Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Аксиологиялық тәсіл инклюзивтік білім берудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде



бет20/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Аксиологиялық тәсіл инклюзивтік білім берудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде

Аксиология (грек, axios құңды, logos ілім) құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Инклюзивті білім берудегі құндылықтық тұғырдың маңызы – инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда әр бір жанға құндылық көзқарас танытып, әсіресе білімді өскелең ұрпақ, ертеңгі жарқын болашағымыздың кепілі ретінде балаларды жоғарғы әлеуметтік құндылығымыз деп, олардың даму жолында мектеп отбасы ынтымақтастығы негізінде қолдау көрсету болып табылады



  1. Антропологиялық тәсіл инклюзивтік білім берудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде

Адам тұтастығы жөніндегі ұғымды кеңейтуге және педагогикалық теорияның өз антропологиялық формасын дамытуына мүмкіндік береді. Педагогиканың ұғымдық аппаратына «өмірдің мәні», «өмірмен байланыстылық», «болмыстың тұрақсыз формалары», «антропологиялық уақыт», «антропологиялық кеңістік», «жан», «рух» антропологиялық ұғымдарының енуі инклюзия педагогикасын кеңейтуге, тұлға субъективтілігіне бағдарланған әлеуметтік орта құрылымының негіздерін анықтауға көмектеседі.



  1. Синергетикалық тәсіл инклюзивтік білім берудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде

Авторлар инклюзивтік білім беруді заманауи инновациялық жүйе ретінде бағалайды, оны модельдеуде заманауи әдіснамалық ұғымдарды, нақты айтқанда синергетикалық тұжырымдаманы қолдану қажет деп есептейді. Синергетика (грек. Sinergos – бірлескен әрекет) – ортақтасып, бірлесіп әрекет ету, ынтымақтасу деген мағынаға ие пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану өмірде өзін-өзі ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі. Синергетикалық тәсіл инклюзивті білім беру мен түзету педагогикалық көмектің мүмкіндіктерін түбегейлі кеңейтеді.. Инклюзивті білім беру синергетика тұрғысынан ашық, өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, мамандар қарама-қарсы көзқарастарды білдіре алады, олар болып жатқан құбылыстар мен процестердің мазмұны мен құрылымында жаңасын табуға мүмкіндік береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет