Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


МШБ-ды жалпы білім беру үдерісіне енгізуге қоғамның көзқарасы



бет48/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

МШБ-ды жалпы білім беру үдерісіне енгізуге қоғамның көзқарасы.

Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі мәселе − бұл қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою. Ақпараттың аздығы, қорқыныш, бала құқын аяқасты ету осының бәрі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс көзқарасты дамытады.Кез келген қоғамның даму деңгейі балалар, қарттар және мүмкіндігі шектеулі (МШ) жандардан тұратын қорғауды қажет ететін адамдар тобына деген қарым-қатынаспен өлшенеді. Бүгінде қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, әртүрлі психика балалық-физикалық аурулары бар, жас ерекшелігі әртүрлі балалардың көбеюіне әкеліп, соқтырып отыр.



  1. Саламанка декларациясы және оның мазмұны

1994 жылдың маусым айында 92 Үкіметтің және 25 халықаралық ұйымдардың қатысуымен Испания елінің Саламанка қаласында болған бүкіләлемдік конференция. Мұнда «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасына негізделген мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді дамытуға бағытталған «Саламанка декларациясы» қабылданды. Испания Үкіметі ЮНЕСКО-мен бірлесіп ұйымдастырған Конференцияға білім берудің жоғары деңгейлі қызметкерлері, әкімшілері, менеджерлері мен мамандары, сонымен қатар БҰҰ мен мамандандырылған мекемелердің, басқа халықаралық үкіметтік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен донорлық агенттіктердің өкілдері жиналды. Конференцияда арнайы қажеттіліктері бар жақтарға арналған білім берудің қағидалары, саясаты мен практикасы туралы Саламанка декларациясы және соның аясында іс-қимыл шеңбері анықталып қабылданды. Бұл құжаттар «Барлығына арналған мектептер» барлығын біріктіретін, айырмашылықтарды ескеретін, оқуды жеңілдететін және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыратын институттарды құру бағытында әрекет ету қажеттілігін мойындай отырып, енгізу принципіне негізделген. Бұл мектептер «Баршаға білім» бадарламасының мақсаттарына жетуге және мектептердің оқыту тиімділігін арттыруға маңызды үлес қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет