Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивті білім беру орындарындағы сабақтан тыс жұмыстар



бет33/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Инклюзивті білім беру орындарындағы сабақтан тыс жұмыстар

Сыныптан тыс жұмысы бір тұтас педагогикалық үрдістің бір бөлігі. Инклюзивті білім беру ортасындағы сыныптан тыс жұмыстың ерекшелігі, ол сабақ сияқты қатты талаптармен шектелмейді. Сыныптан тыс жұмысты әр түрлі көріністе, еркін қызығушылықпен,, шығармашылық қасиеттер мен ұжым пікіріне сүйену арқылы өткізуге болады. Бұл жұмыста оқушылардың сабақта байқалмаған ерекше қабілеттері оянып, дамиды.
Инклюзивті білім беру ортасындағы сыныптан тыс жұмыс келесі бағыттарда ұйымдастырылады:

  • отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

  • білімділік сапаларын арттыру бағытындағы тәрбиелік жұмыстар;

  • көркем өнерпаздық іс-әрекетке баулу;

  • дене шынықтыру мен сауыктыру жұмыстары;

  • үйірмелер жұмыстары.

Сыныптан тыс жұмысын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың үш түрі кеңінен тараған:

  • жалпы мектептік;

  • топтық;

  • жеке дара.




  1. Тәрбие жұмысында мектеп МШБ отбасының байланысы

Отбасы тәрбиесі көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапынан жасалатын ыкпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды. Отбасының жетекшілік маңызы тәрбиеленіп жатқан баланың тән дене және рухани дамуына әсер етуші ықпапдар мәні мен магынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Мүмкіндіктері шектеулі бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік коршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмір сүру мен қалыптасуы қадамы отбасында өтеді. Отбасы бүл мектеп, ақпарат қайнары, ұжымда, дос-жаранды да, әдеп пен өнер кілті. Сондықтан тұлғаның қалыптасу нәтижелігі ең бастысы отбасына тәуелді. Педагогика тарихында отбасында тәрбиелеу мәселесін Д.Дидро, Я.А. Коменский, П.Ф. Лесгафт, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо, В.А. Сухомлинский, Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинский қарастырған. Барлығы баланың ерте жасынан отбасында адамгершілік құндылықтар мен нормаларды меңгеретіне көңіл бөліп, байқаған.
Мүмкіндіктері шектеулі бала отбасында адамгершілік тәрбие алады, дене салауаттылығын жетілдіреді және эстетикалық талғамын қалыптастырады, ол үшін отбасымен келесі бағыттағы іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделуі қажет:

  • ата-анасының және басқа да отбасы мүшесінің баламен қарым-қатынасын анықтау;

  • отбасы мүшесімен және басқа адамдармен қарым-катынас қалыптастыру процесін қадағалау;

  • баланың танымдық және еңбек әрекетің, тәртібін, өмірлік тұрмысын арнайы ұйымдастыру.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет