Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Типовые Инклюзивті білім беру орындарындағы тәрбие жұмысының мазмұны



бет32/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Типовые



  1. Инклюзивті білім беру орындарындағы тәрбие жұмысының мазмұны

Инклюзивті білім беру орындарындағы тәрбие жұмысының мазмұны оқушылардың тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін жан-жақты дамытуға арнайы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл тәрбие жұмысының адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесі бағыттарын қамтиды.

  • Адамгершілік тәрбиесі – арнайы мектеп өзінің тәрбиеленушілерін қоғамдағы өзіндік өміріне дайындау оның адамгершілікке тәрбиелеу маңызды орын алады. Оқушылардың тәрбиесі имандылыққа үйрету негізінде жүзеге асады.

  • Еңбекке тәрбиелеудің мәні болашақта қажет болатын еңбек әрекетіне қатысты барлық жұмысты қамтамасыз ету, яғни еңбек етудің жалпы және арнайы (кәсіби) білім, икемділік пен дағдыларын қалыптастыру, еңбек ету үшін қажет дене және интеллектуальдық күштерін, әдептілік пен ерік-жігер қасиеттерін дамыту. Сонымен қатар арнайы мектепте еңбек тәрбиесі өзгеше әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу мен оңалту міндеттерін атқарады. Арнайы мектепте еңбек сабақтарына ерекше көніл бөлінетін болғандықган енбек тэрбиесі нэтижелі болады. Еңбек сүйгіштік, еңбекті сыйлау, ұқыпты болу, енбек ету кажеттілігін түсіну сапалары енбек тәрбиесінде қалыптасады. Сонымен катар, еңбек тәрбиесі сабактан тыс уақытында шаруашылық тұрмыстық еңбек әрекетінде және еңбек үйірмелеріде, кәсіби бағдар беру жұмысында да үздіксіз жүреді.

  • Эстетикалық тәрбие оқушылардың бойында қоршаған ортаны, табиғаттың әдемілігі мен әсемдігін толық қабылдауын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әрекеттер жүйесі. Эстетикалық тәрбиенің МШБ үшін орны ерекше. Эстетикалық даму интеллекті жетілдіруге әсер етеді, сезім, қарым-қатынас пен дене салауаттылығын арттыру үшін де жағымды. Сол себепті эстетикалық тәрбие адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесімен тығыз байланыста ұштасып отырады. Эстетикалық тәрбиенің танымдық қызметі мүмкіндіктері шектеулі баланың дамуындағы кемістікті түзету мен орнын толықтыруға, жоғары психикалық процестерді дамытуға жол ашады.

  • Дене тәрбиесі – инклюзивті білім беру орындарындағы сауықтыру жұмысымен бірге маңызды бағыттардың бірі. МШБ дене дамуы мен денсаулығы төмен көрсеткіштерге ие. Мұндай балалардың көбінде қан-тамыр, демалу жүйелерінде аурулар кездеседі, Салмақтары мен бойы қалыпты балаларға қарағанда төмен, тірек-қимыл қозғалысында жетіспеушіліктер байқалады (бұлшық еттерінің әлсіздігі, жүрісіндегі кемістіктер, жеке және жалпы моторикасындағы ақаулар және т.б.). Дене шынықтыру оқу бағдарламалары окушылардың денсаулықтарын дамыту мен кемістіктерін түзету мақсатында түрлі шараларды (гимнастика, спорт ойындары және т.б.) камтиды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет