Тәрбие жұмысын жоспарлау



бет5/5
Дата08.10.2023
өлшемі9,76 Mb.
#113447
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
Елдартәрбие

5-9 сыныптарда оның әлеуметтік басқарушылық іс-әрекетіндегі қабілеттерін дамыту, топ басшы рөлі негізінде өзінің саяси ұстанымын және өзгелердің ұстанымын анықтай білуін дамыту болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған «Жігіттік шаққа бір қадам» дөңгелек үстел, «Адам – жұмбақ әлемі» конференция, «Жағдай жасалмаса, жеке тұлға қалыптасады ма?» атты пікірталас ұйымдастыруға болады.

10-11 сыныптарда әлеуметтік бейімділік, белсенділік, тұрақтылық қасиеттерін меңгерген адам ретінде өмір сүру біліктілігін қалыптастыру міндеті қойылады да, «Болашақ тұлға» идеялар аукционы, «Әлеуметтік жобалар» сайысы, «Біз бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» дөңгелек үстел, «Сабырлық – асыл қасиет» ойталқы сынды жұмыс формалары ұйымдастырылуы керек.

Оқушының жас ерекшелігі ескеріле отырып, әр буынға көшкен сайын әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру бағыты бойынша жұмысты ұйымдастыру формасы және өткізілетін тәрбиелік шараның тақырыптары да күрделене түседі.

3 тақырып

  • Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда, оның ең басты, шешуші саласы оқушылардың достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжым құру екендігін ұмытпауы тиіс. Ұжым өмірін қызықты ұйымдастырмайынша, мектептің алдында тұрған міндеттерді орындау мүмкін емес.
  • Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып есептеледі. Кез келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады

Пед.ұжымның ерекшеліктері
Мұғалімдік кәсіп қызметінің көпқырлылығы. Қазіргі мұғалім пән мұғалімі, сынып жетекшісі, үйірме, студия жетекшісі сияқты қызметтерді атқарады.
Оның қызметінің ұжымдық сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі. Егер орта және жоғары сынып мұғалімдерінің іс-әрекетін өзге мұғалімдердің іс-әрекетімен сәйкестендірмесе, оқушылардың білімін бағалау, мектеп жұмысын ұйымдастыруда бірыңғай талап болмаса, онда ол табысқа жеткізбейді.
Белгілі бір педагогикалық еңбектің түрін атқарудан уақыт шегінің болмауы. Бұл жағдай мұғалімнің 115 шамадан тыс жұмыс бастылығына, рухани дүниесін байытып, кәсіптік дамуын арттыруға уақыт таба алмауына себеп болады.
Оның жоғары денгейде өзін-өзі басқара алуы. Ұжымдағы мектеп кеңесі, әдістемелік комиссия, қоғамдық ұйымдар да қатардағы мұғалімдердің сайлану арқылы өкілеттік алуы ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып, дербестік пен белсенділік дамытады.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет