Теориялық бөлім



бет12/17
Дата31.12.2021
өлшемі1,99 Mb.
#21184
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
С режимі. Күшейткіш элементінің шығыс — тізбегінде сигналдың жарты периодынан аз ток жүретін режимді С режимі деп атаймыз.



5.16-сурет. С режимі

С режимінде тыныштық нүктесі горизонтальды осьте орналасқан және күшейткіш элементі сигнал жоқ кезде толығымен жабық, ал сигнал берген кезде ток жарты периодтан аз өткізеді (қиылу бұрышы Ө < 90°). С режимінде В режимімен салыстырғанда ПӘК жоғары, себебі пайда-ланылатын керек энергиясы аз. Бірак; та екі тактілі схеманы колдану арқылы шығыс тізбегіндегі сигнал түрін кіріс тізбегіне берілетін сигнал түріне сәйкестендіріп алу мүмкін емес. С режимін пайдаланғанда сигнал-ды минимум жағына карай шектейді, соның әсерінен аз амплитудалы тербелістер күшейткіш арқылы өтпейді. 5.16-суретте көрінгендей, барлық сигналдар Uto-E3 сигнал амплитудаларынан кіші болса, онда күшейткіш элементінің шығысында ток болмайды, сондыктан С режимі әр түрлі түрдегі гармоникалық сигналды күшейткіштерде қолданылмайды. С режимі жоғарғы қуатты резонансты күшейткіштерде кеңінен қолданылады (мысалы, радио беру қондырғысында), себебі жүктеме ретінде параллельді резонансты контур алынады.

Д режимі. Күшейткіш элементі жұмыс уақытында екі күйде болады: жабық немесе ашық, мұндай күшейткіш элементінің жұмыс режимін Д режимі дейміз. Күшейткіш элементі жабық кезінде одан жүретін ток шамасы нөлге тең, ал ашық кезінде шығыс электрондар арасындағы кернеудің отыруы нөлге жуық. Бұл жағдайда күшейткіш элементтерінде энергияның жоғалуы өте аз, ал ПӘК бірге жуық (С режиміндегіден де жоғары). Д режимі тікбұрышты импульстарды күшейту кезінде пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет