Мұғалім-дефектолог: — мүмкіндігі шектеулі балаларды топта (сыныпта), мектепке дейінгі мекемеде немесе мектепте мақсатты интеграциялау;
— топтағы балалардың өзара байланыстары мен түзету-педагогикалық процесті ұйымдастыру сұрақтары бойынша тәрбиешілерге, музыка жетекшісіне, дене шынықтыру мұғаліміне, әлеуметтік педагогқа және қосымша білім беру педагогына кеңес беру;
— фронталды, топтық және кіші топтарда жүргізілетін сабақтардың мазмұны мен әдістерін сараптауда көмек беру;
— мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету психологиялық-педагогикалық және медициналық көмекті реттеу;
— баска мамандармен бірігіп сабақтар өткізу (музыка мұғалімімен, дене шынықтыру мұғалімімен және т.б.);
— педагогикалық анықтау жұмысын жүргізу;
— жеке білім алу бағыттарын құрастыру және нақтылауды қамту және т.б.
Мұғалім-логопед: — тәрбиеленушілерді тексереді, олардың тіліндегі кемістіктердің құрылымын және анықтығының денгейін зерттейді:
— тілді түзету мен дамытуға бағытталған топтық және жеке сабақтар жүргізеді;
— пәнаралық топтардың мүшесі болып табылады және жеке бағдарламалар мен топ бағдарламаларын кұрастыруга асыруға қатысады.
Педагог-психолог: — тәрбиеленушілердің психикалық, соматикалық және әлеуметтік қалыптылығын сақтайды;
— психологиялық анықтау жұмысын жүргізеді;
— ата-аналар мен педагогтарға кеңес береді; — әлеуметтік дамудағы бұзылыстарды анықтайды және психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді;
— педагогикалық қызметкерлер, балалар және олардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады; топпен жұмыс жасауға бағытталған бағдарламаларды анықтау;
— жоспарлау, құрастыру және іске асыруга қатысады;
— өз жұмысында арттерапия, ойын терапиясы және т.б. қолданады.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі ұғымы
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – бұл мұғалімнің теориялық білімдер жүйесі мен оларды белгілі педагогикалық жағдайларда қолданудан түратын, педагог құндылықтары мен мәдениетінің интегративті көрсеткіштерін (сөйлеуі, сөйлесу мәнері, өзіне және жұмысына қарым-қатынасы және т.б.) кіріктіретін көпфакторлы құбылыс. Кәсібилікті маманның жетілуінің әр түрлі аспектілерімен сәйкестендіре отырып, Педагог ғалым А.К.Маркова кәсіби құзыреттіліктің төрт түрін көрсетеді: арнайы, әлеуметтік, тұлғалық және жеке.