Теоретический тур по географии (9 класс)



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата22.12.2023
өлшемі301,13 Kb.
#142804
1   2
 
 
 
БАРЛЫҒЫ: 50 ұпай. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Географиядан теориялық тур (9 сынып) 
1. Мына ұғымдарға анықтама беріңіз: фрахт, еңбек өнімділігі, цирк, оазис, 
бора (әрбір дұрыс жауап үшін 2 ұпай, барлығы 10 ұпай).
 
2. Қазақстанның тамақ және жеңіл өнеркәсібіне сипаттама беріңіз (10 ұпай). 
3. Тест тапсырмалары (әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай, барлығы 30 ұпай). 
Тест тапсырмалары 
1. Маңғыстау облысының урбандалу деңгейі 
A. 69% 
B. 72% 
C. 75% 
D. 77% 
E. 74% 
2. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының орташа халық тығыздығы 
A. 6,3 адам/км2 
B. 7,8 адам/км2 
C. 8,3 адам/км2 
D. 9,3 адам/км2 
E. 10,3 адам/км2 
3. Қазақстан қандай халықаралық ұйымдарға мүше? 
A. БҰҰ 
B. ЮНЕСКО 
C. МАГАТЭ 
D. ЕҚЫҰ 
E. барлығына мүше 
4. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан дүниежүзінде соңғы орындардың 
бірінде
A. АДИ (адам дамуының индексі) 
B. халық саны бойынша 
C. білім алуға қолжетімділік деңгейі бойынша
D. халықтың орташа тығыздығы бойынша 
E. ЖІӨ 
5. Қазақстан экономикасына инвестиция көлемі бойынша көшбасшы
A. Қытай 
B. Ресей 
C. АҚШ 
D. Германия 
E. Оңтүстік Корея 


6. Ел мұнайы мен металлдарын экспорттаудан түскен пайданың бір бөлігі 
аударылады:
A. азаматтардың шотына 
B. Зейнетақы қорына 
C. компаниялардың шотына 
D. Ұлттық қорға 
E. Халық банкіне 
7. Қазақстан – осы дақылды өсіру бойынша дүниежүзіндегі үш ауданның 
бірі: 
A. қант қызылшасы 
B. мақта 
C. күнбағыс 
D. қант құрағы 
E. қатты сортты бидай 
8. Қаражыра – Шығыс Қазақстандағы ........ кен орны.
A. мыс 
B. алтын 
C. көмір 
D. титан 
E. мырыш 
9. Қандай мәлімдеме дұрыс? 
A. Күн тоқырауы күндерінде Күн полюстерде 90 градус биіктікте болады
B. тропиктерде Күн күн мен түннің теңелу кезінде тас төбеде болады 
C. тропиктерде Күн тас төбеде болмайды 
D. 22 маусымда Солтүстік жарты шарда күн түнге тең 
E. дұрыс жауап жоқ 
10. 1:7 500 000 масштабты картадағы ұзындығы 3 см. кесінді жергілікті 
жердегі қандай ара қашықтыққа тең?
A.125 км. 
B. 225 км. 
C. 275 км. 
D. 350 км. 
E. 370 км. 
11. Барлық меридиандар кесіп өтетін мұхит 
A. Солтүстік мұзды мұхит 
B. Атлант 
C. Үнді 
D. Тынық 
E. ешқандай мұхитты барлық меридиандар кесіп өтпейді.


12. Казуарлар табиғи жағдайда қай жерде кездеседі? 
A. Африка 
B. Оңтүстік Америка 
C. Аустралия 
D. Солтүстік Америка 
E. Антарктида 
13. Қандай пайдалы қазбаның қоры бойынша Қазақстан ТМД елдері 
арасында Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі үшінші орында. 
A. алтын 
B. темір 
C. марганец 
D. хром 
E. никель 
14. Қазақстанның минералды-шикізт базасы ..... дүниежүзілік қорының 25% 
құрайды
A. мұнай 
B. вольфрам 
C. қорғасын 
D. көмір 
E. уран 
15. Қандай қорық 259 мың га жерді алып жатыр және Қазақстандағы ең 
үлкен қорық болып табылады? 
A. Ақсу-Жабағылы 
B. Қорғалжын 
C. Марқакөл 
D. Үстірт 
E. Наурызым 
16. Қазақстан Республикасында ең соңғы салынған ірі су қоймасы 
А. Шардара 
В. Көксарай 
С. Кеңгір 
D. Сергеев 
Е. Бөген 
 
17. Баянауыл ұлттық паркі қандай географиялық кешенде орналасқан 
А. таулы дала, таулы орманды дала, таулы орманды 
В. дала, шөлейт 
С. тайга, жалпақ жапырқты, субтропикті ылғалды ормандар 
D. саванна мен ылғалды тропиктік ормандар 
Е. альптік шалғындар 


 
18. Қай физикалық-географиялық аймақта «Бэр» төбешіктері орналасқан 
А. Маңғыстау үстірттерінде 
В. Үстіртте 
С. Каспий маңы ойпатында 
D. Сарыарқада 
Е. Тұран ойпатында 
 
19. Қазақстан территориясындағы Тұран және Батыс Сібір плиталары 
ғалымдардың болжамы бойынша қай эрада қалыптасқан. 
А. палеозой 
В. мезозой 
С. кайнозой 
D. архей 
Е. протерозой 
 
20. Қарағанды көмір бассейнінің дамуына әсер еткен факторлар: 
А. Энергияны көп қажет ететін салалардың жедел дамуы нәтижесінде 
республикада отынға сұраныстың күрт артуы. 
В. Кен орнын игерудің қолайлы техникалық-экономикалық жағдайлары. 
С. Жақын жерден қара және түсті металлургия үшін үлкен руда қорының 
ашылуы, бассейннің Ресейдің дамыған өнеркәсіптік аймақтарына 
жақындығы. 
D. Бассейндегі көмірді өндірудің арзандығы және дамыған транспорттық 
байланыс. 
Е. Көмірдің жоғары энергетикалық сапасы. 
21. Ас тұзының кен орындары (қатесін табыңыз): 
А. Аралсульфат 
В. Ащыкөл 
С. Теріскен 
D. Тұзкөл 
Е. Бестөбе 
22. Солтүстік Қазақстанның алтын кен орындары (қатесін табыңыз): 
А. Бақыршық 
В. Бестөбе 
С. Васильков 
D. Ақсу 
Е. Жолымбет 
23. Қазақстандағы пластмасса өндіру зауыты орналасқан қала 
А. Ақтау қ. 
В. Ақтөбе қ. 
С. Орал қ. 


Д. Атырау қ. 
Е. Шымкент қ. 
24. Қазақстанның курорттық орталықтары (қатесін анықтаңыз): 
А. Атбасар 
В. Сарыағаш 
С. Жаңақорған 
D. Бурабай 
Е. Алма-Арасан
 
25. Атасу – Алашанькоу мұнай құбыры Қазақстанның қай облыстары 
бойынша өтеді 
А. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, 
В. Қарағанды, Батыс Қазақстан 
С. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды 
D. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау 
Е. Қарағанды, Алматы 
26. Қазақстанда жер көлемі бойынша ең үлкен облыс 
А. Алматы 
В. Ақтөбе 
С. Оңтүстік Қазақстан 
D. Орталық 
Е. Қарағанды 
27. Қазақстанда халық тығыздығы ең төмен облыс
А. Маңғыстау 
В. Оңтүстік Қазақстан 
С. Солтүстік Қазақстан 
D. Алматы 
Е. Ақмола 
28. Қазақстанда электрэнергияның негізгі бөлігі қандай электрстанция 
түрінде 
өндіріледі 
А. АЭС
В. СЭС 
С. ЖЭС 
D. термалды 
Е. жел электрстанциялары 
29. Қазақстанның қара металлургия кәсіпорындары темір руданы қай кен
орындарынан алады. 
А. Қостанай облысының Аят, Соколов-Сарыбай және т.б. 
В. Кентау, Ащысай 


С. Шығыс Қазақстан облысының кен орындары 
D. Ресей Федерациясынан алады. 
Е. Шет мемлекеттерден импорттайды. 
30. Қазақстанда ауыл шаруашылығында қолданылатын жер көлемін 
көрсетіңіз 
А. 224 млн га 
В. 124 млн га 
С. 564 млн га 
D. 1 млн га 
Е. өте аз 
 
 
 
БАРЛЫҒЫ: 50 ұпай. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет