Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде



бет39/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Кездейсоқтық бақылауәдетте жоспарланбайды, бірақ көп мәлімет береді. Бақылаудың қиындығы кездейсоқ пайда болуында.
Қосылған бақылау – үнемі бақылаушы жағдайларға тікелей қатысады. Зерттеуші бақылаушы ретінде көрінбеуі тиіс, ерекше қажеттіліктері бар бала құпия зерттеледі, мұнда жасырын әлеуметтік құбылыстар анықталады.
Қосылмаған бақылау – шеттен жүргізіледі. Бақылаушы өтіп жатқан жағдайларға қатыспайды. Ол жасырын да, анық та бола алады.



  1. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы портфолио әдісі

Оқушылардың жеке жетістіктерін бағалау мақсатымен портфолио бағалау әдісі ретінде қолдануға болады. Портфолио: 1) оқушының білім жинақтауына, баланың щығармашылық, зерттеушілік, жобалық іс-әрекетін дамытуға; 2) өзінің іс-әрекетіне сыни көзқарасын дамытуға, іс-әрекет түрлерін еркін таңдау негізінде өзіндік бағалауын жоғарылатуға; 3) танымдық міндеттерге жетуде өзіндік мүмкіндіктері мен қол жеткізу тәсілдерін ескере отырып, оларды іске асыру жолдарын қарастыруға мүмкіндік беретін жаңа бағыт.
Портфолионың мақсаты – жеке жинақтаушы бағаның рөлін атқару. Инклюзивті мектепте әр баланың даму динамикасын қадағалау үшін портфолио қажет, ол баланың «жақын даму аймағын жобалауға, әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуде көмек беруге және ауытқушылықтарды түзетуге» көмек береді. Баланың портфолиосы арқылы білім алуда МШБ-ға психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау көрсетуде барлық мамандар мен мектеп педагогтарының біріккен жұмысының нәтижелерін қадағалауға болады. Портфолионың сипаттамасы: 1) оқушының бүкіл жұмыстарының жиынтығы, олар тек оқу нәтижелерін, сонымен бірге баланың қол жеткізген жетістіктерін де сипаттайды. 2) оқушының нақты пән немесе біреше пәндер және оқу кезеңдері бойынша оқу жетістіктерінің көрмесі.
Мектептік портфолионың негізгі мазмұны: «Оқушының мүмкіндіктерін көрсету». Портфолио «жұмыс» жасауы үшін:
1) портфолионың құрылымын жасау, оның бөлімдері арасындағы байланыстарды қарастыру;
2) қорытынды құжаттарды ұсыну нұсқаларын қарастыру;
3) портфолионы құрастыру мен оны бағалауда қарым қатынас (өзара байланыстар: оқушылар арасында, мұғалімдер, мүмкін ата-аналар және т.б.) түрлерін анықтау кажет.
Бұл технологияда оқушы танымдық іс-әрекеттің субъекті ретінде қарастырылады, ол оқу іскерлігін менгереді және онын нәтижелерін сын тұрғысынан бағалай алады. Портфолио әдісінің инклюзивті білім беру жағдайындағы басты ұтымдылығы тандау еркіндігінің болуы.
Портфолио әдісі инклюзивті білім берудің көптеген мәселелерін дербестікке көшіруге мүмкіндік береді. Қозғалыс қызметтері аса шектелген кейбір балаларға мұндай портфолио өзіндік қабілеттерін толыққанды іске асыру мүмкіндігін береді (электронды түрде қарапайым компьютерлік бағдарламалардың көмегімен). Түрлері: Жинақтаушы портфолио, Жетістіктер портфолиосы, Портфолио-фото есеп, Портфолио-есеп.
Инклюзивті білім беру жағдайында «портфолио» әдісімен жұмыс жүргізу тәжірибесі арқылы оның келесі ұтымды жақтары анықталуда:
1) мұғалімнің, оқушылардың денсаулықтарынын мүмкіндігі шектеулі екендігіне назарларын аудармай, оку процесінде жеке және дифференциациялау әдістерін қолдану мүмкіндігі;
2) балалардың даралығын және шығармашылық жеке тұлғалық кұзіреттілігін портфолионы жасау процесінде дамыту, мұнда маңыздысы тек нәтиже ғана емес, жалпы даму процесі;
3) оқушы өзіндік танымдық іс әрекетін өзі бағалауға және портфолиосын жасау процесінде оны жетілдіруге сыныптастарымен, ата-аналарымен, мұғаліммен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет