ТӘрбие жҧмысының жылдық есебі тыңдалды



Pdf көрінісі
Дата05.02.2017
өлшемі1,04 Mb.
#3451

 

ТӘРБИЕ ЖҦМЫСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ  ТЫҢДАЛДЫ 

 

2016 жылдың 16 маусымы күні университет ректоры  С.Ж. Пірәлиевтің 

тӛрағалығымен  ӛткен    Ғылыми  Кеңесте    Тәрбие  ісі  жӛніндегі  проректоры 

Ж.Е. Ішпекбаевтың жылдық есебі тыңдалды. 

   

Проректор  есептік  кезеңде  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру  барысында  



келесі басымдықтарға:  

 -  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясы  негізінде  қазақстандық  патриотизмге 

тәрбиелеу; 

 - діни сауаттылықты арттыру; 

- әлеуметтік-психологиялық жұмыс; 

 -  сыбайлас жемқорлық  және құқық бұзушылықтың алдын алу

 -  салауатты өмір салтын қалыптастыру; 

 -  студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту; 

-   тәрбие жетекшілігі жұмысын жетілдіруге  аса мән берілгендігін атап 

өтті.  

Сонымен  қатар,  тәрбие  үдерісі  университеттің  стратегиялық,  кешенді, 

тәрбие  жұмысының  жылдық,  мерзімді  жоспарларына    сәйкес  жүзеге 

асырылғандын  тілге  тиек  етті.  Жалпы  бойы  жоспарлы  және  жоспардан  тыс 

758 шара ӛткізілді. 

Университеттің  Ғылыми  Кеңесі  мүшелері  академик    А.С.  Бисенова, 

Ж.И.  Намазбаева,  профессор  Б.А.  Әлмұхамбетов,  Б.  Әбдіғазиұлы,                      

Р.Ә.    Шаханова,  К.К.  Жампеисовалар  тәрбие  жұмысын  жоғары  бағалап, 

келешекте тәрбие үдерісін жандандыру бойынша ұсыныстарын білдірді. 

 Тәрбие  жұмысының  есебі  аясында  студенттердің  бос  уақытын  тиімді 

ұйымдастыру,  олардың  шығармашылық  қабілеттерін  арттыру  мақсатында 

университет жанында жұмыс жасайтын студенттік клубтар мен үйірмелердің 

кӛрмесі ұйымдастырылды.  

 

Тәрбие жҧмысы, жастар саясаты және 

 мемлекеттік тілді дамыту басқармасы 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 ЖЫЛДЫҢ «ҤЗДІК ТӘРБИЕ ЖЕТЕКШІЛЕРІ» МАРАПАТТАЛДЫ 

 

Тәрбие жетекшілігі жүйесінің жұмысын жетілдіру, шығармашылықпен 



жұмыс  жасайтын  тәрбие  жетекшілерін  анықтау,  оларды  моральдік  тұрғыда 

ынталандыру  мақсатында  университетімізде  2012  жылдан  бері    «Үздік 

тәрбие жетекшісі» байқауы ұйымдастырылып келеді. 

 

Бҥгінгі кҥнге дейін 133 тәрбие жетекшісі «Ҥздік тәрбие жетекшісі» 



тӛсбелгісімен және материалдық тҧрғыда марапатталды.  

 

Дәстүрлі  байқау  биылғы  оқу  жылы  университет  ректорының 



қолдауымен  29  наурызы  мен        15  сәуірі  күндері  аралығында  ӛткізілді.  Екі 

кезеңде ӛткен байқауда 50-ге жуық тәрбие жетекшісі бақ сынасып, олардың 

ішінен 24 тәрбие жетекшісі «Үздік тәрбие жетекшісі» атағына лайық болды. 

 

Жеңіске жеткен тәрбие жетекшілерін  марапаттау үшін  2016  жылдың 



10  маусымы  күні  салтанатты  шара  ұйымдастырылып,  шара  барысында 

университетіміздің  Тәрбие  ісі  жөніндегі  проректоры    Ж.Е.  Ішпекбаев 



үздіктерді жеңістерімен құттықтап, салтанатты түрде «Үздік тәрбие 

жетекшісі» төсбелгісімен марапаттады. 

 

Марапатталған  тәрбие  жетекшілері  университет  басшылығына  ӛз 



ризашылықтарын білдіре отырып, бұдан әрі де жастара тәрбиесі ісіне аянбай 

еңбек ететіндері жеткізді.  



 

  

 

 

 

 

 

 

Тәрбие жҧмысы, жастар саясаты  

және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы 

 

 

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА  ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ 

2016  жылдың  8  маусымы  күні  университеттегі  Жемқорлыққа  

қарсы  комиссияның  кезекті  отырысы  болып  өтті.  Аталмыш  жиынға 

Жемқорлыққа  қарсы комиссия тӛрағасының орынбасары –  Ж.Е. Ішпекбаев, 

Жемқорлыққа  қарсы комиссия тӛрағасының орынбасары –  А.Ф. Сейтжанов, 

комиссия мүшелері (топ жетекшілері) – Б.Б. Нұрбатыров, С.К. Алшынбеков, 

А.Ү.  Абдықалықов,  Н.М.Тоқмолдаев,  Р.Қ.  Сеитов,  комиссия  хатшысы                

Қ.А. Бекбенбетова қатысты. Жиын барысында Ж.Е. Ішпекбаев университетте 

сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алу  бойынша  атқарылып  жатқан  шаралар 

барысымен  таныстырып,  жазғы  сессия  барысында  сыбайлас  жемқорлықты 

болдырмау  және  оның  алдын  алу  мақсатында  әзірленген  кестеге  сәйкес 

студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында сауалнамалар мен 

әңгіме  жүргізу,  жемқорлық  әрекеттердің  алдын  алу  шараларын  күшейту 

қажеттігіне тоқталып ӛтті.  



Жиын  соңында  жыл  бойы  ауқымды  жұмыс  атқарып,  университет 

қабырғасында  жемқорлық  әрекеттерге  жол  бермей,  нәтижелі  жұмыс  жасап 

келе  жатқан    жемқорлыққа  қарсы  комиссия  беделін  арттыру  мақсатында  

комиссия  тӛрағасы,  тӛраға  орынбасарлары  мен  топ  жетекшілеріне  арнайы 

әзірленген  куәліктер  мен  бейджиктер  табысталды.  Сонымен  қатар, 

белсенділік  танытқан  комиссия  құрамындағы  топ  жетекшілері  Алғыс 

хаттармен марапатталды.   

 

 

 

Тәрбие жҧмысы, жастар саясаты және  

мемлекеттік тілді дамыту басқармасы 

 

 

ҦРПАҚҚА ҦРАН БОЛҒАН – ҦЛЫ ЖЕҢІС 

 

Ұлы  Отан  соғысының  аяқталғанына  биыл  –  71  жыл.  Кешегі  қан 



майданда  небір  кӛзсіз  ерліктер  кӛрсетіп,  ысқырған  оққа  тайсалмастан 

кеудесін тосқан жандарды құрметтеу  – бүгінгі ұрпақтың парызы.  Ұлы Отан 

соғысы дәуіріндегі кӛрнекті оқиға жылдан жылға алыстаған сайын Жеңістің 

әлемдік  тарихи  ұғымы  кӛз  алдымызда  айбынды  болу  үстінде.  Кӛктемде 

шыққан  алғашқы  қызғалдақтармен  бірге  ордендер  мен  медальдар  тағып 

шыққан  майдангерлер  саны  азаюда.  Соғыс  жылдарында  жасаған 

ерліктерімен  ел  жүрегінде  қалған  батырларымызды  ешкімде  ешқашан 

ұмытпайды. 

 

2016  жылдың  6  мамыры  кҥні  университетімізде  Ҧлы  Жеңістің                   

71  жылдығына  арналған  «Ҧрпаққа  ҧран  болған  –  ҧлы  Жеңіс»  атты 

мерекелік  кеш  аталып  ӛтті.  Кеш  барысында  университетімізде  ұстаздық 

еткен  Ұлы  Отан  соғысы,  еңбек  майданы,  тыл  ардагерлеріне  құрмет 



кӛрсетілді.  Сұрапыл  соғыстың  боздақтарын  1  минут  үнсіз  еске  алумен 

басталған  мерекелік  кешті  университет  ректоры  С.Ж.  Пірәлиев  ашып,  отты 

жылдарда  ерлік  кӛрсеткен  рухы  биік  ардагерлерімізге  алғысын  білдіре 

отырып, ақшалай сыйақы табыстады.  

Ұлтымен  ұлысына  қарамай  қан  кешкен  ата-бабамыздың  ерлігін  әспеттеп, 

тағзым  ету  ұрпақ  парызы.  Осы  орайда,  білім  шаңырағында  ардагерлерге 

арнайы  мерекелік  дастархан  жайылып,  концерттік  бағдарлама  ұсынылды. 

Ардагерлер  атынан  академик,  филология  ғылымының  докторы,  профессор 

Серік  Қирабаев  сӛз  алып,  ардагерлерді  Ұлы  Жеңіс  мерекесімен  құттықтап, 

студен  жастарға ақ бастасын берді. 

 

Оққа  ұшқан  қарулас  жолдастарының  аманатын  арқалап,  аман  оралған 



ардагер  аталарымызға  мерекелік  шарада  құрмет  кӛрсетіліп,  рухты  әндер 

айтылды.  Айкүміс Бӛлегеннің орындауында «Ана туралы баллада», Исмаил 

Сағыныш «Шарманка», «Кәусар» тобы  «Журавли», Ұлдана Еркебек «Земля 

моя»  әндерін  орындап,  ардагерлердің  мерейін  үстем  қылды.  Кеш  соңында 

ардагерлермен естелік суретке түсіп, ертеңгі тарих беттеріне  тағы бір парақ 

қосылды.  Университет  қабырғасындағы  Кеңес  Одағының  батыры  Мәлік 

Ғабдуллиннің ескерткіш тақтасының алдына гүл шоқтары қойылып, одан әрі 

28-ші 


гвардиялық-панфиловшылар 

саябағындағы 

«Мәңгілік 

алау» 


ескерткішіне тағзым жасалды. 

 

Қаһармандарымыздың  соғыс  жылдары  ұрыс  даласында,  тылда 



кӛрсеткен  ерліктерін  ешкім  де,  ешқашан  да  ұмытпайды.  Ұлы  Жеңіс  ел 

тарихының  ӛшпес  беті  болып,  ер  есімі  ел  есінде  мәңгі  мәңгі  қалады.  



 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

«АЛМАТЫ КӚКТЕМІ - 2016»  АТТЫ СТУДЕНТТІК КӚКТЕМ 

ФЕСТИВАЛІ 

МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ 

        Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жастар 



ісі  жөніндегі  комитетінің  ұйымдастыруымен  2016  жылдың  20-28  сәуір 

күндері  аралығында  Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы аясында «Алматы көктемі 

- 2016» атты Студенттік көктем фестивалі өтті. Фестиваль мақсаты – 

Студенттердің азаматтық белсенділіктерін арттыру, дарынды орындаушылар 

мен  ұжымдарды  анықтау,  олардың  шығармашылық  әлеуетін  іске  асыруына 

жағдай  жасау;  шығармашыл  студент  жастар  арасында  тәжірибе  алмасу 

мүмкіндігін 

қалыптастыру; 

студенттердің 

бос 


уақытын 

ұтымды 


ұйымдастыру;  студент  жастарды  мәдени,  қоғамдық-саяси  ӛмірге  тарту; 

ӛнерді  дамытуға  жұртшылықтың  және  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 

назарын  аудару;  ел  жандылық  пен  бірлікке  тәрбиелеу.  Биылғы  «Алматы 

кӛктемі  -  2016»  атты  Студенттік  кӛктем  фестивалі  тӛмендегідей 

бағдарламамен ӛтті: 

-   «Қыздарға  әсемдік  жарасады»  атты  AVON  компаниясымен  бірлесе 

сұлулық күні акциясы,  



-  ҚР халқы бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан» атты акциясы, 

-  «Қайырымдылық жолымен..» атты танымдық акция,   

-  «Дені  сау  ұрпақ  –  жарқын  болашақ»  атты  Ректор  кубогына  арналған 

жатақхана аралық мини-футболдан турнир,  



-  Болашақ педагогтарға арналған «Үздік сынып жетекші» байқауы, 

-  «Ең үздік жатақхана», «Ең үздік бӛлме» сайыстары,  

-  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  орай  «EXPO 

2017:  ҚР  инновациялық  экономикасының  даму  тетігі»  атты 

университетішілік пікірсайыс турнирі,  

-  Жастарды  жазғы  маусымда  уакытща  жұмыспен  қамту  мәселесіне 

арналған «Жастық, Жігер, Еңбек» атты кездесу. 



-  «Кӛктем Сұлтаны, Кӛктем Аруы» байқауы. 

           Студенттік  фестиваль  аясында  ӛткен  барлық  байқаулар  мен 

ойындардың  жеңімпаздары  университет  ректорының  Мақтау  қағазымен 

марапатталып,  белсенді  студенттерге  және  ұйымдастырушыларға  алғыс 

хаттар табысталды. 

Жастар ісі жӛніндегі комитет 

   

 

   

 


   

 

 

   

 

 

 

 

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАР АРАСЫНДА 

«ҤЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ» БАЙҚАУЫ ӚТТІ 

 

 

Болашақ  мұғалім  –  ол  ӛзінің  пәнін  біліп  қана  қоймай,  сонымен  қатар 



педагогикалық үдерістегі  әр  қатысушының  орнын  кӛре  біліп,  оқушылардың 

іс-әрекетін  ұйымдастырып,  оның  нәтижелерін  алдын  ала  байқап,  мүмкін 

болатын  жағдайда  артта  қалушылықты  реттеуді  меңгеруі  керек.                                

Оқушылардың  құндылық  бағдарын,  жалпы  мәдениет,  оқу-танымдық, 

ақпараттық, 

әлеуметтік-тұлғалық 

құзырлылықтарын 

қалыптастыруға 

қабілетті  маман  дайындау  педагогикалық  оқу  орындарының  басты  міндеті. 

Осы  орайда,  болашақ  маманның  мектептегі  тәрбие  жұмысын  әдістемелік 

тұрғыда  дұрыс  ұйымдастыра  білуін,  кәсіби  қабілеттерін  қалыптастыру  мен 

дамыту мақсатында  2016  жылдың  25  сәуірі  кҥні  Тәрбие  басқармасы  мен 



Жалпы педагогика кафедрасының бірлесе ҧйымдастыруымен «Алматы 

кӛктемі  -2016»  атты  Студенттік  кӛктем  фестивалі  аясында    «Ҥздік 

сынып  жетекші»  атты  университетішілік  байқау  болып  ӛтті.  Аталмыш 

байқауға  болашақ  сынып  жетекші  ретінде  7  үміткер  бақ  сынасты.  Олар: 

Педагогика  және  психология  институтының    3  курс  студенті  Жумадилова 

Айгул;  Кӛптілді  білім  беру  институтының  2  курс  студенті  Ашықбай 

Раушангүл,  Физика,  математика  және  информатика  институтының  1  курс 


студенті Сәрсенбек Айнұр, Тарих және құқық институтының 4 курс студенті 

Әбдінәсір  Назира,    Жаратылыстану  және  география  институтының  2  курс 

студенті Базарбаева Айгүл, Филология институтының 2 курс студенті Құлбек 

Алтынай,  Ӛнер,  мәдениет  және  спорт  институтының  2  курс  студенті 

Қадырова Лаура. 

Жалпы  педагогика  кафедрасының  білікті  профессорлары  байқауға 

қазылық  етті.  Байқау  «Ӛзін  –  ӛзі  таныстыру»,  «Ұшқыр  ойдан  белсенді 

әрекетке» педагогикалық жағдаяттарды шешу, «Сыныптың тәрбие жұмысын 

мультимедиялық презентациялау» және «Менің тәрбиеге кӛзқарасым» сынды  

5 талаптан тұрды.  Сайыс барысында әрбір қатысушы  теориялық білімдерін 

практикаға  ұштастыра  отырып,  терең  білімдері  мен  шығармашылық 

қабілеттерін кӛрсете білді. 

Байқау  нәтижесінде    Физика,  математика  және  информатика 

институтының  1  курс  студенті  –  Сәрсенбек  Айнұр  «Талапты  сынып 

жетекшісі» номинациясымен,  Педагогика және психология институтының 3 

студенті  –  Жумадилова  Айгүл  «Ұшқыр  ойлы»  номинациясымен,    сӛзге 

шебер,  кӛркем  сӛз  қолданыстарымен  ерекше  кӛзге  түскен    Филология 

институтының  3  курс  студенті  –  Құлбек  Алтынай  «Сӛз  шебері» 

номинациясымен  марапатталып,  ал  ең  жоғары  балл  жинап,  үздік  ӛнер 

кӛрсеткен  Жаратылыстану  және  география институтының 2  курс  студенті  – 

Базарбаева Айгүл «Үздік сынып жетекші»  атағына ие болды.  

 

 «Ҥздік  сынып  жетекшісі»  байқауы  болшақа  педагогтардың    еркін 



сӛйлей  білуге  баулып,  біліктілігі  мен білімділігі  сынайтын  жарыс  болғанын 

сеніммен  айтуға  болады.  Сол  себепті  ұйымдастырылып  отырған  бұндай 

шаралардың болашақ педагог мамандарға берер азығы мол.  

 

 

  


  

  

 

 

 

Тәрбие жҧмысы, жастар саясаты және  

мемлекеттік тілді дамыту басқармасы 

 

 

 

ІЗГІЛІГІ МОЛ МЕРЕЙЛІ ІС 

 

Атадан мал қалғанша тал қалсын. Тегінде ата-бабаларымыз бекер 



айтпаса керек. Осыған орай, 22 сәуір – Халықаралық Жер күніне, Алматы 

қаласының  «1000  жылдығы  –  мың  қайырымдық  іс»  аясында  аталмыш 

күні  университетіміздің  Тәрбие  басқармасы,  Жастар  ісі  жөніндегі 

комитетпен  Жалпы  педагогика  және  психология  кафедрасының 

ұйымдастыруымен  қаламыздың  түрлі  нысандарына  көгалдандыру 

жұмысы  жүргізілді.  Атап  айтатын  болсақ,  білім  ордасының  белсенді 

студенттері  Алматы  қаласы,  №1Қалалық  мамандандырылған  балалар  үйіне, 

Мамыр 7 ықшам ауданында орналасқан Ардагерлер үйіне, 28-ші гвардиялық-

панфиловшылар саябағына тазалық жұмыстарын жүргізіп, түрлі ағаш түптері 

мен  гүл  кӛшеттерін  отырғызды.  Еңбектеген  баладан-еңкейген  қарттардың 

жүрегіне  қуаныш  сезімін  ұялата  білген  студент  жастарымыздың 

қайырымдылыққа  деген  ұмтылысы  әркімге  ӛнеге  болардай-ақ.  Ізгілікке 

жетудің  жолын  мейірімділіктен  іздеген  студент-жастарымызға  Ардагерлер 

үйінің, Балалар үйінің басшылығы шынайы алғыстарын жеткізіп, педагогика 

саласының болашақ мамандарына ақ жол тіледі.Жасыл желекке оранған ару 



қала  Алматыны  қара  шаңырақ  ҚазҰПУ  жастары  қашан  да  гүлдендіріп, 

кӛркейте бермек. 



Жастар ісі жӛніндегі комитет 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҦЛЫСТЫҢ ҦЛЫ КҤНІ ҚАРА ШАҢЫРАҚТА 

 

Жер-жаһанды  сері  самалға  ӛткізіп,  жұрттың  аузын  аққа  жеткізіп,  нұр 

тамшыларын аямай тӛккізіп, Самарқанның кӛк тасын ерітіп, алтынкүрекпен 

жер  жүзін  жібітіп,  тас  жүректерді  мейіріммен  үгітіп,  жеті  қат  жер  астына 

дейін  балқытып,  жыл  құстарының  әнін  шалқытып,  Жетісуға  жасылдан 

кӛйлек кигізіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, Алатаудың тӛбесінен кӛкке 

тигізіп, Қаратауға құт-берекені үйгізізетін дүбірлі думан қара шаңырақ білім 

ордасында  тойланды.



 

2016  жылдың  11-20  сәуірі  аралығында  университет 

ректоры,  академик  С.Ж.  Пірәлиевтің  бекітіліп  берілген  жопарына  сәйкес 

университетіміздің  институттарында  Алматы  қаласының  1000  жылдығы, 

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Ұлыстың ұлы күні   Наурыз мейрамы 

ұлықталды.  Тарихи  тамыры  тереңде  жатқан  жаңару  мен  жанданудың, 

мейірім  мен  ізгіліктің  мейрамы  Наурыз  тойына  арналған  мерекелік  кешке 

университет  басшылығынан  бастап  барлық  профессор-оқытушылар  құрамы 

мен  студенттер  қауымы  белсене  атсалысты.  Алғашқы  күні  Жаратылыстану 

және 

география 



институтында 

мерейлі 


мейрам 

аталып 


ӛтті. 

Университетіміздің  бірінші  проректоры  М.Е.  Ермағанбетов  институттық 

профессор-оқытушы құрамы мен қызметкерлерін құттықтады.  


 

       


 

 

12  сәуір  кҥні  Педагогика  және  психология  институтында  тойланып, 

ұлттық  салт-дәстүрлеріміз  бен  құндылықтарымыз  ұлықталды.  Ұлттық  ойын 

«арқан тартыс» ойналып, ғұрпымыз жаңғыртылды.  

 

         



 

 

13  сәуір  кҥні  Ӛнер,  мәдениет  және  спорт  институтында    «Алматы 



қаласының  1000  жылдығы  қарсаңындағы  әз-наурыз  мерекесі»  атты 

тақырыпта  аталып  ӛтті.  Думанды  мерекеде  ұлттық  салт-дәстүрлерді 

насихаттау мақсатында келесідей іс-шаралар ұйымдастырылды:  

- «Ең үздік  ұлттық киім»номинациясыбойынша конкурс;  

- «Ең үздік  кӛрініс»номинациясыбойынша кафедралар арасында 

қойылымдық жарыс ұйымдастырылды.  



14 

сәуір 

филология 

институтында 

«Наурыз» 

мейрамы 


университетіміздің  «Спартак»  спорт  кешенінің  алаңында  ӛтті.  Кӛктемнің 

шуақты  күні  мейрамды  нұрландыра  түсті.  Атаулы  мереке  филология 

институтының ӛнерлі ұл-қыздарының «Күн мен түннің теңелуі» атты биінен 

бастау  алды.  Бұл  мейрам  «Наурыз-Орда»,  «Наурыз-Дәстүр»,  «Наурыз-



Думан»,  «Наурыз-Сән»  сынды    номинация  бойынша  кафедралардың 

думанды жарысқа түсуімен ерекшеленді.  



 

15 сәуір кҥні  Кӛптілді білім беру институты мен Математика, физика 

және  информатика  институтында  тарихи  тағылымы  зор,  дәуір  беттерін 

парақтайын  Ұлыстың  ұлы  күні  мейрамы  тойланды.  Кӛптілді  білім  беру 

институтының  мерекелік  концерті  екі  бӛлімнен  тұрды.  1-бӛлімі  «Тарих 



тағылымы»  атты  театрландырылған  кӛрініс  арқылы  қазақ  халқының 

ақтабан  шұбырынды  жылдарынан  бастап,  тәуелсіздікке  қалай  жеткенін 

бейнелейтін  қойылымдармен  тарих  беті  тізбектеліп  кӛз  алдыдан  ӛтсе,  2-

бӛлімде  «Нҧр  себеле  әз  Наурыз!»  атты  әсем  әуен  мен  қалқыта  билеген 

студенттердің ӛнеріне арналған үлкен концертке ұласты. 

 

 



 

 

 



 20  сәуір  күні  Тарих  және  құқық  институтында  Алматы  қаласының 

1000  жылдығы  қарсаңындағы  әз-наурыз  мерекесі  аталып  ӛтті.  Думанды 

кеште ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында келесідей іс-шаралар 

ұйымдастырылды.  «Нәрестені  қырқынан  шығару»,  «Тҧсау  кесер»,  «Қыз 



кӛрсету»,  «Қҧда  тҥсу»  сында  қазақ  әдет-ғұрыптары  замана  биігінде 

жаңғыртылды.  

 

 

 



Ал,  21  сәуір  кҥні  Сорбонна-Қазақстан  институтында  Ұлыстың  ұлы 

күні  жоғары  деңгейде  аталып  ӛтті.  Бұл  мейрамға  Қазақстандағы  франция 

елшілігі ӛкілдері қатысып, дәстүрімізге құрмет білдірді. 

                   



 

 

 



Тәрбие жҧмысы, жастар саясаты 

және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет