«Тәрбие үрдісіндегі сынып жетекші мен оқушының өзара байланысы». Құрастырған


Сынып жетекшінің оқу – тәрбие процесіндегі басты қызметі



бет5/11
Дата18.04.2023
өлшемі187,56 Kb.
#83974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.4.Сынып жетекшінің оқу – тәрбие процесіндегі басты қызметі
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол –оқушының жан –жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.
Оқушыға тікелей ықпал жасау:
-Оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын, қоршаған ортасын танып білу;
-Тәрбие ықпалын алдын –ала болжау, жобалау;
-Жеке, дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;
-Тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу;
2. Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру:
-Оқушылар ұжымын қалыптастыру;
-Онда жағымды көңіл –күйді қалыптастыру;
-Оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру;
-Оқушылардың өзін өзі басқаруын дамыту;
3. Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр –түрлі субьектілерге көмектесу, бақылау жасау:
-Отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;
-Мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау көрсету;
-Бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;
-Мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен ықпал жасау;


2.Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері.
2.1.Тәрбие процесінің маңызы.

Тәрбие процесінің тиімділігі қандай да бір техникалық жаңалықтарды, қандай да бір ерекше айла-әдістерді енгізу жолымен емес, дұрысында тәрбие процесінде халықтық, адамдық, гуманистік принциптерді күшейту жолымен көтеріледі. Оқытудан айырмасы тәрбиені жақсартуда шешуші роль жаңа ойлап табуларда емес, ал нақты халықтық негіздерді балалар мен ата-аналар, кіші және ересек балалар, балалар мен педагогтар, ата-анадар мен педагогтар және т.б. өзара байланысында мейлінше қайта жаңартуда; адамдар арасындағы қарым-қатынастарда жалпы, балалар арасындағы жекелей алғанда сезгіштік, қайырымдылық, сергектік, ақ пейілділік, ізгілік ақуалын туғызуда.


Байланыстың жақындығы мен қарым-қатынастың тығыздығы тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың шешуші шарттары бола алады. Сезімді тәрбиелеу мәселесі қазіргі педагогика үшін ой-өрісті дамытуға қатысты проблемаларға қарағанда күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Шынайы халықтық негіздерді толығырақ енгізу бұл мәселені шешуде тірек қызметін атқара алады.
Оқушылардың танымдық әрекеті белсенділігін арттыратын және оқытудың тиімділігін жоғарлататын жаңаша әдістер мен тәсілдер неғұрлым мол оқыту неғұрлым технологияландырылған болса, адамдық пен адалдылықтың, қайырымдылық пен мейірімділіктің халықтық дәстүрлеріне соғұрлым көп көңіл бөлу талап етілуі, демек, этникалық, этикалық және психологиялық құбылыстар мен мәліметтерге назар аудару мен соғұрлым көбірек болуы заңдылығы оқыту мен тәрбиелеудің үйлесімді бірлігінің ерекше маңызды методикалық аспектісі болып шығады.
Тұлға қалыптастырудағы алға жылжулар қазіргі бүкіл ғылым және техникалық жетістіктерді оқыту процесінде тәрбиенің маңызды факторы ретінде барынша қолдау және халықтық пайдаланумен байланысты. Адамның әлеметтенуінде тәрбиенің халықтық дәстүрлері Қазақстан тәуелсіз алған қазіргі жағдайында қоғамдық жаңаруы мен демократиялануы ісіне қызмет етіп тиісті орнын алуы қажет.
Оқыту мен тәрбиелеу арасындағы үйлесімді сәйкестік жас ұрпақты қалыптастырып дамытуға жалпы халықтық назар аударумен және педагогикалық дәстүрлердегі бүкіл шынайы халықтықты қайта өркендетумен қамтамасыз етілмек. Қоғамдық рухани мәдениетте тәрбиелеудің таусылмас идеясы мен тәжірибесін сақтаушы халықтың «педагогикалық зердесі» жасампаздық роль ойнауға қабілетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет