қуаты 237
гигаватты құрапты. Бұл 280 ядролық реакторы
қуатының көлеміне тең келетін көрінеді. Әлемде
380 ядролық реактор жұмыс істеп тұрғанын
білеміз. БЖЕА болжамы 2020 жылға қарай жел
генераторларының жалпы қуаты 4 есеге өсіп, 1 мың
гигаватт электр өндіретін болады. Міне, осындай
жұмыстар біздің облыста да қолға алынып, оның
алғашқы нәтижелері өз жемісін бере бастады.
Соның бір дәлелі, ТМД-да алғаш рет іске қосылған
Райымбек ауданындағы Мойнақ су электр су
стансасы дер едім.


«Жасыл экономиканы» қалып тастыруда
көптеген экологиялық проблемалар алдан
шығып отыр. Оның бастыларына тоқталар
болсақ, әрбір азамат өзі күн кешіп отырған
отбасынан бастап, Отан аумағын таза сақтап,
ластанудан қорғау, ауа мен судың бүлінуіне жол
бермеу, жердің тозуына, кейбір өзен-көлдердің
шарасы тарылып бара жатқанын жұрт болып
жұмылып, қалпына келтіру ісіне үлес қосу. Егер
біз осы айтқандарды уақытында атқара алмасақ,
ата-бабамыздан қалған бас ты байлығымызды
тоздырып алуымыз мүмкін. Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың «Болашақтың энергиясы» туралы
көптен бері айтып, соны дүниежүзілік деңгейге
көтеріп, EXPO-2017 Бүкіләлемдік көрмесін
ұйымдастыруды Астана төріне әкелуі тегін
болмаса керек.
05


Мысалы, «Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:
1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін
арттыру; 2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу; 3) қоршаған ортаға қысымды
жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын
арттыру; 4) ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін арттыру болып табылады», дей келіп,
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама 3 кезеңде іске асатыны алға тартылады. Бұл
экология саласында жүрген азаматтарға үлкен міндет жүктеліп отырғаны белгілі.


Елбасы Жолдауындағы он жаһан дық сын-қатерінің дені азық-түлік
қауіпсіздігіне, су, табиғи ресурстарды, энергетикалық, тағы да басқа адам
өміріне қажетті дүниелерді таза сақтай отырып, дамыту жолдары
айқындалғанын көріп отырмыз. Сол секілді, «жасыл көпір» серіктестік
бағдарламасы аясында атқарылатын шараларға құқықтық, экономикалық,
ғылыми негіздер қалай отырып, табиғатты керегімізге қарай игеру, игерілген
байлықты тиімді тұтыну, яғни, байтақ жеріміздің әр түп жусанын сақтау
көзделген. Осындай елдік істі мінсіз атқарудың заңнамалық жол-жосығын
Президенттің таяуда бекіткен «Қазақстан Республикасының «жасыл
экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама туралы» Жарлығында жан-жақты
дәйектелген.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет