Теориялық конференция материалдары


МҰХТАР ƏУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «НАМЫС» КОНЦЕПТІСІНІҢ



Pdf көрінісі
бет19/27
Дата28.12.2016
өлшемі2,24 Mb.
#597
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27

 
МҰХТАР ƏУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «НАМЫС» КОНЦЕПТІСІНІҢ 
ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 М.  Əуезов  шығармаларындағы  «намыс»  жəне  «ар»  концептілері  өзіндік 
ерекшеліктерге иегер болып келеді. Нақты айтсақ, ұлттық нақышты айқындайтын, тек қазақи 
ортаға  тəн  концептілер  деп  атасақ,  көп  қателесе  қоймаймыз.  Сонымен  қатар,  жазушы 
шығармаларында кездесетін «ар», «намыс» концептілері ұлттық мінезді саралап, белгілі бір 
кейіпкердің  мінез-құлық  өзгешелігін  көрсетуде  де  сараланған.  Мəселен,  жеке  басқа  тəн 
«намыс» немесе жеке бір руға тəн «намыс» т.б. Ал, «намыс» концептісінің синонимі «ар» 
концептісі  қазақи  ортада  ежелден  қалыптасқан  ұғым  болып  саналады.  М.Əуезов  «ар» 
концептісін «сүйекке таңба салу», «салық салды», «өлімнен ұят күшті» т.б. деген тұрақты 
метафоралық  сөз  тіркестерімен  де  алмастырып  қолданған.  «Қодар  сұмның  қылығы  сырт 
елдің  алдында  менің  бетіме  салық  болса,  осы  елге,  өз  келеңе  келгенде,  осы  отырған 
бəрімізге салық», «Ендеше өлімнен ұят күшті» [1, 25-б.]. Намыс, ар концептілерін адами 
қасиеттерді  қамтин  жəне  белгілі  бір  ортада  өмір  сүруге  бейімделген  адамдар  санасының 
ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тəжірибенің бейнелі көрсеткіштерін 
құрайтын, хабарды құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін танымдық лингвистиканың 
негізгі ұғымдарының бірі ретінде де алуымызға мүмкіндік бар. Қазіргі əдебиет теориясының 
қысқаша сөздігінде адами қасиеттерге соның ішінде «намыс», «ар» концептілеріне -- «жеке 
жадының,  ментальді  қордың,  тұжырымдау  жүйесінің  əрі  адам  санасында  көрініс  табатын 
белгілі бір ұғымның мазмұнды да белсенді бірлігі» деген анықтама берілген. Сонымен бірге, 
адам  баласының  өзін  қоршаған  ортаға  бейімделу  ерекшелігінің  нəтижесінде  қалыптасқан 
рухани  дəстүрлік  ережелерін  сақтау  да  «намыс»  концептісімен  тығыз  түрде 
байланыстырылған.  Мəселен, «Қыры  жоқ,  қасиеті  жоқ  басшы  болса  ыбылыс,  жын 
иектемей  нетеді.  Адал  десек,  аман  десек,  жан  берейік,  ақтайық,  ақыретте  айыбын  өз 
мойынымызға  алайық» [1, 26-б.].  Демек,  кез  келген  адамға  тəн  қасиет  тұжырым  жасау 
арқылы адам ойлау əрекетін ғана жүзеге асырып қана қоймайды, ол əлемді танудың негізін 
құрайтын тəжірибе мен білім жүйелерін талдауды, олардың болмыс-табиғатын пайымдауды 
міндет  етеді.  Тұжырым  жасау  барысында  адам  өз  санасында  бұрыннан  орныққан 
қағидаларды  басшылыққа  алады  əрі  дүниені  тану,  оның  зандылықтарын  ой  таразысынан 
өткізу,  тың  деректерді  жинақтау,  оларды  жадыда  сақтау  секілді  мақсаттарды  да  жүзеге 
асырады.  Ойша  жасалған  болжам  мен  адам  нақты  көріп  білген,  бақылау  нəтижесінде  көз 
жеткізген  фактілер  өзара  тығыз  байланыс  құрай  келе,  концептілер  жүйесінің  негізгі 
құрылымдық  бөлшектерін  қалыптастырады.  Сөйтіп,  субъективті  тəжірибе  мен  объективті 
қоғамдық  норма  ұстанымдары  адамның  танымдық  əрекетін  айқындауға,  оның  кез  келген 
қоғамда  дұрыс  бағдарлай  білуіне  жəне  заттар  мен  құбылыстардың,  ұғымдардың  өзіндік 
ерекшеліктерін  нақты  айыра  білуге  көмектеседі.  Мысалы  «Қараш-қараш  оқиғасы» 
хикаятынан  үзінді  алсақ: «... –аяу  қайда!  Мен,  солар  айтқандай,  көк  биенің  ұрысы 
болсам,  олар  тап-тал  түсте  ұрлықтан  да  сұмдық  сорақы  іс  етпеді  ме?  Бəрі  сол 
панасыздығымнан.  Енді  не  де  болса,  бір  жақсының  қасында  болсам,  қайтарар  едім 
есесін...» (Қараш-қараш  оқиғасы, 223-б.).  Осыған  орай,  ғалымдар  тұжырым  жасау  тек 
теориялық ұстанымдар арқылы ғана емес, нақты антропологиялық функциялар негізінде де 
дəйектеледі деп есептейді. Олар маңызды концептілер – адамның жақсы, жамандықты сезу, 
бақылау,  пайымдау,  зер  салу  əрекеттерімен  байланыса  дамытылады  деп  атап  көрсетеді, 
себебі  затты  я  болмаса  құбылысты  жан-жақты  тану  процесі  оның  сыртқы  формалық 

167 
 
сипатына  түсініктеме  берумен  шектелмейді,  ол  үшін  оның  ортаға  деген  көзқарасы, 
сезімталдық  қабілеттеріне,  бағалану  ерекшелігіне  жəне  жалпы  мақсатына  да  мəн  беріледі
Мысалы,»Əке  деп  сый  көруден  қалсын.  Біржолата  жат  болсын  деген  мінез  ғой. 
Осыншалық қыруар жанды құрым санамаған ғой. Шешемен неге ақылдаспады? Өмір 
бойғы  жолдасы  сендермен  неге  санаспайды?  Сонда  Абай  біртүрлі  қатты  түршігіп, 
жиреніп  кеткен» [1, 34-б.].  Осыған  орай,  адамның  «намыс», «ар», «ұятқа»  қатысты 
танымдық  ерекшелігін  сипаттар  концептік  жүйе  қазіргі  «Əуезовтану  негіздерінде» 3 түрлі 
негізде айқындалады: 
1. «Намыс» концептісі - адам ойының негізгі мəдени көрсеткіші ретінде; яғни барлық 
мəдени  құндылықтар  жекеленген  концепттер  мен  олардың  қарым-қатынасының  жиынтығы 
деп танылатын тұжырым арқылы дəйектеледі; 
2.
 
 «Намыс» семантикасы концепт мазмұнын айғақтайтын бір ғана құрал деп есептеледі, 
сондықтан  ғалымдар  аталмыш  терминді  когнитивті  əдебиет  элементі  есебінде  де 
қарастырады. 
3.
 
 М. Мырзахметов, З. Ахметов, З. Қабдолов сынды ғалымдар метафоралық сөздер ол 
адамның  жеке  жəне  халықтық  тəжірибесінің  сөз  мағынасымен  «қақтығысуының»  нəтижесі 
болып табылады деп дəлелдейді. 
Жалпы,  əдебиеттану  саласында  «ой  тұжырымы» (концепт)  термині 1928 ж.  А. 
Байтұрсынов  еңбектерінде  алғаш  қолданылған.  Онда  ол  ой  құрылымы  деп  қарастырылады. 
Қазіргі  таңда  бұл  ұғымның  аясы  кеңейе  отырып,  анықтама  шеңберінде  адамның  барша 
психикалық  ресурстары,  сана  қызметі,  жинақталған  тəжірибені  танытар  құрылымдар  сөз 
болуда. «ой тұжырымы — ес-жадының, концептуалды жүйенің, адам психикасында көрініс 
тапқан  əлемдік  бейненің,  ментальді  қордың  оперативті  бөлшегі»  болғандықтан,  оның 
негізінде  тіл  біліміне  концептуалды  жүйе,  концепттік  аясында  ұғымдар  да  қалыптасып, 
кеңінен  қолданыс  тауып  отыр.  Əдебиет  зерттеушілері  метафоралық  яғни,  концептуалды 
жүйені  «адам  ақылы  меңгерген  барша  тұжырымдар  жиынтығының  ментальді  деңгейі»  деп 
сипаттаса, «концептік  ая»  деп  белгілі  бір  тілде  сөйлеуші  тұлғаның  дүниетанымын 
қалыптастыратын,  универсалды  немесе  жалпыхалықтық  ілімдер  мен  жеке  индивидуалды 
танымның сабақтасуынан жинақталатын тұжырымдарды атайды [2, 36-б.]. «Жер ашуы-жан 
ашуы»,  «Бұдан  арым  садағам», «Бөкенші,  Борсақ  Құмадан  туып  па?», «Қашанғы 
шыдаймыз», «Қорқа,қорқа тапқаның осы ғой», Бұға, бұға болдыңдар», «етекбасты қып 
өлтіресіңдер» т.б. [1, 76-б.]. 
Əдебиеттанушы  ғалым  Мырзахметов  М.  Əуезов  əдеби  шығармаларындағы 
метафоралық  құрылымдар  арқылы  айқындалатын  концептілер  тізбегін 2 түрлі  бағытта 
қарастыруға болады, – деп атап көрсетеді: 
1.  Жазушы  шығармаларындағы  ар-намысты  зат-дүние  туралы  мағлұматтармен 
сабақтастыра ұсыну, көрсету бағытында; 
2.  Жазушының  ой  тұжырымындағы  адам санасында  белгілі  бір  мазмұнға  сəйкес  жəне 
əр түрлі жағдайларға қатысты деректерді жинақтау бағытында.  
Мұхтар  Əуезов  өз  шығармаларындағы  (образ,  портреттік  негіздегі)  намысқа,  ар-
ұжданға негізделген адам ойын тек əдеби троптар негізінде немесе тілдік құралдар ғана емес, 
портрет  негізін  көрсететін  бейвербалды  қимыл-əрекеттері  де  білдіре  алады,  себебі  олар 
адамның  логикалық  заңдылықтарға  бағынған  əрекеттерінің  нəтижесі  болып  табылады  деп 
есептеледі.  Осыдан  келіп,  когнитивтік  əдеби  негіздерде  «ар-намыс  концептісі», «ождан 
ұғымы» жəне «ұят мағынасы» сөздерінің ара-жігін ажырату қажеттігі туды. Бастапқы кезде 
өзара  мағыналас,  синонимдес  деңгейде  қарастырылған  бұл  терминдер,  кейін  тек  мазмұны 
жағынан  ғана  емес,  əдіснамалық  тұрғыдан  да,  ғылыми  жүйеге  қатыстылығы  тұрғысынан 
бөлшектеніп талданатын болды. Біріншіден, ар ұғымы – объектінің танып білген белгілерінің 
ғана  жиынтығы  делінсе,  намыс  концептісі – кез  келген  ұғым  емес,  ментальді  ұлттық 
сипаттағы құрылым, белгілі бір мəдениеттің табиғатын ашуға көмектесетін күрделі механизм 
ретінде  анықталды;  екіншіден,  ар  ұғымы  логика  мен  пəлсапа  терминдері  қатарында 
қабылданса,  намыс  концептісі  математикалық  логика,  мəдениеттану,  лингвомəдениеттану, 

168 
 
когнитивті лингвистика ғылымдарының нысанын құрады; үшіншіден, намыс концептісі пен 
ұят  сөздерінің  мағына  айырмашылығы  да  екеуінің  ұғымдық  арақатынасымен  дəйектеледі: 
«намыс  концептісі  шынайы  объектінің  əлдеқайда  тұрақты  танымдық  көшірмесі  іспеттес, 
өйткені  ұятты  білдіретін  мағынаға  қарағанда,  ол  қоршаған  ортамен  еркін  байланысқа  түсе 
алады,  ал  сөз  бен  оның  мағынасы,  керісінше,  сол  концепттің  бір  бөлшегі  деп  қабылдану 
керек.  Дегенмен,  өзге  танымдық  əрекеттер  секілді  концептік  тану  да,  негізінен,  тек 
метафоралық  құралдар  арқылы,  яғни  сөз,  сөйлем,  дискурс  құрылымдарымен  бірлікте  ғана 
жүзеге  аса  алады»  Мысалы  намыстануды  сездірумен  қатар  кектенуді  білдіру – «Бөжей 
тұрып алып, анадай жерде сырттап бара жатқан Құнанбайға айғайлап: - Əй, Құнанбай! 
Мен сені оқтан аяп ем жаңа, сен мені отқа салдың ба? Осыныңды ұмытпа!-деп қалды» 
[Абай жолы, 100-б.].  
«Ар-намыс концепт сөздердің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке бір адамнан бастап, 
қоғамдық  топтардың,  бүкіл  бір  ұлттың,  халықтың  ой-өрісінің,  дүниетанымының 
ерекшеліктері  айқындалады» – деп  есептеген  М.  Мырзахметов  «ар-ұят  концептілерін 
талдауда  «адам», «кеңістік», «жан-жануар»  ұғымдарына  тоқталды,  оларды  «мəдениеттің 
ментальдік  ұясы»  тұрғысынан  зерделеді,  ал  тілші  М.Т.Күштаева  «концептілік  талдау 
тəсілдері  мен  принциптерінің  түрліше  сипатта  болу  мүмкіндігін»  ескерте  отырып, «Тар 
мағынасында  концептілік  талдауды  екі  мағынада  түсінуге  болады:  мəдени  құбылыстың, 
ұғымның немесе мəдени қабаттың концептілердің көмегі арқылы талдануы; сөздерді мəдени 
құбылыс  ретінде  қарау  арқылы  олардың  прагматикасы  мен  семантикалық  құрылымының 
талдануы»  деген  түжырымға  келді.  Ол  «концептілік  талдау  деп  тілді  қолданушының  əлем 
туралы түсінігінің ерекшеліктерін сөз арқылы ашатын тілдік талдауды» атады. Демек, ғалым 
А.Ислам атап көрсеткендей, «Əдебиеттік негіздегі лингвомəдениеттануда ар-ұят концептісі – 
жалпы бір ұлт мəдениетінің басты элементі, адамның ментальды əлемінің басты ұяшығы деп 
танылды», ол «...этномəдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан ұрпаққа берілетін 
ықшам  əрі  терең  мағыналы  шындық  болмыс,  ұлттық  мəдени  құндылықтары  жөніндегі  сан 
ғасырлық  түсінігін  білдіретін  құрылым»  болып  табылады.  М.  Əуезов  шығармаларында 
«намыс», «ар», «ұят»  концептілері  адамның  мəдениеттілікке,  ізгілікке  негізделген  сапалық 
қасиеттерін  де  молынан  қамтыған.  Мəселен, «Қонағыңның  отымен  кіріп,  күлімен  шық. 
Ердің  сыны  шабуыл  мен  шаптығуда  емес – кішіпейіл,  мейірде  деген  əже  сөзі  есінде, 
намыстанған жоқ» [1, 282-б.].  
Əдебиеттану  ғылымына  негізделген  лингвомəдениеттануда  «ар-намыс  концептісі» 
жалпы  белгілі  бір  этнос  мəдениетінің  басты  элементі,  адамның  менталды  əлемінің  басты 
ұяшығы  деп  танылады.  С.Г.Воркачевтың  пікірі  бойынша  «мəдени  концепт – тілдік  бейнесі 
жəне  этномəдени  ерекшелігі  бар  ұжымдық  білім/сананың  бірлігі».  Концептің  орыс 
мəдениетіне қатысты Ю.С.Степановтың «орыстардың жəне орыс қоғамының рухани өмірінің 
ұжымдық қазынасы» деген анықтамасын басқа мəдениеттер контексі негізінде де қолдануға 
əбден болады.  
А.Б.Əмірбекованың  ғылыми  зерттеуінде  ар-намыс  концептісі  мəселесі  қарастырылып, 
концептің  лингвомəдениеттану,  лингвокогнитивтік,  психолингвистикалық  салаларында 
өзара ұштасатын қасиеттері айқындалады. Аталған ғылым салаларыңда концепт əр деңгейде 
ұғынылатындығы  сөз  болады.  Концепт  когнитивтік  тіл  білімінің  басты  термині  ретінде 
қаралады.  Зерттеушілер  ар-намыс  концептісі  лексикалық  мағынаға  қарағанда  ауқымы  кең 
дүние, – деп таниды. 
Егер  ұғым  танылатын  объектінің,  мазмұнды  қасиеттерінің  жиынтығы  болса,  ал  ар-
намыс концептісі – ұлттық болмысқа негізделген ментальді білім жиынтығы. Оның мазмұн 
межесі – объект  туралы  ұжымдық,  тұлғалық  санадағы  барлық  біліми  ақпараттар  шоғыры 
болса,  тұрпат  межесі  -  тіл  бірліктерінің  жүйеленген  көрінісі  (лексикалық,  фразеологиялық, 
паремиологиялық т.б.). Концептіні белгілі бір мағына бере алатын, əлемді танытатын таңба 
ретінде  қарастыруға  болады», – дейді.  Ар-намыс  концептісі  ретінде  барлық  үғымды  ала 
алмаймыз, тек белгілі бір мəдениетті тануда қолданылатын жəне автор үшін маңызы зор деп 
танылатын  күрделі  ұғымдарды,  ең  бастысы  жалпыадамзаттық,  жалпыхалықтық, 

169 
 
жалпыұлттық  құндылықты  таныта  алатын  ұғымдарды  тани  аламыз.  Мысалы,  М.  Əуезов 
шығармаларында  қолданылған:  қазақ  халқы  үшін - намыс,  ар,  ұят,  ұждан  ұғымдарына 
тікелей  қатысты  метафоралы-эпитетті  сөздер – «туған  үйдің  түтінін  өшірмеу»
«шаңырақты  құлатпау», «қамшыны  жоғалтпау»,  «қаралы  ту», «туған  үй», «киіз  үй-
қара шаңырақ», намысы бір бөрікті, туған жер – алтын бесік, қасиетті қара домбыра, 
қасиетті  тұмар  т.б  сөздер  лингвомодени  бірлік  ретінде  намыс-ар  концептісі  деп  таныла 
алады.  Ал  В.А.Маслова  орыс  халқы  үшін  баспалдақ,  қоңырау  лингвомедени  бірлік  ретінде 
мəдени  концепт  деп  танылатындығы  айтады. «Балалық  шақ»  концептісі  қара  борбай  кез, 
шыбықты  ат  қып  мінген  кез,  балық  аулаган  кез  деген  ситуациялармен  беріледі.  Соның 
ішіндегі  «қара  борбай  кез»  лингвомəдени  бірлік  ретінде  ұлттық-мəдени  таным  тұрғысынан 
концептілік  құрылымның  бір  компонентін  құрап  тұр.Ал, «намыс,  ұят,  ар,  абырой» 
концептілері қоршаған ортаның берген тəрбиесінен бастау алады.  
Ар  мен  намысқа  қатысты  ой  қозғасақ,  онда  концепт  пен  ұғымның  басқа  да 
өзгешеліктері  бар:  ұғым  өз  бойына  мəнді,  маңызды  белгілерді  жинайды,  ал  концепт – 
бұнымен  қоса,  мəнді  емес  қасиеттерін  де  қамтиды.  Ұғым  құрылымына  қарағанда  концепт 
құрылымының  шеңбері  едəуір  кең.  Концепт  пен  ұғымды  оның  құрылымдары  арқылы 
ажыратуға болады. Ұғым құрылымында тек мазмұндық элементтер болады, оған концептілік 
құрылымдағы  барлық  элемент  ене  бермейді.  Концептінің  əрқашан  эмоционалды, 
экспрессивті, бағалауыш сəулелері көрінеді (В.А. Маслова). Яғни концепт бойынан адамның 
объект (дүние) туралы жағымды, жағымсыз бағасы, əсері, эмоциясы, ойы, танымы көрінеді. 
Əдебиеттануда  ар-ұждан  концептісі  кешенді  қолданыстағы  ұғым  болғандықтан,  əр 
қырынан тануға мүмкіндік туады. 
1.
 
Əдебиеттану  аясындағы  лингвомəдениеттаным  аспектісінде,  концепт – ақиқат 
дүниенің  санадағы  ұлттық-мəдени,  рухани,  этикалық,  əлеуметтік  танымын  айқындайтын 
бірлік ретінде танылады.  
2.
 
Əдебиетпен  ұштасатын  психолингвистикалық  аспектіде,  ар-ұждан  концептісі – 
ақиқат  дүние  туралы  психикалық  қабілеттер  (қабылдау,  жадыда  сақтау,  көру,  есту,  ұғыну, 
сезу) арқылы қабылданған алғашқы ментальді түсініктер ретінде танылады. 
3.
 
Əдебиеттік  теория  негізіндегі  лингвокогнитивтік  аспектіде,  ар-ұждан  концептісі - 
ақиқат  дүниенің  санада  жан~жақты  жинақталып  тұжырымдалған  ақпараттары  (денотатты, 
стереотипті,  ассоциативті,  ситуациялардың  қабылдануы)  мен  когнитивтік  семантикасы 
арқылы танылған көрінісі (бейнесі). Ар-намыс концептісі шығармадағы кейіпкер тілі арқылы 
көрініс  табады,  концептіні  танытуда  метафоралық  ерекшеліктер  қызмет  атқарады.  Концепт 
ұғымына  берілген  тұжырымдарды  зерттеу  нəтижесі  концептіні  танытатын  мынадай 
қағидаларды ұсынуға негіз болды: 
-
 
концепт ақиқат дүниенің құндылықтарын танытады; 
-
 
концепт құрылымы санада ар-намыс мазмұнын беруде стереотиптік танымда (мысалы, 
тырысу – сездірмеу, шыдау – көну, тісін қайрау, соңына түсу, кек алу») жəне стереотиптік 
емес танымда (мысалы, Қараш-қараш оқиғасында: «кек алу - өлтіру, ату», Абай жолы роман-
эпопеясында: «намысқа тырысу – шариғат негізі бойынша жазала») таңбаланады. 
-
 
концепт тіл арқылы көрініс табады; 
-
 
концепт тұлғаның біліми деңгейін танытады; 
-
 
белгілі бір ұлттың мəдени деңгейін көрсетеді; 
-
 
əрбір  ұлттың  танымдық  белгілерінің  мазмұнын  айқындайды.  Мысалы:  Əуеов 
шығармаларында  кеңінен  қолданыс  тапқан. «Қаралы  көш», «аттың  құйрық  жалын 
күзеу», «Қамшының сабына бөрік киізу», қазақ халқында танылған «шаңыраққа қара ту 
тігу»  фреймі  өлім  концептісін  объективтендіреді.Ал, «абыройдан  айырылды»  ұғымы 
атақтан  айырылды  деген  ұғымды  ғана  емес,  ар-ұяттан  жұрдай  болды  деген  түсінікке  де 
иегер.  
-
 
тұлғаның өзіндік танымдық стилін айқындайды. 

170 
 
-
 
Ар-намыс концептісі — адам тəжірибесіндегі идеалды түсініктің ең кішкене бірлігі. 
-
 
Ар-ұят концептісі — білімді тарату, сақтау жəне оны өңдеудің негізгі бірлігі. 
-
 
Абырой-атақ  концептісі – белгілі  бір  мəдени  болмыстың  негізгі  ұясы.  Ал, «намыс», 
«ар», «ұят»  концептілері  адамның  психикалық  жағдайларымен  де  тығыз  байланысты. 
Сондықтан жоғарыда атап кеткендегіміздей, бұл көрсетілген концептілер тек, мінез-құлықты 
ерекшелеуге  ғана  қызмет  атқарады.  Ал,  мінез  ерекшелігін  тек,  жеке  адаммен  ғана  шектеп 
қоймаймыз, оны бүкілхалықтық, ұлттық немесе туысқандық тұрғыдан да саралауға болады. 
Əрі  бұл  ерекшеліктер  замана  ағымына  қарай  өзгеріп  отырады.  Мəселен,  жазушы  Əуезов 
ХІХ-ХХ  ғасыр  аралықтарында  өмір  сүрген  адамдардың  ұлттық  мінез  ерекшеліктерін 
««намыс»  концептісі  аясында  қамтыса,  ХХ-ХХІ  ғасыр  жазушылары  өз  заманына  тəн 
адамдардың «намыс» концептісіне сəйкестіктерді көрсеткендіктері де белгілі.  
Қорыта  келгенде  Мұхтар  Əуезов  шығармаларында  «намыс»  концептісі – «намыс, 
намыскерлік,  намысқойлық,  намыссыздық,  намыстылық,  намысшылдық,  ар-ұят,  абырой, 
абройсыздық»,  т.б.  сөздері  арқылы  алмасып  қолданылып  отырады.Сонымен  қабат  қазаи 
тəрбиемен, ұлттық рухпен тығыз байланыста болып келеді.  
 
Пайдаланылған əдебиеттер:  
1. Əуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы,1979.  
2. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (на материалах пройзведений М. 
Ауэзова). – Алматы,1989.  
3. Мырзахметов М. Метафоралы қолданыс ерекшеліктері. – Алматы, 1966.  
4. Ахметов З. Əдебиет теориясы негіздері. – Алматы, 2006.  
5. Жұмалиев Қ. Əдебиет теориясы. – Алматы, 1976. 
 
А.Н. Абдрахманова, 
Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің магистранты 
 
ШƏКƏРІМ ЖƏНЕ ШЫҒЫС ƏДЕБИЕТІ 
 
Шəкəрімнің  шығыс  ақындарына  ден  қоюына  ең  алдымен  Абайдың  əсері  мол  болса 
керек.  Абай  шығыс  ақындарын  шəкірттеріне  жиі  оқытқан.  Шəкəрімнің  өзі  де  араб,  парсы 
тілдеріне өте жүйрік біліп, кітаптарды түпнұсқадан оқыға. Тумасынан өте зерек Шəкəрім тез 
хат  таниды.  Баласының  ерекше  қабілетін  байқаған  анасы  оған  көп  көңіл  бөліп,  араб,  түркі 
тілдерін  үйретеді.  Шəкəрімнің  тұлға  болып  қалыптасуында  Абай  тəрбиесінің  маңызы  өте 
зор.  Немере  інісінің  парасатты,  ойлы  азамат  дəрежесіне  көтерілуін  қалаған  Абай  оның 
орысша үйреніп, өзге елдердің ғылым-білім, мəдениетін меңгеруіне үлкен септігін тигізген. 
Тіпті жолына, сатып алатын кітаптарына қажетті бүкіл қаражатын төлеп, оны Стамбул мен 
Мекке-Мəдинаға,  Мысырдағы  Александрия  кітапханасына  жібермек  болады: «Тарихи 
орындарды  аралап,  керек  кітаптарыңды  алып,  біліміңді  толықтырып  қайтасың», – дейді. 
Бірақ  көп  ұзамай  өзі  қайтыс  болады.  Алайда  Шəкəрім  Абай  ағасының  соңғы  аманатын 
орындап,  өз  бетімен  білім  жолына  ізденеді,  Александрия  кітапханасынан  басқа  жердің 
бəрінде болып, үлкен ғалымдармен пікірлескен, керекті кітаптарын алып, керегіне жаратқан. 
Стамбул мұрағатында 13 күн тарих ақтарған. Бұл Шəкəрім Құдайбердіұлының көкірек көзі 
ашылып,  ғылым-білім  қайнарынан  молынан  сусындаған  кезі  болған.  Ол  осы  сапарында 
ертедегі шығыс ақын-жазушылары мен грек ойшылдарының еңбектерін, батыс философтары 
мен ежелгі түрік ғалымдарының, Америка жазушыларының шығармаларын алады.  
Ахат  Шəкəрімұлы  əкесінің  кітпханасында  батыс,  шығыс  ақындарының  толық 
жинақтары, барлық елдің лұғаттары, газет-журналдары болатындығын атап өткен. Шəкəрім 
бұларды өте ұқыпты ұстаған екен. «Мың бір түннің» толық томдары да болғандығы жайлы 
айтады.  Батыс  пен  шығыстың  ескі  замандағы  ойшылдары,  жазушы-ақындарымен  танысып, 
оқуына, ғылым іздеп, қалаларды аралауына Абайдың əсері мол болған.  

171 
 
Мұхтар  Əуезов  ол  кісіні  «шығыстың  ғұламасы»  деп  білген.  Мұхтардың  Ленинград 
университетінің  шығыс  филологиясы  факультетіне  оқуға  түсуіне  де  Шəкəрімнің  əсері 
болған. Ал Шəкəрім шығыс əдебиетін, парсы, түркі тілдерін жетік білген. Шығыс дəстүрімен 
бес  дастан  жазған.  Шығыстанушы  ретінде  Шəкəрім  Мұхтарға  өте  үлкен  рухани  тірек 
болғаны мəлім.  
Мұхтар Шəкəрімнен шығыс ақындарын көп сұрап отырып, «Сол шығыс ақындарының 
ішінде  ең  күштісі  қайсысы?»6 – деген  сауалына  Шəкəрім  Хафизді  бөліп  атап,  оның 
шығармаларын оқып, талдап береді. Сонымен бірге Сағди, Фирдоуси, Науаи жайларынан да 
хабар беріп, шығармаларымен таныстырған жəне мұндай сұхбаттар жиі болған екен. Шығыс 
қазыналарына  Мұхтардың  қызығушылығын  оятқан  Шəкəрім  екені  хақ.  Ал  Хафизды  қазақ 
даласында  тұңғыш  аударып,  жаңалық  ашқан,  Хафизбен  сырласқан,  мұңдасқан,  ұлы  шайыр 
ақындардың  бірі – осы  Шəкəрім  Құдайбердіұлы.  Хафиздің  тоғыз  өлеңін  аударған  екен. 
Өлеңді  аудару  алдында  Шəкəрімнің  түсіне  Хафиз  кіреді.  Түсінде  амандасып,  сөйлесіп 
жүреді.  Тəңертең  оянған  бойы  Шəкəрім  дұғасын  оқып,  сол  күннен  бастап  Хафиздың 
өлеңдерін аудара бастайды. Оның терең иірімдерге жазған өлеңдерін таңдап алып аударады. 
Аудармасы  да  керемет,  еркін.  Хафиздің  түпнұсқасына  тікелей  барудың  өзі  Шəкəрім  қажы 
үшін ерекше еңбекпен тең. Шығыста Хафизды ана тілінде сөйлеткен Шəкəрім тəжірибесі əлі 
талай уақыт талқыға түсетін тың тақырыптардың бірі. «Шəкəрімнің шығыспен байланысын 
əлі де зерттей алмай келеміз. Шəкəрім – айсберг. Біз оның бір жағын ғана қалқып, тереңінен 
бойлай алмай жүрміз. Айсберг те өзінің басқа қырын, бойын, биіктігін көрсетпейді екен ғой. 
Шəкəрім  əлі  де  зерттеуді  қажет  етеді.  Оны  өзіміз  ғана  танып  қоймай,  кең  дүниеге  де 
танытуымыз  керек», - дейді  ақын  əрі  шығыстанушы  ғалым  Өтеген  Күмісбаев.  Шəкəрімнің 
шығыс  шайырларының  арғы  жағынан  да  білетіні  салмақты  болғанға  ұқсайды.  Ғұламаның 
шығыс дəстүрімен байланысының өзі жеке бір ерекше қыры болмақ.  
 
 

172 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет