Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


МШБ-дың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесіне қойылатын талаптар



бет36/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

МШБ-дың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесіне қойылатын талаптар

  • барлық күтілетін нәтиже туралы анық түсінік болуы;

  • әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану;

  • әдістердің құндылығын ескеру;

  • жеткілікті деректер жинау, оқушы үлгерімін әр қырынан тану;

  • таңдалған әдістердің әр оқушы үшін әділ болуы;

  • жетістіктердің нақты критерийлерін белгілеу;

  • оқушыға кері байланыс мүмкіндігін беру;

  • жұмыстарының басым бағыттарын атап көрсету және түзетілуі;

  • кемшіліктеріне назар аударту;

  • бағалаудың кешенді жүйесімен және есеп берумен қатар жүруі тиіс.




  1. МШБ-дың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері мен тәртібі

Ерекше білім беруде қажеттілігі бар оқушылардың ерекшеліктерінің ескерілуі жан-жақты бағалау өлшемдерін енгізуді талап етеді. Аталған бағалау өлшемдері бағдарламаны игеру процесінде білім алушының аздаған жетістіктерін және алға ілгерілеушілігін ескеруге мүмкіндік береді, түзетедамыту жұмыстарының нәтижесін бағалауға және алдағы жеке дамыту жұмыстарының жоспары мен білім, білік, дағдыды икемді қалыптастыруға ықпал етеді. Біріншіден, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі, арнайы қажетті жағдайлар жасалғанда ғана объективті болады Екіншіден, ерекше қажеттілігі бар баланы инклюзивті білім беру жағдайында оқытудағы критериалды бағалау жүйесінің тағы бір ерекшелігі, мұғалім оқу процесінде қолданылып отырған әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтап, алдағы уақытта жетілдіру үшін білім алушының оқу жетістіктерін зерделеп отырады. Нәтижесінде ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін жалпы білім беру стандартына сәйкес, тиісті критерийлермен бағалау мүмкіндігі артады. Бұл түпкілікті нәтижеге жетуге бағытталған жұмыс болып табылады. Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін критериалды бағалау жүйесі бағалау рәсімінің сол тәртібі мен құрылымын, сонымен қатар, бекітілген бағалау өлшемшарттарын болжайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет