Ынталандыру әдістері: Мадақтау-оқушының жақсы іс-әрекетін ынталандыру әдісі.
Жазалау-оқушының жағымсыз, теріс қылығын тежеу, болдырмау әдісі.
Жарыс-балалардың ұжымдық іс-әрекетін, белсенділігін қалыптастыратын әдіс.
Түсіндіру-тәрбиеленушіге сөзбен әсер ету әдісі.
Әңгіме-сұрақ қою арқылы оқушыны зерттеу әдісі.
Пікірталас-жоғары сынып оқушыларының баға беруін, өз көзқарасын, ойын дәлелдеп айтуға үйрететін әдіс.
Этикалық әңгіме-адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалдығ айқын көрінісі.
Әлеуметтендіру дегеніміз-қарым-қатынас жасай білетін, өмірлік мақсатына жете білетін, адамгершілік қасиеттерді ұстанатын, өзінің қажеттілігі мен қызығушылықтарын қоғам талаптарына сәйкес шектей білетін тұлғаның қалыптасуы.
Қабілеттер-адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті.
Орта- адамды қоршап тұрған және онымен организм мен тұлға ретінде өзара ықпалдастықта болатын жағдайлардың жиыны.
Оқу жоспары-оқу жылы бойынша пәндердің өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.
Қауіпті топ оқушылары-бұл күнделікті педогогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнен жеке қарым-қатынасты, ерік-жігерін, күшін, қажырлы педогогикалық еңбегін қажет ететін оқушы. Сабақ-бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты. Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Құзыреттілік- бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.
Тұлға- (ағылш.Person) — пайымдау, мораль, зерде, мендік сана секілді болмыстық қырларын, сондай-ақ әлеуметтік байланыс пен мәдени нормалға қатысты туыстық, мүлік меншігі, заңдық жауапкершілігі қатарлыларды қамтитын, кісілік қабілеттер мен ерекшеліктерге ие жеке адамды сипаттайды.
Мен-концепциясы- адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі. "Мен" концепциясы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады.