Көшбасшылық қасиеттер - алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізе алады, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білу, т.б. қасиеттер жиынтығы.
Тұлға- индивидтің ерекшеліктерінің тұрақты үйлесуі мен адамның әлеуметтік маңызын сипаттайтын жүйелі қасиет.
Қызығушылық - жаңа білім игеруге құштарлық. Өмірлік тәжірибесін байытуға, жаңа әсер қалдыратын барлық заттарға деген толассыз қызығушылық.
Бастамашылық - өздігінен қоғамдық бастамаға белсенділік танытатын тұлға қабілеті.
Ұлттық тәрбие - ғасырлар бойы халықтың өзі жасаған сана сезімді және жастардың құндылық бағыттарын қалыптастыруға, оған әлеуметтік тәжірибені, алдынғы ұрпақтың жетістіктерін табыс етуге көзқарас, идеялар, дәстүрлер, салттар жүйесі. Ғылыми дәлелденген, дұрыс ұйымдастырылған ұлттық тәрбие халықтың тарихи жолын, оның даму болашағын көрсетеді.
Дағды - қайталау арқылы қалыптастырыған және автомотизмге дейін жеткен жүйе
Зияткерлікдағды - автоматтандырылған тәсілдер, алдында кездескен ақыл-ой тапсырмаларының шешімі.