Теорема туралы түсінік. Теорема, оның түрлері және дәлелдеу әдістері. Теоремаларды дәлелдеудің жалпы әдістері
Теорема туралы түсінік. Теорема, оның түрлері және дәлелдеу әдістері. Теоремаларды дәлелдеудің жалпы әдістері.
Тексерген: Ханжарова Б. С.
Орындаған: Мергенбаева Ш. Е.
Оспанова А.С.
Каримуллаева У.Г.
Изимбетова К.
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
2022-2023 оқу жылы
Теорема
Теоре́ма (гр. θεώρημα — «түр, сипат, тұжырым») ақиқаттығы дәлелдеудің нәтижесінде анықталатын математикалық тұжырым. Математиканың кез келген саласы ақиқаттығы бұрынырақ дәлелденген Теоремаларға сүйене отырып, бірінен соң бірі дәлелденетін Теоремалардан тұрады. Мұнда алғашқы сөйлемдер дәлелденбейтін аксиомалардан тұрады және бұл аксиомалар сол математика саласының логикалық негізі болып есептеледі. Теорема шарты және қорытындысы деп аталатын бөліктерден тұрады. Мысалы:1) егер санның цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе, онда санның өзі де 3-ке бөлінеді; 2) Егер үшбұрыштың бір бұрышы тік болса, онда қалған екі бұрышы сүйір болады. Осы мысалдардың әрқайсысындағы «егер» сөзінен кейін тұрған теореманың шарты, ал «онда» сөзінен кейін тұрған теореманың қорытындысы болады.