Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


жалпы білім беретін мекемелердегі арнайы сыныптар мен түзету сыныптары



бет42/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

жалпы білім беретін мекемелердегі арнайы сыныптар мен түзету сыныптары – МШБ-ға өз уақытында көмек беруді, қажетті оқыту мен білім беру түрлерін саралау. Оқытудың бұл формасының оң факторы МШ балалардың басқа сыныптардағы құрдастарымен қатар көптеген мектепте өтетін іс-шараларға қатысуға мүмкіндіктердің болуы, сонымен қоса балалардың үйіне жақын орналасқан мектепте оқып, отбасында тәрбиеленуі.

  • үйде оқыту мүгедек балаларды оқыту нұсқасы, онда білім беру мекемесінің оқытушылары балаға кестеге сәйкес тұрғылықты мекен-жай бойынша барып, онымен сабақ өткізеді. Үйде оқыту оқушының мүмкіндіктерін ескере отырып жасалған жалпы немесе көмекші бағдарлама бойынша жүргізілуі мүмкін. Оқу аяқталғаннан кейін балаға өзі оқыған бағдарламасы көрсетілген жалпы үлгідегі мектепті бітіргені туралы аттестат беріледі.

  • қашықтықтан оқыту қашықтықтан оқу ақпарат алмасу құралдарына негізделген мамандандырылған ақпараттық-білім беру ортасының көмегімен жүргізілетін білім беру қызметтерінің кешені болып табылады.




    1. Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері (Халықаралық жəне отандық нормативті-құқықтық актілер).

    Қазақстан Республикасының заңдамалары, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғауды, осыған қатысты барлық құқықтық ережелерінің сақталуын және осы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, олардың жоғары сапалы білім беру қызметтерін алуын, қол жетімді орта құрылуын қарастырады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру халықаралық құқықтық актілерге бейімделген: олардың арасында адам құқықтары мен кез келген себеппен кемсітушілікке жол бермейтін мәселелерге қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет мәселелері бойынша ұйымының (ЮНЕСКО) басшылығымен қол қойылатын декларациялар мен конвенциялар бар. Олардың арасында Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы (БҰҰ, 1948 ж.), Бала құқықтарының декларациясы (БҰҰ, 1959), БҰҰ-ның «Білім беру саласында кемсітушілікпен күрес туралы» Конвенциясы (1960 ж.), БҰҰ-ның «Ақыл-ойы 7 кешеуілдеген тұлғалардың құқықтары туралы» Декларациясы (1971 ж.), ҚРның Үкіметі 1994 жылы ратифицикациялаған БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясы (1989 ж.), Жалпыға бір білім беру туралы дүниежүзілік декларация, Джомтьен, Тайланд (1990 ж.), Дели декларациясы (1993 ж.),БҰҰның мүгедектерге тең құқықтарды қамтамасыз ету бойынша стандартты ережелері (1993 ж.), Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру саласында қағидалар, саясат пен практикалық әрекеттер және ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру бойынша қызметтердің шеңбері туралы Саламан декларациясы (Саламанка, Испания, 1994 ж.), ҚР 20.02.2015 ж. ратифицикациялаған БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясы (2006 ж.) бар.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   107




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет