Тәрбие сағаты – сыныптар Тақырыбы: «Аулақ бол жаман әдеттен!»



бет2/6
Дата31.10.2022
өлшемі26,48 Kb.
#46543
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ӘРБИЕ САҒАТЫ

1.4. Мұғалім: 
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.
1.5. Назар аударайық!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті басымдығының, төртіншісінде- Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығы туралы атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді. 
Бірінші бағыт-”Темекі шегуді тоқтату”
Екінші бағыт-”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес”
Үшінші бағыт-”Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес”
1.6. Түйіндеме: 
Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі –дені сау ұрпақ. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы. Тіршілікте салауатты өмір салтын ұстану- салауатты өмір кешумен байланысты. Сонымен балалар, денсаулық -адам бақытының бірінші байлығы. 
1.7. Әр топ көшбасшысы зиянды заттардың атын таңдап, топ мүшелерімен тақырыпты қорғау:
1-топ: Темекі
2-топ: Есірткі 
3-топ: Ішімдік
1.9. Назар аударайық!
Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?
2. Темекі құрамындағы заттар»
Темекі түтінінде 400-нан астам химиялық элементтер бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.
Қорытынды:
Темекі шайыры ми мен жүрек тамырларын бұзады, өкпенің көпіршіктерін зақымдайды. Сондықтан да темекіге жол жоқ .
3. Шылым шегу барысында не нәрсе болады?
Шылым шегу барысында оның жартысы жанып кетеді жұтылатын түтіннің құрамында никотин көміртек тотығы синил қышқылының бөліктері және басқада сол сияқты химиялық заттар бар.
Темекінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.(Қортындылау)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет