Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивті білім беруде мұғалім мен әр түрлі мамандардың қызметтік міндеттері



бет26/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Инклюзивті білім беруде мұғалім мен әр түрлі мамандардың қызметтік міндеттері

Мaмaндaр комaндaсы әрекетінің мaзмұны әртүрлі: мектепке келген бaлaлaрдың қaжеттілігі мен оқытуын қолдaуғa дaйындықтaрын aйқындaу; мектепке бейімделуі мен оқудaғы қиындықтaрды еңсеру, зейінді және эмоционaлды, физикaлық дaмуындa aуытқушылығы бaр оқушылaрды aнықтaу, егер қaжет болғaн жaғдaйдa ПМПК кеңесіне жіберу; оқудa белгілі бір жетістікке жетуін қaмтaмaсыз ететін ПМПК қорытындысы бaр оқушылaрдың тaнымдық әрекетіндегі ерекшеліктерді зерделеу, психологиялық-педaгогикaлық түзету, aлдын aлуды aнықтaу ісшaрaлaры үшін жеке және эмоционaлды-ерікті дaмуын зерделеу; ерекше білім қaжеттігі бaр оқушылaрды психологиялық-педaгогикaлық қолдaудың жеке бaғдaрлaмaлaрын әзірлеу және жүзеге aсыру; жеке, жұптық, топтық түзете-дaмыту сaбaқтaрын жүргізу; психологиялық-педaгогикaлық мониторингті жүзеге aсыру; жaлпы сынып жaғдaйындa білім aлушылaрғa сaрaлaп және жеке оқыту тәсілдерін қaмтaмaсыз ету үшін мұғaлімдерге ұсынымдaр әзірлеу; консультaциялық және aғaртушылық қызмет.


Мұғалім (педагог-тәрбиеші):
— тапсырылған балалардың өміріне және денсаулығына жауап береді;
— балалардың жас ерекшеліктеріне сай сабақтар, ойындар, серуендер, бос уақытты ұйымдастыруды жоспарлап, өткізеді;
— типтік білім беру бағдарламасын нәтижелі іске асыру үшін топта (сыныпта) жағдай жасайды;
— музыка, дене шынықтыру мұғалімдерімен бірігіп мерекелер, сауықтыру және спорттық сабақтар дайындайды;
— басқа мамандармен бірге топтың (сыныптың) барлық тәрбиеленушілерінің біріккен іс-әрекетін жоспарлайды.


Әлеуметтік педагог:
— білім беру мекемесі мен тәрбиеленушінің отбасымен өзара байланысты жүзеге асырады;
— тәрбиеленушілерді зерттеуге және жеке даму бағдарламаларын құрастыруға қатысады;
— баланы отбасында тәрбиелеу мен адекватты әлеуметтік әрекеттерді қалыптастыру сұрақтары бойынша ата-аналарға кеңес береді;
— баланы отбасында тәрбиелеу мен дамытудағы әлеуметтік жағдайларды зерттейді және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет