Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде



бет38/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Кездейсоқтық бақылау – әдетте жоспарланбайды, бірақ көп мәлімет береді. Бақылаудың қиындығы кездейсоқ пайда болуында.
Қосылған бақылау – үнемі бақылаушы жағдайларға тікелей қатысады. Зерттеуші бақылаушы ретінде көрінбеуі тиіс, ерекше қажеттіліктері бар бала құпия зерттеледі, мұнда жасырын әлеуметтік құбылыстар анықталады.
Қосылмаған бақылау – шеттен жүргізіледі. Бақылаушы өтіп жатқан жағдайларға қатыспайды. Ол жасырын да, анық та бола алады.



  1. Бақылау МШБ-дың оқу нәтижелерін психологиялық-педагогикалық анықтау әдісі ретінде

Бақылау – дәлелдерді жүйелеу мен жалпы қорытындымен аяқталатын мақсат көзделген және жоспарлы түрде мәліметтер жинақтау әдісі. Бұл психологиялық-педагогикалық анықтаудың ежелгі әдісі. Оның көмегімен бала туралы көлемді мәлімет алуға болады. Бақылау әдісі даму қиындықтары бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері мен дамуын зерттеуде маңызды орын алады. Мүмкіндігі шектеулі баланы бақылау сабақтарда, ойындарда, еркін іс-әрекеттерде, яғни бала үшін үйреншікті жағдайда ұйымдастырылады. Бақылау әдісінің көмегімен бала іс-әрекетінің келесі ерекшеліктерін анықтап, бағалауға болады: стереотиптік әрекеттер, анық эффективті және эмоционалды кері жауаптар, үрейлік көріністері. Бақылау арқылы баланың өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларының қаншалықты дамығанын, тапсырмаларды орындауға дайындығын, көңіл-күйінің ерекшеліктерін, қозғалыстық даму ерекшеліктерін анықтауға болады.
Ашық бақылау – бақыланушыларға олардың зерттелуі туралы жария ету.
Жабық бақылау – бақыланушылар өздерінің зерттеу нысанасы екендігін білмейді. Бақылаудың бұл түрі нәтижелі, өйткені нақты қызығушылықтар мен ерекше қажеттіліктері бар, баланың даму ерекшеліктері, құрдастарымен сыныптағы қарым-қатынас жүйесінің көрсеткіштері жайлы шынайы мәлімет береді.
Жүйеленген бақылау – үнемі белгілі уақыт кезеңдерінде өткізіледі. Әдетте жоғары деңгейде нақтыланған жоспар бойынша жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет