Пайдаланылған әдебиеттер
Қандай әдебиет пайдаландыңыз, газет-журнал, сұхбаттар, естеліктер бәрі осында көрсетілу керек. Әрі әр пайдаланған әдебиетіңіздің бет сандары жұмыс ішіндегі реттік саныңызбен сәйкес келуі міндеттеледі. Сондықтан әрбір әдебиетті пайдаланбас бұрын қайсысын бірінші қайсысын екінші пайдалану керектігін ескеріп алыңыз. Бұл жазған жұмысыңызды екі жұмыс қылмас үшін пайдалы.
Нақты педагогикалық проблема бойынша әңгімелесу өткізуді модельдеу және оны талдау.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды. Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе немесе сабақтың тұсаукесерін ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады. Әңгімелесу әдісі оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Қазақстен Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасында әңгімелесу(диалог) арқылы оқытудың маңызы мен сұрақ қою техникасына қатысты мұғалімдердің ой-пайымы мен ұғым-түсініктерін өрістету ойластырылған. Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады. Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады. Барнс: «Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді. Мұғалімді селсоқ тыңдағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни,сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асады.» -деп көрсетеді. Оқыту барысында әңгімелесудің атқаратын ролінің маңыздылығын көрсететін дәлелдер жеткілікті. Яғни, әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын айтуға үнемі қатыстыру арқылы оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
• басқа оқушылардың түрлі идеяларын тыңдауға үйрену арқылы, оқушылардың өз білімі мен идеяларын бағалай алуы, құрдастарының пікірін құрметтеуге үйрену;
• мұғалім үшін жақсы диагностикалық құрал, әр оқушының білімі мен пайымын байқауға болады;
• құрдастарымен, мұғаліммен қарым-қатынасқа түсуді үйрететін үлкен тәрбиелік күші бар.
• ес пен тілді дамытады, сабаққа қызығушылығы артады және барлық оқушыны сабаққа тартудағы тиімді әдіс;
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
• уақыттың көп кетуі;
• оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Мерсер әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесуді үш түрі болады деп көрсетеді: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Ендеше оқытуда әңгімелесу әдісін қалай қолданып жүрміз? Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты. Мұғалімдер сұрақтың маңызына көңіл бөлмеген жағдайда сыныпта сұрақ қою үлгісі «бастама-жауап-кейінгі әрекет» нысаны бойынша мұғалімнің ықпалымен болатын әңгімелесу жүреді де, оқушылардың білім алуына, оқуға ынталануына, бір-бірімен сұхбат құруына мүмкіндік беріле бермейді. Оқытуда әңгіменің қай түрін қолдансақ та, оқушылардың оқуға ынтасын арттыруы үшін не істеу керектігін ойланады. Оқушының ішкі уәжі «Мен» тұрғысынан маңызды жеке мүддесін ескерген жөн. Оқушы үшін мағыналы деп шешкен нәрселер ғана оның ынтасын арттыра алады. Сол себепті де сындарлы оқытуда әр адам үшін маңызды деген мәселе немесе мәселелер жиынтығы төңірегінде шоғырланады. Мұғалім мақсаты оқушыға сабақтағы әңгіменің оған қажетті (оқушы үшін мағыналы деп есептейтін) нәрселер жайында болатынын сезіндіру болып табылады. Сонымен қатар, мұғалімдер үшін сұрақ қою маңызды дағды болып табылады, себебі дұрыс қойылған сұрақ қана оқытудың тиімді құралына айналып оқушылардың оқуында нәтижеге жеткізеді. Мұғалімдер мектептегі тәжірибе кезеңінде І бетпе-бетте алған негізгі идеяларды енгізіп, ІІ бетпе-бетке келгенде әңгімелесудің түрлерін сыныпта оқушылардың жеке топтарымен өткізугенін, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайтындығын айтады және оқушылардың:
- Оқу материалын түсінуде белсенді болғанын, оқушыларға топ болып жұмыс істеу ұнағанын;
- Бастапқы күндегіден кейін оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынас орнай бастағанын;
- Сабақта көп сөйлемейтін оқушылардың өз пікірін айтуға дағдылана бастағанын;
- Оқушылардың арасында бір-біріне сын айтуға үйренгенін және жауапкершіліктері пайда болып топтық жұмыс кезінде барлық оқушының қатысатынын айтады.
Бірақ та, тәжірибе көрсеткендей әңгімелесу әдісін қолданған алғашқы кездерде артық шу, оқушылардың тапсырманы жай орындауы, бірлесіп талқылау барысында бір-бірімен келіспей қалуы сияқты кедергілер кездеседі. Бұл кедергінің болуы – оқыту үдерісіндегі әңгімелесу әдісінің құндылығын түсінбеу, оны тек оқытуды түрлендіру ретінде қарастырудан болып отыр. Әңгімелесу кезінде кез-келген бала бірден оқыту үдерісіне еніп кете алмайды, мазасыздық болуы заңды. Сонда әңгімелесуді қалай ұйымдастырған жөн? Ең біріншіден, балаларды эмоциональдық қолдау керек. Себебі, кейбір оқушылар жалпы болып жатқан әңгімелесуге өз еркімен бірден кірісіп кете алмайды. Ондай оқушыларға өз мүмкіндігін көрсету үшін шағын жұптағы, үштіктегі жұмыстарда әңгімелесуге қатысуға тарту пайдалы. Әңгімелесуге кезінде мұғалім оқушының білім алуы үшін ынталандырады, оқыту мен тәрбиелеу қатар жүреді және оқушының басқа балалармен іскерлік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын шыңдайды.Жоғарыда айтып кеткендей, оқушы үшін мағыналы деп шешкен нәрселер ғана оның ынтасын арттыра алады. Сондықтан оқу материалын мұғалімнің сүзгіден өткізіп, оқушы үшін ең маңыздысын белгілеп, оқыту үдерісінде әңгімелесудің қай түрін қолданғанда тиімді екенін айқындау қажет. Алайда, сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтыруды мұғалім өзі белгілеп, әңгімелесу түрлерін таңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |