Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері



бет31/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері

  • мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігінің кепілі);

  • мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы өзара әрекеттестіктің көрсеткіші);

  • нәтиженің бірден байқалмайтындығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді)

  • көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді); тәрбие барысында олар реттеліп отырады;

  • ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады);

  • үздіксіздігі (отбасынан басталады, үнемі жүреді);

  • кешенділігі (тәрбие мақсаты мен міндеттерінің, мазмұн, форма және әдістерінің бірлігі);

  • екі тараптылығы ( тәрбиелік ықпал жасаушы мұғалім, тәрбиеші; ықпалды қабылдаушы бала, оқушы).

  • тәрбиеші тұлғасы тәрбие барысында ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие процесінің өнімді болуының кепілі мұғалімнің біліктілігі, шеберлігі, кұндылықты бағыт-бағдары, серіктестік қарым-қатынасқа орната алу қабілеті);

  • қарама-қайшылықты болуы (қарама-қайшылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады).




  1. Инклюзивті кеңістікті құрудың педагогикалық шарттары.

Инклюзивті мектепте білім беру ортасын заман талаптарына сай модельдеу мәселесі бүгінгі күнде аса маңызды мәселелердің бірі. В.А.Ясвиннің ойынша, жеке тұлғаның психологиялық мінездемесі (А.Маслоу бойынша), «педагогтар қолынан шығарылатын», «сапалы затты» модельдеу мен жобалаудың нақты нысанасы болуы мүмкін:

  • қоршаған ортаны белсенді қабылдау және онда жақсы бағдарлай алу;

  • өзін және басқа адамдарды ерекшеліктеріне сай қабылдау;

  • өз ой-пікірлерін және сезімдерін ашық білдіріп, іс-әрекеттерінде еркін болу;

  • өзінің ішкі өміріне (сезімдері, уайымдары) ғана емес, «сыртта» болып жатқан жағдайларға назар аудару;

  • көңілді, әзілкеш болу;

  • дамыған шығармашылық қабілеттер;

  • ережелерді қабылдай алу;

  • тек өзімен ғана айналыспау, басқаларды да уайымдау;

  • өмірді түсінуге ұмтылу;

  • қоршаған адамдармен (барлығымен болмаса да) жақсы қарым-қатынаста болу;

  • өмір сүруде жаңа, қызықты жолдар іздеуге ұмтылу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет