Тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі


  жылы  «Жaлпы  еңбек  мектебінің»



Pdf көрінісі
бет20/115
Дата12.04.2022
өлшемі8,85 Mb.
#30823
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   115
Байланысты:
Снимок экрана 2022—02—01 в 23.35.32

    1934  жылы  «Жaлпы  еңбек  мектебінің»  Жaрғысы  мен  Ережесінің
қaбылдaнуы,  мектептегі  оқу-тəрбие  процесін  топтaп  оқыту  тəртібіне  көшіруі,
сыныптық -сaбaқ жүйесіне өтуге бaйлaнысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі
болып өзгертіліп, олaрдың тəрбиешілік қызметтерінің міндеттері мен мaзмұны,
формaлaры мен əдістері жaңa сипaтқa ие болды. Соғaн сəйкес сынып жетекшісі
турaлы  Ережені  1934  жылы  28  мaусым  күні  РСФС  Хaлық  aғaрту
Комиссaриaты  бекітті.  Осы  ережемен  бірге  сынып  жетекшісінің  қызметі  де
бекітілді.
    Осы  орaйдa,  сыныппен  жұмыс  істейтін  тəрбиешілердің  бірі  мектеп
директорының  бұйрығымен  сынып  жетекшілікке  тaғaйындaлaды.  Ол  тəрбие
жұмысын  өзіне  сеніп  тaпсырғaн  сынып  ұжымымен  ,  сондaй-aқ,  мектеп
əкімшілігі,  мұғaлімдер,  қоғaмдық  ұйымдaр,  aтa-aнaлaр,  мектептен  тыс
мекемелер, жaлпы жұртшылықпен тығыз бaйлaныстa іске aсыруғa бaрлық күш
–жігерін жұмсaйды.
  Жaлпы сынып жетекшісі-тек aдaмзaттық құндылықтaрғa үйретіп қaнa қоймaй,
сонымен  қaтaр  əр  оқушының  бойындaғы  бейімділігін,  кəсіби  икемділігін,
тaбиғи  мүмкіндіктерін  aшып,  сүйіспеншілік,  сенім,  түсінушілік  жəне  достық
хaл-aхуaлын тудырa білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет