Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Арнайы, немесе әрекеттік кәсіби құзыреттілік



бет28/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

1.Арнайы, немесе әрекеттік кәсіби құзыреттілік әрекетті жоғарғы кәсіби деңгейде меңгеруді сипаттайды. Ол тек арнайы білім ғана емес, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдана алуды білдіреді.
2.Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған қарым-қатынас тәсілдері мен кәсіби өзара әрекеттестікті бірлесе атқару жолдарын меңгеруді білдіреді.
3.Тұлғалық кәсіби құзыреттілік өзін өзі дамыту мен өз ойын білдіру әдістерін, сондай-ақ кәсіби деформацияға қарсыласу құралдарын меңгеруді сипаттайды. Мұнда маманның өз кәсіби іс-әрекетін жоспарлау, өздігінен шешімдер қабылдау, проблеманы көре алу қабілеті де кіреді.
4.Жеке кәсіби құзыреттілік өзін өзі реттеу, кәсіби өсуге дайын болу, тұрақты кәсіби уәждеме тәсілдерін меңгеруді білдіреді.



  1. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс атқаратын педагогтардың кәсіби құзыреттілігінің ерекшеліктері

Инклюзивті білім беру жағдайында педагог өз әрекетінде білім мазмұнын бейімдеу, тұлға аралық қарым-қатынасты дамыту сияқты т.б. қосымша міндеттер мен қызметтерді атқару керек. Атақты неміс педагог-дефектолог П. Шуман айтқандай, баланың психикалық даму деңгейі төмен болған сайын, мұғалімнің білім деңгейі соғұрлым жоғары болуы керек. Берілген пікір инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін ерекше білімнің қажеттілігін айқындайды. Себебі, инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімнің позициясы өзгереді. Мұғалім өзінің автономдығын жоғалтып, арнайы педагогпен, психологпен, логопедпен, әлеуметтік педагогпен және ата-аналармен өзара тығыз әрекеттестікте жұмыс істейді. Бұған даму мүмкіндіктері шектелген балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру бойынша Әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген педагогтарға қойылатын талаптар дәлел:

  • даму мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын сыныпта қызмет ететін бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері әрбір оқушының білім алу қажеттіліктеріне байланысты оқу бағдарламаларын бейімдеу қажет;

  • сыныптағы мұғалім (сынып жетекші) даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнайы қолдауды келесі бағыттарда қамтамасыз етеді: оқу үдерісі аясында жұмысты ұйымдастыруда оқушыларға көмек беру; балалар ұжымын қалыптастыру және дамыту (жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру);




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет