Теориялық зерттеулер. Зерттеу әдістері. Теориялық зерттеулердің әдістері мен мақсаты



Дата18.05.2023
өлшемі23,35 Kb.
#94201
түріАнализ
Байланысты:
3-апта


Теориялық және тәжірибелік зерттеулер

Теориялық зерттеулер. Зерттеу әдістері. Теориялық зерттеулердің әдістері мен мақсаты.
Теориялық зерттеулердің мақсаты зерттеліп жатқан нысан мен синтез процесіндегі білімді байланыстыру және қоршаған ортамен байланыстыру, эмпирикалық зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру және кеңейту, жалпы заңдылықтармен формализацияны көрсету. Математикалық аппаратпен құрылысының байланысы дұрыс болмаса да теориялық зерттеулер теорияның шығуына әкеледі. Теория сапалы түсінік пен сандық өлшеулердің әртүрлі сатыларында дамиды да, математикалық теңдеулер түрінде көрсетіледі. Теориялық зерттеулердің мақсатына: зерттеу нәтижелерін қорытындылау, тәжірибелік мәліметтерді интерпретациялау және өңдеу арқылы жалпы заңдылықтарды табу; тікелей зерттеуге қиын нысанды зерттеу, нысанның тәжірибелік зерттеу сенімділігін арттыру.Теориялық зерттеулер жүргізгенде, анализ бен синтезге негізделген жалпығылыми әдістер бойынша бөлшектеу және біріктіру, зерттеу нысанының (объект, құбылыс) жүйесінде кең қолданылады. Теориялық зерттеуді дедукция мен индукция әдістермен орындау. Дедуктивті – бұл зерттеудің сондай тәсілі, онда қорытындының жекелеген жағдайы жалпыдан шығады.Индуктивті – ол жеке мәліметер мен құбылыстардан жалпы принциптер мен заңдар бойынша зерттеу тәсілі. Бұл әдісті теориялық зерттеулерге кең қолданады. Теориялық зерттеуге индукция мен дедукция қолданады.Ғылыми зерттеу гипотезасын негіздей отырып оның диалектика мен жаратылыстану жалпы заңдарына сәйкестігі орнатылады. Теориялық зерттеуде негізгі ролді анализ бен синтез атқарады. Жалпығылыми талдау және синтез әдістеріне негізделген теориялық зерттеу жүргізу үшін зерттелетін жүйенің элементтері бірігуі мен бөлінуін кең қолданады. Анализ бен синтездің әдістері өзара байланысқан оларды ғылыми зерттеуге бірдей қолданады.
Анализ — бұл құбылыс бірнеше құрамлдас бөліктерге бөлініп кететін ғылыми зерттеу тəсілі. Құбылыстар мен процестерді анализдегенде көп мөлшерде фактілерді қарастыру қажеттілігі туады. Мұнда ең бастысын бөліп қарау керек. Мұнда ранжирлеу тəсілі қолданылуы мүмкін, онда соның көмегімен қарастырылған құбылысқа маңызды əсер ете қоймайтын барлық екінші ретті нəрселер. Бөлшектеу әдісін француз философы және жаратылыстанушы Р. Декарт ұсынды. Ол өзінің «Ми басшылығы үшін ережелер» атты еңбегінде былай дейді: “Сұрақты бөтен ойлардан аластатып жәй көзқараспен қараңдар”. Бөлшектеу процесінде елеулі және елеусіз параметрлер бөлінеді, негізгі элементтер және олардың арасындағы байланыстар. Бірақ нысанды әртүрлі әдіс бойынша бөлшектеуге болады және бұл теориялық зерттеулерге жақсы әсер етеді. Өйткені бөлшектеу әдісі процесінде нысанды зерттеу ыңғайлы және қате бөлшектенсе, процесс керісінше қиындайды.
Нысанды бөлшектеуден кейін элементтер арасындағы өзара байланысты зерттейді және элементтерді модельдеу іске асады. Сөйтіп, элементтер күрделі модель нысанына қосылады. Модельдің құрастырғанда барлық этапында нысанды зерттеулер оңайланады және белгілі қалдықтар кіргізіледі. Қалдықтар саналы және негізделген болады. Теориялық зерттеулерді формалағанда, дұрыс емес қалдықтар күрделі қажеттіліктерге әкеліп соғады.
Синтез — бір бірімен байланысқан элементтердің бірігуі негізінде анализге қарама қарсы тəсіл. Синтез түсініктер, заңдар, теорияларды жинақтауға мүмкіндік береді. Бөлшектеу әдісіне қарама - карсы біріктіру әдісі болады. Нысанды зерттеуде комплексті жақындық, оларды көбінесе жалпы теория системасы немесе “Системология” дейді.
Ж а л п ы т е о р и я с и с т е м а с ы н кейбір биологиялық нысанды және құбылысты зерттеу негізінде алғаш рет Л. Берталанфи ұсынды.
Теория үш постулатқа негізделген.
1-ші постулат: кез-келген табиғат системасын функциялау әртүрлі элемент системасы арасындағы функционалдық байланыстарды қарастыру негізінде жұмыс істейді. Элемент системасынан тұратын, материяның әсерінен системаның формальды түрде сипаттамасы айқындалады.
2-ші постулат: системаны ұйымдастыру қадағалау негізінде болады.
3-ші постулат: системаны ұйымдастыру оны функциялау және сипаттау, қоршаған ортамен байланысты толық анықтайды. Осы постулаттан системаны ұйымдастыруды анықтауда қоршаған ортамен байланысын сипаттауға байланысты. Диалектиканың нысанды оқуда қажетті - системаның жалпы теориясы дамуында бірқатар принциптер қажет: жүйелік (нысанды толық көруі); жүйенің релятивтігі (әрбір көптеген пәнді бір жүйе немесе жүйе емес ретінде қарастыруға болады); жүйенің әмбебаптығы.
Теориялы жасау кезінде жоғарыда айтылған әдістер, ережелер қолданылады. Осындай ережелер қатарына ереже шешімі, күрделі түсініктің жай түсініктен құралуы, күрделі системаның шынайылығын бекіту. Арнайы принциптеріне системалық теорияны қарастыру, теориялардың құралуы жатады. Теориялық зерттеулерде екі əдіс маңызы зор: логикалық жəне тарихи. Логикалықəдіске гипотетикалық жəне асиоматикалық жатады.
Гипотетикалық əдіс өзгеше əрі жаңалық элементтері бар ғылыми ұсыныстар мен гипотезаны талдауға негізделген. Гипотеза процесс пен құбылысты толық əрі жақсы түсіндіруі керек, сонымен бірге экспериментті түрде бекітіліп, диалектика заңдарына сай келуі керек. Зерттеудің бұл əдісі негізгі болады əрі қолданбалы ғылымда біршама кең тараған.
Гипотеза мағынадан, əдістемелік негізден, теориялық болжамнан, теориялық зерттеу стерженінен тұрады. Барлық зерттеудің жетекші идеясы ретінде ол бағыт пен теориялық талдау көлемін анықтайды. Гипотезаны нақты əрі толық ереже ретінде белгілеу қиын. Гипотеза құрылғанына байланысты оның тақырыпты теориялық шгешуіне жақындау дəрежесі, еңбек сиымдылығы мен теориялық талдау ұзақтығы тəуелді болады. Нəтиже жиналған ақпарат толықтығынан, шығармашылық талдау тереңдігінен, талдау нəтижелері бойынша əдістемелік қорытындылапр мақсатты бағытынан, ғылыми жұмысының эрудициясы мен тəжірибесінен зертеу маңызы мен мақсатынан тəуелді.
Гипотезаны қалыптастыру сатысында теориялық бөлімін жекелеген сұрақтарға бөлу керек. Аксиоматикалық əдіс нақты белгілі (аксиомаға) негізделген ол дəлелденбестен қабылданған. Осы əдіс бойынша теория дедуктивті принцип негізінде талданады. Ол теориялық ғылымдарда (математика, математикалық логика) кең таралды. Тарихи əдіс заңдылықтар мен қарама қарсылықты, ішкі əрі сыртқы байланыстарды анықтау мақсатында жұмыстың хронологиялық ретін əрі процестер дамуы мен қалыптасуын, туындауын зерттеуге мүмкіндік береді.
Негізгі әдебиеттер: 1 [130-136, 181-183], 2 [37-40]
Қосымша әдебиеттер: 8 [78-82]
Бақылау сұрақтары:
1. Теориялық зерттеулердің алдындағы міндеттері қандай?
2. Теориялық зерттеулер жүргізілгенде, зерттелетін жүйенің элементтерін бөлшектеу әдісі.
3. Теориялық зерттеулер жүргізілгенде жүйенің элементтерін біріктіру әдісі қандай?
4. Теориялық зерттеулер құрамы.
5. Есептеулер құрамы. Жағдай және талаптар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет