Глоссарий
Космоцентризм-- әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
Теоцентризм-барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік).
Антропоцентризм-- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).
Мифология-дүниеге деген көзқарасты рухтар,құдайлар, батыллармен байланыстыру.
Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.
Идеалистік бағыт- көбіне рухты жақтайтын бағыт.
Онтология- болмыс туралы ғылым.
Гносеология-таным туралы ғылым.
Дүниеге көзқарас-дүние туралы жалпы пікір жиынтығы, адамның әлемдегі орны жайлы көзқарас.
Логика- дұрыс ойлау заңдары мен формаларын зерттейтін ғылым саласы.