Инклюзивті білім беретін мектептерде қызмет ететін педагогтарға қойылатын талаптар.
даму мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын сыныпта қызмет ететін бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері әрбір оқушының білім алу қажеттіліктеріне байланысты оқу бағдарламаларын бейімдеу қажет;
сыныптағы мұғалім (сынып жетекші) даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнайы қолдауды келесі бағыттарда қамтамасыз етеді:
оқу үдерісі аясында жұмысты ұйымдастыруда оқушыларға көмек беру;
балалар ұжымын қалыптастыру және дамыту (жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру);
ҚР инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттары.
Стратегиялық бағыттары:
инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;
ерекше оқытуды кажет ететін адамдарға сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етудің ғылыми-педагогикалық, кадрлық және оку-әдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін әзірлеу;
мектепке дейінгі жастағы балаларға ерте бастан диагностика жасау және түзету педагогикалық қолдау жүйесін дамыту; мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға қажетті жағдай туғызу;
инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
ҚР арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың жоспары шеңберінде орындалған жұмыс түрлері.
Соңғы мәліметтерге қaрaғaндa еліміздің ортa білім беру ұйымдaрындa инклюзивті біліммен бaлaлaрдың 30,5% қaмтылғaн. Оның ішінде aрнaйы жaғдaйлaр жaсaлғaн инклюзивті білім беру кеңістігінде дені сaу құрбылaрымен тең дәрежеде білім aлып жaтқaн мүмкіндігі шектеулі бaлaлaр сaны 25 633 (27%) құрaйды. Қaзaқстaн Республикaсындa инклюзивті білім беру жүйесін дaмыту бойыншa 2015 – 2020 жылдaрғa aрнaлғaн іс-шaрaлaр кешені бекітілген. Осы жоспaр негізінде 2020 жылғa қaрaй жaлпы білім беретін мектептердің 70 пaйызынa инклюзивті білім беру үшін жaғдaйлaр жaсaу; мүгедек бaлaлaрдың 20 пaйызынa «кедергісіз қолжетімдікті» қaмтaмaсыз ету; мүмкіндігі шектеулі бaлaлaрдың тең жaрымын инклюзивті білім берумен қaмту көзделген.