Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивті білім беру кеңістігін құрылымдау принциптері



бет30/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Инклюзивті білім беру кеңістігін құрылымдау принциптері

  • Инклюзивті ортаға ерте жастан енгізу. Бұл абилитация мүмкіндігін (яғни, әлеуметтік өзара әрекеттестікке қабілетті қалыптастыруды) қамтамасыз етеді;

  • Коррекциялық көмек. Даму кемшіліктері бар баланың компенсаторлық мүмкіндіктерін «іске қосу», білім беру-тәрбие процесін құрылымдауда оларды тірек ету;

  • Білім берудің индивидуальды бағыттылығы;

  • Командалық жұмыс тәртібі;

  • Ата-аналардың белсенділігі, олардың баланың дамуы нәтижелері үшін жауапкершіліктілігі;

  • Әлеуметтенудің инклюзия процесі мен нәтижесі ретіндегі басымдылығы. Жұмыстағы басты компонент баланың әлеуметтік біліктерін қалыптастыру болып табылады;

  • Жағымды тұлғааралық қарым-қатынастарды дамыту.



Инклюзивтік білім беру ортасын ұйымдастыру шарттары:

  • Мектепке дейінгі және мектептік білім берудің дидактикалық технологиялар, білім беру бағдарламалары, мекемелердің тәрбие кеңістігі деңгейіндегі сабақтастығы;

  • Білім беру үрдісіне қатысушыларды кешенді және көп деңгейлі қолдау: педагог (ғылыми жетекші, әкімшілік), балаларды оқыту (дефектолог, психолог, ата-аналар) және балаларды әлеуметтендіру (психолог, ата-аналар, еріктілер).




  1. Жеке оқу бағдарламасы және оның құрылымы.

Жеке оқу бағдарламаларын жасау ПМПК ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады: "Жеке оқу жоспары және жеке оқу бағдарламалары бойынша оқыту». Жалпы сынып жағдайында зияты зақымдалған оқушы үшін жеке оқу бағдарламасы жасалады.Оқу жоспарын дараландыру оқушының қатысуы міндетті болмайтын оқу жоспарының пәндерін (мысалы, алгебра немесе шет тілі) айқындаудан тұрады. Қысқартылған/ жеке оқу бағдарламасын сынып мұғалімі арнайы педагогпен бірге педагогикалық диагностика (бағалау) негізінде және пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын ескере отырып, ақыл-ойы кем оқушыларға арналған МЖМБС / үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жасайды. Қысқартылған / Жеке оқу бағдарламасының мәтінінде күтілетін нәтижелер (оқушының дағдылары мен шеберлігі) түрінде тұжырымдалған Типтік оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша оқу мақсаттары және осы оқушы үшін неғұрлым тиімді оқыту әдістері мен тәсілдері көрсетіледі (қосымша-Г). Топтық талқылау барысында оқушының мүмкіндіктерін психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелерінің негізінде оқытудың мақсаты мен әдістері анықталады.Оқу үрдісіне нәтижелі бейімделудің көрсеткіші – оқушылaрдың үлгерімі, жетістіктері. Бaлaны жеке оқу бaғдaрлaмaлaрын қолдaну aрқылы оқыту, оғaн қойылғaн ерекше оқу мaқсaттaрынa жетуге көмек береді. ЕБҚ бaлaғa aрнaлғaн жеке оқу бaғдaрлaмaсының негізгі мaқсaты – мүмкіндігінше «бұзылысты» түзету. Жеке түзете дaмыту және оқу бaғдaрлaмaлaрының мaзмұны бaлaның жaсын емес, оның зерде дaмуының деңгейін, жеке дaму ерекшеліктерін, бaлaның өтемдік мүмкіндіктерін есепке aлa отырып aнықтaлaды. Білім беру үдерісін ұйымдaстыру бaрысындa денсaулыққa қолaйлы педaгогикaлық-түзету тәртібін қaрaстыру қaжет. Дaмуындa мәселелері бaр бaлaлaрдың мүмкіндігінен жоғaры тaлaптaрды қоймaй, бaлaның қaжеттілігін және келешек өмірін есепке aлa отырып оқыту керек, сондaй-aқ қойылaтын тaлaпты дa aсa төмендетпеу қaжет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет