Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға педагогтың даярлығы мәселелері



бет29/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға педагогтың даярлығы мәселелері

Педагогтың инклюзивті білім беруге кәсіби даярлығы – инклюзивті білім беруді нәтижелі жүзеге асырудың басты шарты болып табылады. Бұл педагогтың инклюзивті білім беруді жүзеге асыруға белсенділікпен бағдарлануын және оны қажетсінуін кіріктіретін динамикалық, интегративті, кәсіби-тұлғалық түзілім. Инклюзивті білім беру педагогының кәсіби даярлығы құрылымы:

  • тұлғалық-мәндік (инклюзивті білім берудің идеологиясын қабылдауға педагогтың рефлексивтік ұстанымы, педагог санасының, еркі мен сезімдерінің балаларға инклюзивті білім беруге мотивациялық бағыттылығы)

  • когнитивтік (балаларға инклюзивті білім беруге қажетті кәсіби-педагогикалық білімдер кешені)

  • технологиялық (балаларға инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың кәсіби-тәжірибелік іскерліктер кешені)




  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру процесіне қосу жолдары

Өзгерудегі жағдайларға адекватты, жаңа педагогикалық технологиялар негізінде инновациялық инклюзивті тәртіп бойынша жұмыс істейтін заманауи жалпыға білім беру мектебіне, әр оқушының білім алудағы ерекше қажеттіліктеріне сәйкес келетін, білім беру ортасы қажет. Әр балаға жынысына, ұлтына және діни ұстанымдарына, денсаулық жағдайына, даму деңгейіне, ата-анасының әлеуметтік-экономикалық статусына және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, білім алу кеңістігіне қосылуға жағдай жасалуы керек. Инклюзияның басты шарты – мектептің балаға бейімделуі, керісінше емес, бұл жағдай қалыпты балалардан тұратын оқушылардың негізгі контингентіне жағымды әсер етеді: балалар білім алуда ерекше қажеттіліктері бар сыныптастарын сыйлау мен бағалауға үйренеді; көмек беру арқылы өмірдің түрлілігін қабылдап, «біз әртүрліміз, бірақ тең құқылымыз» атты толерантты кеңістікте қалыптасады.



  1. Білім беру процесін инклюзивті оқыту жағдайына бейімдеу және модификациялау бағыттары

Инклюзивтік білім беру ортасы – білім беру процесінің барлық субъектілерінің тиімді өзіндік дамуын қамтамасыз ететін білім беру ортасының бір түрі болып табылады. Білім беру кеңістігін әр баланың қажеттіліктеріне бейімдеуді көздейді, соның ішінде білім беру үдерісін реформалау, әдістемелік икемділік және өзгермелілік, жағымды психологиялық ахуал және барлық балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқу бөлмелерін қайта құру мәселелері қарастырылады және бұл бүкіл балалардың қажеттіліктеріне жауап беруін, білім беру процесіне олардың толық қатысуын талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет