Темпераментті аныќтау тесті


Темпераментті анықтау тесттің кілті



бет3/3
Дата30.11.2022
өлшемі41 Kb.
#53786
1   2   3
Байланысты:
Темпераментті анықтау тесті

Темпераментті анықтау тесттің кілті.
Әр нұсқаға «1» ұпай беріледі.
А) холерик — (ыстыққанды)
Б) сангвиник — (жеңілқанды)
В) флегматик — (суыққанды)
Г) меланхолик — (ауырқанды)
Қай нұсқаның балы көп болса, сол темперамент иесінің көрсеткіші.

Темперамент — жүйке саласының тума қасиеттерін туындайтын адамның жеке-


дара өзгешелігі.

  1. Мәселен, қимыл-қозғалысы шапшаң, ұстамсыз, ылғи да күйіп пісуге дайын тұратын күйгелек адамдар болады. Мұндайлар істі бұрқыратып істейді, кейде қолын бір сілтеп сылқ түседі. Еті тірі, ойнақы, тынышсыз, шамданғыш, көңіл-күйі аумалы-төкпелі, жұртпен қарым-қатынаста тұрақсыз, пысық, бірақ бейқам келеді. Ғылымда бұлар холерик деп аталады.

  2. Адамдардың енді бір тобы кісімен тез тіл табысады, өзін көңілді ұстайды, бұл ақкөңіл қызу істің адамдары. Қысылып-қымтырылмайды, кісіге қайырымды, еті тірі, бірақ істі бастап, кейін тастап кетеді.

Мұндай адамдарды сангвиник темпераментінің өкілі дейді.

  1. Енді біреулер сақ, байыпты, байсалды, ынтымақшыл келеді. Әр ісін ойлап істейді, тұрақты, бірқалыпты жүреді, орынсыз асып-саспайды. Бір істі бастаса, оны аяқсыз қалдырмайды. Мінезі ауыр, көрсеқызар емес, қимыл-қозғалыстары баяу. Бұл флегматик темпераментінің өкілі.

  2. Меланхолик темпераментіне жататындар сәл нәрсеге ренжитін, өкпелегіш, тұйық, көп сөзі жоқ, пессимист,өте баяу қозғалатын жайбасар адам. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, өте ынжық кісі «мен» деп ешқашан ұмтылмайды, өте ұялшақ, тартыншақ, жұрттан аулақ жүргенді жаны сүйеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет